Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » ЕРТЕҢ КЕШ БОЛМАСЫН...

ЕРТЕҢ КЕШ БОЛМАСЫН...

13 июнь 2024, Четверг
158
2
«Бала – адамның бауыр еті», «Бала – біздің болашағымыз», «Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік» дегенді дана қазағымыз тектен-текке айтпаған. Иә, бала тәрбиесі бұрынғы қай кездегіден болмасын бүгінгі таңда өзекті болып тұр. Жұмыстың ең үлкені, маңыздысы біздіңше бала тәрбиесіне тіреледі. Бүлдіршін ұл-қыздарымыздың жақсы болмағы, әрине отбасындағы тәрбиеге байланысты. Әжесі мен атасы, әкесі мен анасы ұлағатты тәрбие беріп, жақсы жол көрсетсе бала жаман болмайды. Берекелі отбасынан безбүйрек бала өспейді. Ұяда нені көрсе ұшқанда соны іледі. Әрине, одан кейінгі кезек мектепке тиесілі. Тәжірибелі кісі ретінде айтайын, мектеп тек білім берумен шектелмеуі керек. Білім жақсы, ұлағатты тәрбиемен ұштасқанда ғана жемісті болады. Осы тарапта ұстаздарға да өкпеміз жоқ емес. Мемлекет тарапынан мұғалімдерге тиісті қамқорлық жасалып жатыр, жалақылары жыл сайын өсуде. Өкінішке орай білімнің сапасы да, тәрбие жұмысының ауқымы да көтеріліп жатыр деп айта алмаймыз. Тағы бір ескеретін жағдай – тәрбие жұмысын ұлттық құндылықтармен, халықтық салт-дәстүрлермен ұштастырғанда жемісін беретіндігін ұмыт-пауымыз керек. Айтпауға болмайды, ұстаздарымыз өз-дерінің пәндерін қалай меңгеріп жатыр, оған мен баға бере алмаймын. Ал енді мұғалімдер-дің кітап оқымайтындығы, күнделікті газет-журналдарға жүгінбейтіндігі шындық. Егер ұстаздардың өздері жан-жақты білімді, көп нәрседен хабары бар, шешендік өнерді меңгерген жандар болса сөз басқа. Меніңше тәрбие саласындағы біздің жібе-ріп алған олқылықтарымыздың түп-тамыры осында жатыр деп ойлаймын.
Содан барып, қазір қала мектептерінде болсын, дала мектептерінде болсын  балалар мектеп қабырғасында жүріп түрлі бұзақылық қылықтарымен, жағымсыз әрекеттерімен елді шулатуда. Үлкендері кішілеріне әлімжеттік жасайды, ақша талап етеді. Осындайда ойға қаласың. Шынымен-ақ ел аман, жұрт тынышта бала тәрбиесіне күйкі тірлікпен жүріп көңіл бөлмей кеткеніміз бе? Шынынан да бір мезгіл өз балаңызға назар аударып, жүріс-тұрысына, мінез-құлқына, сөйлеу мәнеріне көз жіберіп көріңізші. Сенбесеңіз автобус ішінде, автобекетте, тағы басқа көпшілік қоғамдық орындарында өзара әңгімелескен жастардың сөздерін байқаңызшы.
Сондай-ақ жастардың кейбір көлеңкелі жақтары жаныңды ауыртып, түрлі ойға қалдырады. «Қиын балалар», «Тастанды балалар», «Мейірімсіз бала», «Көкек аналар, әкелер» қайдан шығып жатыр? Қазіргі кезде анау жетпейді, мынау жетпейді дегенмен де тамаша, бейбіт елде, аста-төк молшылықта өмір сүріп жатқан жоқпыз ба?
Күнделікті газеттерден, телеарналардан оқып, көріп отырмыз. Не бір қолайсыз жағдайларға күнделікті куә болудамыз. Тілімізге, мәдениетімізге жөнсіз соқты-ғысып жатқан адамдар да кездеседі. Осындай келең-сіздіктердің түп-тамыры айналып келгенде тәрбиеден. Қандай жағ-дайда болмасын ата-ана, ұстаз, әрбір азамат қай жерде болмасын тәрбиені басты назарда ұстаса екен дейміз. Бүгінгі таңда бала тәрбиесі – күрделі де қиын мәселе. Тәрбие – біздің жүрегімізде. Ең алдымен жеке адамға да, қоғамға да пайдалы әдеттердің ұрығын себуіміз керек. 
«Тоқсан ауыз сөздің, тобықтай түйіні» – ата-аналар, мұғалімдермен тығыз байланыста болып, бала тәрбиесіне болса назар аударуы керек. «Біздің балалар – біздің қарттығымыз, жаман тәрбие – болашақтағы қайғымыз, бұл біздің көз жасымыз, күнәміз» деп орыстың ұлы ұстазы А.С.Макаренко айтпақшы ертеңгі күні өкініште қалмайық, болашағымызды осы бастан қамдайық.
Пана РАХЫМАНБЕРДІҰЛЫ,
Қазақстан Республикасы 
білім беру ісінің үздігі
 Талас ауданы
ҰЛТТЫҢ ҰЙЫТҚЫСЫ, САЛТ-ДӘСТҮРДІҢ ЖАРШЫСЫ!
 Ғасырдан ғасырға жалғасын тауып келе жатқан ақ жаулықты аналарға деген құрмет, ешқашан өз құнын жойған емес, соның бір дәлелі – Талас өңірінде өткен жоғары деңгейде ұйымдастырылған «Анаға тағзым» іс-шарасы.
Басқоудың мақсаты – қаймағы бұзылмаған қазақ халқының ұлттық құн-дылықтарын, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін насихаттап, дәріптеу, жаңғырту және ұлт келешегі өскелең ұрпаққа рухани тәрбие беруді жандандыру. Ұлттық құндылықтарымызды қайта жаңғыртып, қоғам ішіндегі тәртіп пен тәрбиеге ұйытқы болу, отбасы беріктігі мен ынтымағын сақтау әрбір әйел-ананың қасиетті міндеті екендігі шындық. 
Осынау іс-шарада ұлттың ұйытқысы, салт-дәстүріміздің жаршысы, қазақи ұлттық құндылықтарымызды сақтаушысы және кейінгі жас ұрпаққа дәріптеушісі әже-аналарымыздың бастарына ақ кимешек киіп, келіндеріміздің ақ орамал салып жарқ етіп көрінулерінің өзі жиналған жұртшылыққа әдемі әсер сыйлады. 
 Жиынды аудан әкімінің орынбасары Айтолқын Абдибекова ашты. Ол еліміздің болашағы, ұрпақ тәрбиесі – отбасында қалыптасатындығын, ал отбасы бақытты болса, еліміздің келешегі де жарқын болатындығын тілге тиек етті. Отанға, отбасына адалдық – парасаттылық пен адамгершіліктің белгісі, ал бұл егіз ұғымды бір-біріне байланыстыруда біздің абзал аналарымыздың ерен еңбегі мен тәрбиесі қажет екендігіне тоқтала келе аудан әкімінің орынбасары:
– Ұлттық құндылықтарымыздың сақталуына, жас ұрпақтың тәлім-тәрбие алуына, еліміздің ынтымақ пен бірлікте өмір сүруіне Сіздердің қосқан үлестеріңіз ұшан теңіз, сондықтан да Сіздерге қанша құрмет жасасақта көптік етпейді. Ауданымыздың әрбір игілікті істерінің ұйытқысы болып отырған аналар кеңесінің белсенді жұмыстарын айтпай кетуге болмайды және белсенді аналарымызға тек алғысымызды арнаймыз, – деді.
Іс-шараға ауданымыздың билер кеңесінің төрағасы С.Әбсадықұлы, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Қ.Нұрпейісов  және аналар кеңесінің  мүшелері және ауданымыздың ақ жаулықты аналары мен ақ кимешек киген әжелері қатысып отырды. 
Құттықтау сөз сөйлеген билер кеңесінің төрағасы С. Әбсадықұлы: 
– Жалпы Әулиеата – өңірі ұлттық салт-дәстүрімізді ұлықтаған қазақы киелі мекен. Қазақ қоғамында ананың алар орны ерекше, себебі ана-отбасының ұйытқысы, ақ жаулықты әжелеріміз бүгінгі таңдағы қоғамдағы таптырмас тәрбие мектебі, – деді.
Аналар кеңесінің төрайымы Д.Молдабаева: 
– Әжелердің өнегелі өмірі – ұрпаққа үлгі. Балаларды өмірге үйрету, мектептегі, әрбір оқу орнындағы қыз балаларды қазақтың салт-дәстүріне баулу, туған жерін, елін, шаңырағын ардақтайтын тәрбиелі қыз, төзімді ана, ақыл-парасаты бойына дарыған инабатты келін тәрбиелеу – біздің негізгі мақсатымыз. Сондықтанда бүгінгі күні ұмыт болып бара жатқан «ұят болады»,  «сауап болады»,  «айналайын»  сөздерін жаңғырта отырып, жаңа ұрпақты, жаңа буынды ұлттық құндылыққа сай тәрбиелеуде үлестеріңізді қоса беретіндеріңізге біз сенеміз, – деді.
«Қазақы тәрбиенің бастау бұлағы-әже» десек, ұрпақ тәрбиесі жолында ақ жаулықты аналарымыз бен ақ кимешек киген әжелеріміздің қоғамымыздағы орны туралы жиынға қатысушылар жеріне жеткізе айтты. 
Ұлттық құндылықтарымыздың сақ-талуына, жастарымыздың тәлім-тәрбие алуына, ел халқының бірлік пен ынтымақта, парасат пен иманды болуына, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан қазақи асыл салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды сақтауға ақжаулықты аналарымыз бұдан былайда өздерінің қоғамдық қызметін арнай беруге осы жиында бір ауыздан бәтуаласты.
 Б.ЖЫЛБАЕВА,
Талас аудандық аналар 
алқасының төрайымы
Танытқан Шуды әлемге!
(Күйші, компазитор Әбдімомын Шелдібаевке)
Ойнаған күйі әр елде,
Танытқан Шуды әлемге.
Өнердің таныр серісін,
«Ерке сылқым» дегенде.

