Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » АДАМГЕРШІЛІККЕ БАСТАЙТЫН БЕС САУАП

АДАМГЕРШІЛІККЕ БАСТАЙТЫН БЕС САУАП

30 сентябрь 2024, Понедельник
454
13
Қоғам - мыңдаған адамдардың тағдырының бір  нүктеге тоғысып, бір-бірінің қажеттіліктерін өтеп, бір-бірімен тығыз байланыс үстіндегі өте күрделі дүние жүйе екені бәрімізге мәлім. Бәрімізге ортақ болған дүниелік өмірімізде тағдырларымыздың тығыз байланысып жатқанының айқын бейнесі сол ізгі амалдарымыз бен қателіктеріміздің өзімізге және өзге қоғам өкілдеріне де өз әсерін тигізгенінен көруге болады.
Ал осы бір қоғамның берекеті мен бірлігін жоғалтпай, көркем қалпынан айнытпай, жақсылыққа жетелеп тұратын бірден бір дүние - адамгершілік. Байырғы бабаларымыз бен даналарымыздан бәсіре болған тәлім мен тағылымға толы жазбалар мен өсиеттерге көз жүгіртсек адамгершілікті әрқашан жоғары бағалап, адамдықтың алғышарты санаған. Дүние деген бес күндік жалғанды мекен еткен талай тағдырлардың куәгері болған тарих тармақтарында аты әйгілі Жүсіп Баласағұн бабамыздың "Құтты білік" еңбегінде: "Адам емес - адамгершілік құнды, адам аз емес адамгершілік аз." - деген.
Ал осы бір адамгершілікке бастайтын қай қасиеттер?! Соларға бір көз жүгіртіп арасынан ең маңызды болған бес қасиетті сөз етсек дейміз.
Алғашқысы - көркем мінез. "Адам күні адаммен" дегендей өміріміздегі ең қымбат әрі қадірлі болған бір нәрсе болса, ол - өзге адамдар. Сондықтан қоғам мен адам қарымқатынасында әрқашан көркем мінезділік пен ең жақсы мәмілені ұстанған адам - адамшершілікке бір табан жақын десек қате айтқан болмаспыз. Ата-анаға деген құрмет, сөздің ең жақсысын, астың ең тәттісін ұсынып, әрқашан көмегінде болу. Үлкенге құрмет, кішіге ізет пен мейірімділік таныту мұның бәрі осы бір көркем мінезділіктің айқын бейнелері. Ардақты Пайғамбарымыздың:

  Мен көркем мінезді кемелдендіру үшін жіберілдім,[1], - деген сөзі көркем мінездің маңыздылығын көрсетеді...

Адамгершілікке жетелейтін екінші бір ізгі амал болса ол - адалдық. Істеген іске, айтқан сөзге, бауырларымыз бен жақындарымыз үшін және ең бастысы -  Жаратушығы деген адалдық. Жақындарымыздың қажетін өтеуде, айтқанын істеуде. Достарымыз бен бауырларымыздың жанынан табылып қиын сәтінде көмегіне жарауымыз. Тіпті істеген жұмысыздың өзінде сапалы әрі көркем етіп жасауда, құлшылығымызда өзгеге бет бұрмай, серік қоспай жалғыз Жаратушы Аллаға жалбарынып тек Алланың өзінен сұрап, тек Аллаға құлшылық жасаудағы адалдық адамгершіліктің ең ғажап бейнесі. Бұл туралы хадисте: 
Тәмим ибн Аус әд-Дари (р.а.) жеткізген хадисте Алла Елшісі ﷺ: «Дін – насихат (шынайылық)» деді. Сонда біз (сахабалар): «Кімге насихат?» деп сұрағанымызда, Пайғамбар ﷺ: «Аллаға, Оның кітабына, Елшісіне, мұсылмандардың басшыларына және жалпы адамдарға (шынайылық таныту)», – дегендігі жайында келеді[2].
Одан соң адамдар арасындағы береке мен бірліктің басты ұйытқысы, адам бойындағы ең ғажап қасиеттердің бірі -  мейірімділік. Жан жағымыздағы жандарға, бауырларымыз бен достарымызға, ата анамыз бен ұрпақтарымызға әрқашан қамқорлық танытып, мейіріммен қарау жақсы адамдықтың үлгісі секілді. Адамзат баласы түгілі жан жануарларға да жанашырлықпен қарап зиян тигізбеу. Мейрімділік танытқан адамның өзі де мейірімге бөленеді, бұл туралы Адамзаттың асыл тәжі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) :  «Бір-бірлеріңді жақсы көрмейінше жәннатқа кіре алмайсыңдар» ,  [3]. «Рақым көрсетпегенге, рақым көрсетілмейді» [4],- деген.
Сабырлылық. Тағдырға иман еткен пенде ретінде Алланың адам затты сынау үшін жаратқанын мойындай отырып сол бір сынақтарға сынбай өтуге қажет болған ең ұлы қасиет ол - сабырлылық. Қиын қыстауда, ауру- сырқауда, уайым- қайғыда Жаратқанның мейірімінен үмітбей әрқашан сабыр танытып керісінше Құдайға жақындай түсіретін қисет ол - сабыр ете білу. Алла Тағала қасиетті Құранда, Зумар сүресінің 10 аятында: «Шын мәнінде сабыр еткендер есепсіз сауап, қарымта алады»,- дейді.
Абай атамыздың "Алланың өзі де рас, сөзі де рас" деген сөзін ұстаным еткен қазақ үшін Алланың бұл сөзі де еш шүбәсіз орындалады. Алла әрқашан сабырлылармен бірге болады.
Біз тоқталатын бесінші қасиет ол- ұлтымызды сүю. Адамгершілік ол тәрбие мен тәлімнің, кішкентайдан көрген білген ізгіліктеріміздің ата-анамыз бен жақындарымыздың, салт- санамыз бен дін мен дәстүріміздің ұсынған жақсылықтарының жинала келгенде адам бойынан бой көрсететін қасиет. Сондықтан да сол бір адамдарды, халықты шын жүрекпен сүю, Алла разылығы үшін сол халыққа адал қызмет ету адамгершілік борышымыз.
Қорыта айтқанда адамгершілікке бастар жолдар көп, дегенмен, осы бес ұғым солардық тоқетері деп білеміз. Олар: көркем мінез, адалдық, мейірімділік, сабырлық және ұлтымызды сүю. Жалпылай Жаратушы мен жаратылғанды сүюге тәрбиелейтін қасиеттерді Абай атамыз:
Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және хақ жол осы деп әділетті.
Осы үш сүю болады имани гүл,
Иманның асылы үш деп сен тахқиқ біл.
Ойлан-дағы үшеуін таратып бақ,
Басты байла жолына малың түгіл, – деп жинағандай.
Пайдаланылған әдебиеттер:
  1.  Сахих Бухари, Әдәб уәл-муфрод, 273
  2. Сахих Муслим
  3. Тирмизи, Сифатул-Қияма, 57 
  4. Сахих Бухари, Әдеп, 18

«Нұр-Мүбарак» мешітінің

бас имамы Орынбасаров Жалғас


ДЕРЕККӨЗІAzan.kzИслам ақпараттық-ағарту порталы 

Обсудить
Блок в статье:
Ұстаз. Қайраткер. Шежіреші 30 сентябрь 2026, Среда
Ұстаз. Қайраткер. Шежіреші 30 сентябрь 2026, Среда

Похожие материалы:

ҚАЛАМГЕР ҚАРЫМЫ
29 сентябрь 2024, Воскресенье
ҚАЛАМГЕР ҚАРЫМЫ
Жазылым – 2020
27 май 2020, Среда
Жазылым – 2020
Добавить комментарий
Комментарии (13)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Dessie
Dessie Гости 26 октября 2026 07:12
References: Online pokies payid no deposit best payid pokies australia
Shayne
Shayne Гости 26 октября 2026 13:39
References: Mobile payid pokies australia dachangningtongchengwang.qsygps.com
Jed
Jed Гости 26 октября 2026 16:34
References: Instant withdrawal payid pokies 5 dollar deposit pokies payid
Harriett
Harriett Гости 26 октября 2026 17:38
Dianne
Dianne Гости 26 октября 2026 19:59
References: Compare BPay pokies sites real money pokies BPay Australia
Houston
Houston Гости 26 октября 2026 23:18
References: Bpay friendly pokies sites https://www.rcfl.com.hk/home.php?mod=space&uid=10383633
Alma
Alma Гости 27 октября 2026 00:55
References: Casinos that accept MiFinity Australia MiFinity casino no deposit bonus Australia
Ashley
Ashley Гости 27 октября 2026 08:17
References: MiFinity casino Australia no wagering http://www.qazaqpen-club.kz/
Percy
Percy Гости 27 октября 2026 08:18
References: Best neosurf online casino australia pandora6666.com
Michelle
Michelle Гости 27 октября 2026 09:47
References: MiFinity casino jackpot Australia gitlab.ujaen.es
Patti
Patti Гости 27 октября 2026 10:08
References: Neosurf maximum deposit casino https://mapleprimes.com/users/rakeskin0
Lucille
Lucille Гости 27 октября 2026 18:47
References: Online casinos wire transfer Australia pad.koeln.ccc.de
Rodolfo
Rodolfo Гости 27 октября 2026 19:53
References: Wire transfer casino mobile Australia best wire transfer casino Australia
Сотрудники
Партнеры