Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Мейірімділік – асыл қасиет

Мейірімділік – асыл қасиет

08 апрель 2026, Среда
11
0
Мейірім мен рақым – азаматтықтың, адалдықтың түп негізі.  Мейірім жоқ жерде өмірдің мәні де болмайды. күнделікТІ Өмірдегі адамдар арасындағы оң қарым-қатынас мейріміділік пен ізгіліктің негізінде қалыптасатындығын біз бәріміз жақсы білеміз.  Мейірімділік адамның болмысына о баста дарыса, жақсылық пен жарасымдылық қатар өрбиді. 
Ауа мен су адам баласына қаншалықты қажет болса, қоғам үшін мейірім де соншалықты  маңызды. Сәби дүние есігін ашқан күннен бастап айналасындағы ата-анасынан, бауырларынан мейірім-шапағат күтетіні анық. Әрине, қамқорлықпен, шынайы сүйспеншілікпен өскен бала жаман болмауға тиіс. 
Жалпы, адам табиғатында жаман қасиеттерден гөрі басқаларға жақсылық жасау, қолдау көрсету, демеп жіберу сияқты қайырымдылықтардың көбірек болуы өте-мөте қажет деп ойлаймыз. 
Әр жасөспірім жақсы көру мен мейрімді болуды ең алғаш өзінің отбасынан сезінеді. Сөйтіп, осынау асыл құндылықтарды өзінің бойына да сіңіре бастайды.   Бұл орайда ата-ананың шынайы ықыласы мен іс-әрекеті өте маңызды. Ана құрсағынан бастап мейірім көріп өскен бала  айналасындағыларға да   жақсылық шапағатын шашып өседі. 
Біз отбасы құндылықтары деп көп айтып жатамыз, сол құндылықтардың ең бастысы, меніңше, мейірім мен шапағат болар деп есептеймін. Өйткені бақытты отбасының берік іргесі мейрім мен сүйіспеншілікке негізделген өзара сыйластық пен түсіністікте жатпай ма?! 
Меніңше әрбір адам мына өмірлік қағидаларды ескеріп отырса дұрыс болар еді. Әлсіздерге жұмсақтық көрсетіп, әке-шешеге мейірімін танытса, тұрмысы төмендерге жомарттық көрсетсе одан ешуақытта кем болмайды. 
Ал, мейірімінің бұлағы – асыл ананың пейілінде жатыр.   Біздің ауылда ұзақ жасап, ісімен көпке үлгі өнеге көрсетіп жүрген аналарымыз аз емес. 
Батыр ана, еңбегімен еленіп, өнегелі сөзімен елге танылған, қара шаңырақтың алтын қазығы болып отырған Әнипа Байтиева ана туралы ұзақ айтуға болады. Ол кісі небәрі 16 жасында тұрмысқа шығыпты, мал шаруашылығында жұмыс істеп, бел шешпей жүріп 12 ұл-қыз өсіріп, бүгінде 51 немере, 92 шөберенің қызғын көруде. 2024 жылы облыстық аналар форумына қатысып, сол жерде ол кісіге үлкен құрмет көрсетілді. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің қолынан  Құрмет грамотасын алып, мәртебесі өсті. Елдің алдына шығып сөз сөйлеп, ұрпақ тәрбиесі жөнінде ұлағатты әңгіме  айтты.  
Ауылдағы тағы бір қатардағы әйел-ана  Тазабекова туралы да айта кетуді жөн көріп отырмын. Мейірімді ана, қайырымды жан бір бүйрегін баласына беріп, өзі әжептеуір қиналып қалды. Ауыл жастары болып, ел ағалары болып бұл қайырымды анаға қамқорлық көрсеттік. Сегіз жүз мың теңге ол кісіге қаражат жинап бердік. 
Ал енді әке-шешесі қайтыс болған Ерғали Жүзбаев деген азамат ауруханаға түсіп қатты қиналды. Оған ауыл жастары  үлкен қаржылай көмек көрсетті. Мейрім болған жерде өмірге құштарлық оянады.  Ерғали бала ауылдастарының қамқорлығына көңілі шаттанып, тез сауығып кетті. Сол сияқты ауыл тұрғыны Әтіркүл Тілеубаеваның әке-шешесінен  айырылған 6 немересіне ауыл тұрғындары қол ұшын беріп, қаржылай көмек көрсетті. Сонымен бірге ауыл тұрғындары біткелі тұрған үйді асарлатып жөндеп, тап-тұйнақтай етіп оларға сыйға тартты. Ауыл тұрғыны Бауыржан Сейсенқұловтың шөбі өртеніп кеткенде де ауыл болып, қауым болып, тұрғындар қамқор қолын созды. Шөп қорасы бүтіндей қайтадан жаңартылып, өртенген шөптің орнын толтырып берді.  
Осының бәрін неге айтып отырмын? Меніңше мұндай мейірімділік жағдайлары әр ауылда бар ғой деп ойлаймын. Бізді көркейтетін де, өсіретін де ең басты құндылық – мейірімділік деп ойлаймын. Мейірім бар жерде бәрі болады. Мейіріммен өміріміз көркейеді, жүзіміз жарқын болады. Соңғы тілегім – жылқы жылы мейірімді болайық, берекелі болайық, ырысты болайық! 


Жолдабек Конканбаев,
Тереңөзек ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы 

Т.Рысқұлов ауданы
Обсудить
Блок в статье:
Тектіліктің тамыры 09 апрель 2026, Четверг
Күн туды ескі жұртқа жаңаратын 09 апрель 2026, Четверг

Похожие материалы:

Ата-ана кінәлі ме,  қоғам ба?
24 октябрь 2024, Четверг
Ата-ана кінәлі ме, қоғам ба?
Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің!
27 январь 2025, Понедельник
Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің!
Қазақ бол!
19 март 2020, Четверг
Қазақ бол!
АДАМГЕРШІЛІККЕ БАСТАЙТЫН БЕС САУАП
30 сентябрь 2024, Понедельник
АДАМГЕРШІЛІККЕ БАСТАЙТЫН БЕС САУАП
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры