Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » ТАРАЗ – ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ҚАЛАСЫ

ТАРАЗ – ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ҚАЛАСЫ

08 июнь 2023, Четверг
158
0
Жамбыл жерінде «Тараз – қолөнершілер қаласы» атты ІІ халықаралық көрме өтті.  
Үш күнге созылатын ауқымды іс-шараға Азия-Тынық мұхиты, Орталық Азия, Еуропа, таяу шет елдер мен Қазақстаннан жиналған 250 қолөнерші қатысты. Осыған орай, халықаралық қолөнершілер қауымдастықтары, халық-аралық сарапшылар, туризм саласындағы мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар өкілдері де өңірге арнайы атбасын бұрды.
Көрменің ашылуы «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде өтті. Қолөнер бұйымдары «Көне-Тараз» тарихи-этномәдени кешеніндегі «Галерея», «Көрме залы» ғимараттарында және кешен алаңында арнайы орналастырылған шатырларда, ақшаңқан киіз үйлерде көпшілік назарына ұсынылды. Салтанат-ты шараның ашылуында Азия-Тынық мұхиты аймағы қолөнершілерінің дүниежүзілік кеңесінің вице-президенті Азиз Муртазаев 80-нен астам имидждік және маусымдық топтамалардың авторы, Қазақстандағы нео-фольклор стилінің негізін қалаушы, әлемге белгілі әулиеаталық дизайнер Айдархан Қалиевке шапан жапты.
— Тараз ежелден-ақ Ұлы Жібек жолындағы сауда және қолөнердің бастау алған орталықтарының бірі саналған. 2000 жылдан астам тарихы бар қала түркі мәдениетінің символына, Ұлы Жібек жолындағы ірі сауда орталығына айналды. Біз туризм мен қолөнерді дамыту бойынша ауқымды шаралар өткізуді жоспарлап отырмыз. Осы бағытта жұмыс істеуге ниет білдірген кәсіпкерлерге өз жобаларын жүзеге асыруы үшін жан-жақты қолдау көрсетілетін болады. Бұл жұмыстар туризм үшін қолайлы аймақ ретінде біздің өңірдің өзіндік бейнесін қалыптастыруға толық көмектесетініне күмән жоқ, – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров.
Көрме барысында кәдесый өнім-дерін сату жәрмеңкесі, шеберлік сағаттары, жас суретшілер мен қолөнершілер байқаулары, сондай-ақ, Тараз қаласының тарихи орындары мен көрікті жерлерін аралау бойынша ақпараттық турлар ұйымдастырылады. Өңірдің туристік имиджін ілгерілету, отандық қолөнершілерді халықаралық деңгейде танымал ету, жақын және алыс шетелдерден келген өнер шеберлері арасында тәжірибе алмасуды мақсат тұтқан ауқымды іс-шара үш күнге созылады.
Айта кетейік, былтыр 2000 жылдан астам тарихы бар Тараз шаһары Дүниежүзілік қолөнершілер қаласы атанды. Әлем бойынша қолөнершілер шаһарларының тізімі 2014 жылы жасалған. Тараз – бұл тізімге енген Қазақстандағы алғашқы қала.
Облыста бүгінде 3500-ге жуық тарихи-мәдени ескерткіш бар. Олардың 5-і ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мәдени мұра тізбесіне енген. Ал Тараз қаласының өзінде 80-ге жуық қолөнерші тұрады. Олардың 30 пайызы киіз өнімдерін өндіреді. Бұған дейін Жамбылдық қолөнершілердің бұйымдары АҚШ-тағы көрмелерге қойылған болатын. 

"ҒҰМЫР-ДАРИЯ" – АҚПАРАТ.


Обсудить

Похожие материалы:

Таразым қандай тамаша!
26 октябрь 2021, Вторник
Таразым қандай тамаша!
Нұр тараған Наурыз тойы
19 март 2021, Пятница
Нұр тараған Наурыз тойы
ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕДЕ ҰЛЫҚТАЛҒАНДАР
27 октябрь 2022, Четверг
ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕДЕ ҰЛЫҚТАЛҒАНДАР
Қайырымдылық
29 июль 2020, Среда
Қайырымдылық
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры