Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » ҚАЛАМГЕР ҚАРЫМЫ

ҚАЛАМГЕР ҚАРЫМЫ

29 сентябрь 2024, Воскресенье
111
0

Адамның табиғаты әсте қызық қой. Тіпті, кейде ол жұмбақ дүние десек те болады. Біреу тындырған ісі аз болса да көпшілікке бірден жарқ етіп көрінгісі келеді, өз атын елге таныту үшін жанталасып, тырмысып әр істеген жұмысын, әлгі «түймені түйедей» дегендей, дардай етіп көрсетуге тырысып, жанын салып, даңғазалыққа беріліп, сол мақсатқа жету үшін терлептепшіп әрекет етеді. Ал, екінші бір топ керісінше, алысқа ағатын терең, суы мол, сағасы кең жазық даладағы өзен сияқты сабырмен тіршілік етіп, атқарған қомақты ісінің өзін көпшілікке «томпайтып» көрсете бермейтін, «мен, мен» деп төсін ұрмай, біреудің алдына шықпай, бірсыдырғы тіршілік ететін жандар. Қазіргі қолына қалам ұстаған жамбылдық журналистер мен жазушылар арасында өндіре жазып жүргендердің бірі – Сәулембай Әбсадықұлы десек қателеспейміз. Әсіресе оның қаламынан шыққан тарих тақырыбына, өлкеміздің жерсу аттарының неден туындағаны, ел есінде қалған ертедегі билер, шешендер, жыршы мен жыраулар жайлы, жұрттың аузында сақталып қалған небір қызықты фольклорлық аңыз әңгімелерді толғана жазған дүниелері көпшілікті тәнті етеді. Оның мезгілмезгіл газет-журналдарда жарияланған танымдық мақалаларын оқып отырып, нағыз өлкетанушы ізденпаз, еңбекқор журналист екенін білуге болады. Газетжурналдарда үздіксіз жарияланып жатқан мақалаларымен қатар бұрындары баспадан жарық көрген «Тарихы тамырлы Талас», «Шапқан аттай, жаққан оттай, дәурен-ай» және де басқа кітаптарымен таныс болатынбыз. Мына қазір журналистика мен әдебиет қауышып кеткен дүрбелеңге толы заманда белді қаламгер С.Әбсадықұлы жайлы пікіріміз әрдайым жөнді еді. Шаршамай, талмай мақалаларын мөлдіретіп жазады да жатады, жазғандары төптеген басылымдарда жарияланып, оқырмандарынан лайықты бағасын алуда. Жазғандарындағы қарапайым әңгімелеу мәнері, нақпанақтылық, жанға жайлы жылылық разы етеді. Орыстың көрнекті жазушысы А.П.Чехов: «Менің негізгі мамандығым дәрігер, яғни ол менің «заңды жұбайым», ал әдебиет менің «нақсүйерім» деген екен. Сәулембай Әбсадықұлының негізгі мамандығы тарихшы екенін, ал журналистика оның «нақсүйері» екенін біліп, таңғалғанымыз рас. Қаламды өзіне серік еткен С.Әбсадықұлы шаршамайталмай көп ізденетін, барынша сараптап, терең зерделеп барып іске кірісетін, қаламының желі бар журналистжазушы екеніне оның дайындаған «Ой түбінде жатқан сөз» қолжазбасымен танысқанда көзіміз жетті. Оның қаламы төселген, ойы терең сақа да тәжірибелі журналист екенін жазған дүниелерінен анық байқалады. Бейнетшілдігі, ізденпаздығы тәнті етіп, әр мақаласының ақиқатшылығы, нақтылығы оқырманның жүрегінен орын табады. Олардың басым көпшілігі қазыналы қарт Қаратау,Талас пен Сарысу өңірінің тарихына, белгілі тұлғаларға арналаған шындығы мол, дәмді шығармалар. Жазғандары тартымды, кімді болса да ойға қалдыратын көркем, нанымды дүниелер. «Батырды «батыр» дейді күшін көрген, Ұстаны «ұста» дейді ісін көрген» дегендей Сәулембай Әбсадықұлы журналистиканың, қаламгерлікің жеңіл жолын таңдамаған ары таза, жаны таза еңбекқор қаламгер. Шындықтың түбіне жетіп, тарихты бұзбай, болған оқиғалар мен фактілерден ауытқымай жазу, оқушыларын жалған дүниелермен шатастырып, адастырмау нағыз табандылық, таза маңдай тер деп ұққанымыз жөн. Ол - еңбекқор, ыждаһатты, ізденпаз қаламгер, журналистиканың нағыз қараторысы екенін танытып, елді тартымды, ойлы, шұрайлы шығармаларымен сүйсіндіріп жүрген азамат. Сәулембай Әбсадықұлы – жазудағы жауапкершіліктің жүгі ауыр екенін терең түсінген жан. Оны, әсіресе, қатар жүрген замандас-қаламдастары жақсы біледі. Ойлап қарасақ, жаныңды қинап жазылған мақала да бір ұшып кеткен құспен тең, кері қайтарып ала алмайсың. Сəкең өмірдегі кез келген мəселеге әрдайым ерекше өлшеммен, асқан жауапкершілікпен қарайтыны сүйсіндіреді. Бала жүрекпен көрген көрініс, естіген сөз қашан да шынайы, шындық болады емес пе? Базбір мақалаларын оқып отырып кейде автор кейіпкерімен қоян-қолтық араласып, онымен қатар отырғандай әсер қалдырады. «Адамды жақсы ой жадыратады, жаман ой қажытады» деген оның өз пікіріндей, жақсы дүниені іске асырсаң, жақсы бір кітап оқып шықсаң көңілің көтеріліп, жүрегің жылып, мейірімің қанып, сезімің қанаттанып қалатыны бар. Сол айтылғандай, қаламгер Сәулембай Әбсадықұлының көпшілікке ұсынып отырған кезекті мына «Ой түбінде жатқан сөз» кітабына енген дүниелер көпті қызықтырады, ойынан шығады деген сенімдемін. Оқырманды елең еткізетін, ой туғызатын, толғандыратын дүниелер мұнда аз емес. Мысалы, автордың елімізге танымал ақын Олжас Сүлейменов, жазушы Шерхан Мұртаза, композиторлар Шәмші Қалдаяқов, Илья Жақанов, мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаев, билік иелері болған Хасан Бектұрғанов, Рахыжан Ерсейтов, елдің ардақты ұлдары Қасым Қайсенов, Асанәлі Әшімов және де басқа өмірі өнегелі тұлғалар жайлы естеліктері, адам бойындағы имандылық, адамгершілік, кісілік секілді ұлы қасиеттер мен ұлттық құндылықтар жайлы жазылған мақалары, көңілге қонымды ой орамдары қызықты оқылады. Танымдыққа толы сол есті мақалалары қазіргі жастардың ой-өрісін кеңейтіп, рухани нәр беріп, өркениеттігімізді арттыра түсуге септігін тигізері анық. Оқырмандар газет-журналдарда жарияланған мақалаларын іздеп, тұшына оқитын шыңдалған, қарымды қаламгер, жүйрік журналист Сәкеңнен, Сәулембай Әбсадықұлынан, әлі де талай қызықты шығармашылық еңбектер күтіп, алдағы кезде де азаматтық биіктерден көрініп, елдің алдында нәсібесіне сай сыйқұрметке ие бөленіп, өмірдің қызығын көріп, алға қойған арман-мақсаттарына жете беруін тілейміз. Сағындық ОРДАБЕКОВ, дәрігер-хирург, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Тараз қаласы
Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ 28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ 20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ 18 ноябрь 2024, Понедельник

Похожие материалы:

БАЙЛЫҚПЕН БАҚЫТТЫ БОЛА АЛМАЙМЫЗ
28 сентябрь 2023, Четверг
БАЙЛЫҚПЕН БАҚЫТТЫ БОЛА АЛМАЙМЫЗ
АУЫЛДА МҰРАЖАЙ БОЛСА ДЕЙМІЗ
13 ноябрь 2023, Понедельник
АУЫЛДА МҰРАЖАЙ БОЛСА ДЕЙМІЗ
Құрмет – қарияларға
07 август 2024, Среда
Құрмет – қарияларға
Тарих толқынында
19 март 2021, Пятница
Тарих толқынында
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры