Ата-ана кінәлі ме, қоғам ба?
Бүгінгі қоғамда жауапкершіліктен қашатын ата-аналар, тәртіпке көнбейтін жасөспірімдер, қатыгездікке жол беретін жастар көбейіп барады. Мұның бәрі отбасы құндылығына, бала тәрбиесіне, жалпы алғанда, жастардың болашағына кері әсер етуде.
Қазақ халқы қашан да бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. «Тәрбие - тал бесіктен» деген сөз осыдан қалса керек. Жалпы, бала тәрбиесі аса жауапкершілікті қажет ететін дүние. Жастарға түзу жол көрсету - ата-ананың міндеті. Дегенмен бала естігеннен гөрі көргенін қабылдайды. Сол себепті отбасында ата ана тілге тиек қойып, артық сөз сөйлеп, балағаттауды тоқтату керек.
Біз Шөлдалада тұрамыз. Жаз бойы сыртта таң атқанша жүретін жасөспірімдер дауыстарынан ұйықтай алмаймыз. Былапыт сөздер айтылады, ұлы бар қызы бар, боқтағанда ата-анадан түк қалдырмайды.
Бала тәрбиесі - бұл бүтін бір халықтың болашағы. Сондықтан жас ұрпақтың тәрбиесіне, болашағына атүсті қарауға болмайды. Қандай ата-ана болмасын баласының жаман болғанын қаламайды. Шама-шарқы жеткенше жақсы тәрбие беруге тырысады. Қазір балаларға қатты сөйлеуге болмайды, психикасы бұзылады деп жатады. Балаға жәбір көрсетіп тәрбиелеу - бізге жат дүние. Дегенмен артық кеткен жерінде «тәйт» демесең тағы болмайды. Өкінішке қарай, балалардың біразы осы отбасындағы «тәйтті» көріп, сезінбей өскендер. Себебі олар отбасында тәрбие алмаған. Жалпы, қазір балалардың үйден қашуы, қатыгездікке баруы, ата-анаға қарсы шығуы - осының барлығы әке мен ананың мейірімін сезінбеуден, толыққанды тәрбие берілмеуден болады. Көп отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылық, ішімдікке салыну, ажырасу, басқа да жағдайлардың салдарынан балалар зиян шегуде. Ата-аналарда жауапкершіліктің болмауынан, балаларына мейірім мен жылулық бермеуінен жастар көшеде тәрбиеленуде. Осыдан келіп қазір қоғамда қылмыс жасайтын, жаман жолға түсіп кетіп жатқан жастарымыз бар. Қорыта айтсақ, жасөспірімдер арасында қылмысты болдырмау және оның алдын алу үшін ата-ана мен қоғам бірлесе жұмыс істеуі керек. Баланың тәртібіне, алдымен, ата-анасы, одан кейін білім алатын оқу орны жауап беруге тиіс. Сондай-ақ жас жеткіншектердің тәрбиесіне қоршаған ортасы да әсер етері хақ. Сол үшін бала тәрбиесіне, кәмелетке толмағандардың болашағына бүгіннен алаңдаушылық танытпасақ, оларға «тәйт» демесек болмайды.
Қайыркүл Бүкірбаева, еңбек ардагері. Шөлдала ауылы

Обсудить
Блок в статье:
Азаттық пен еңсесі биік елдіктің айшықты мерекесі
01 ноябрь 2024, Пятница
Адамгершілігі бар адам –арлы адам
25 октябрь 2024, Пятница
ІСТІҢ АДАМЫ
25 октябрь 2024, Пятница
Похожие материалы:
Комментарии (0)