Жауһар күйдің жалыны,
Қайталанбас дарыны.
«Алтын қорда» сақталған,
Құндылығымыздың байлығы.

Желпіген желдей желкенің,
Ерекше тұлға текті едің.
Қабыл болды тілегің,
Өссін деген өркенің.

Көргенің аға, көп сенің,
Аянбай тер төккенің.
Күйшілерің болған танымал,
Әбдімомын аға мектебің.

Шу болған соң мекенің,
Мерейін көкке көтердің.
Оркестрің асқақтап,
Елімнің аға көркі едің.

Сүйкімді әсем әнің де,
Айналған елдің сәніне.
Көрермендерің қызыққан,
Сахнадан көріп бәрі де.

Шықтыңыз биік шыңына,
Арқалы ақын жырында.
Келешек жалғар күйіңді,
Жығылмас аға туың да.

Тұран елі дастаның,
Көкшолақпен қоштадың.
Осылай күйлер алға асқан,
Саздарыңда жалғасқан.

Әсем әнімен таңғалтқан,
Жастарым әр кез самғатқан.
Намысын Шудың көтерсең,
Ақының  болдым қолдасқан.

Өнердегі нар тұлға,
Ақылшым болған қарт ұлға.
Жолдас болсын иманы,
Өмірден озды тау тұлға.

Базарбай АСҚАРТЕГІ,
ақын
Шу ауданы
Обсудить

Похожие материалы:

ЕҢБЕК ЕЛЕНСЕ ЕКЕН ...
26 февраль 2024, Понедельник
ЕҢБЕК ЕЛЕНСЕ ЕКЕН ...
Қазақ бол!
19 март 2020, Четверг
Қазақ бол!
ОТБАСЫ БІРЛІГІ БӘРІНЕН ҚЫМБАТ
30 январь 2024, Вторник
ОТБАСЫ БІРЛІГІ БӘРІНЕН ҚЫМБАТ
Добавить комментарий
Комментарии (2)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
dianalas151
dianalas151 Посетители 18 июня 2024 15:18
Привет. Подписывайся на телеграм канал знакомств и выбирай себе девушку по вкусу, переходи по ссылке: https://t.me/Lovzeo Или пиши в поиске телеграма: @Lovzeo
dianalas151
dianalas151 Посетители 24 июня 2024 17:55
Привет. Подписывайся на телеграм канал знакомств и выбирай себе девушку по вкусу, переходи по ссылке: https://t.me/Lovzeo Или пиши в поиске телеграма: @Lovzeo
Сотрудники
Партнеры