Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » ЕҢБЕК ЕЛЕНСЕ ЕКЕН ...

ЕҢБЕК ЕЛЕНСЕ ЕКЕН ...

26 февраль 2024, Понедельник
87
0
Қазір ең өзекті мәселе бала тәрбиесі болып тұр. Жасыратыны жоқ, бүгінде теледидардан, әлеуметтік желілерден мектеп қабырғасындағы жас ұл-қыздарымыздың төбелесін көп көретін болдық. Ұлдар төбелессе мейлі дейміз ғой, ал, енді қыздардың шаш жұлысқанын көріп төбе шашымыз тік тұратын болды. Он екіде бір гүлі ашылмаған қыз балаларының төбелесін көрсеңіз, жаныңыз шошиды. Сұмдық, ерлерден әрі асып түседі. Біреуін сұлатып салып, басқалары жабылып тепкілейді. Мұнша қатігездік олардың бойына қайдан келді? Осының бәрі отбасындағы һәм мектептегі тәрбие жұмысының ойсырағанынан деп білеміз. Кейін осы жастар өскенде кім болады? Бұл, енді, үлкен сұрақ.
Ұлы ойшыл бабамыз Әл-Фараби «Адамға бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім келешекте адамға үлкен апат әкеледі»,–деген екен. Бұл рас! Адамға бірінші тәрбие керек. Жақсы оқып, маман болғанымен не пайда, бойында адами құндылықтар, имандылық болмаса. Өскелең ұрпақтың мінез - құлқына көңіл бөліп, тәрбие беретін бірінші ата-ана, екінші ұстаздар қауымы. Ерінбей-жалықпай тәрбие беру керек. Ең қасиетті де қиын мамандық ол – ұстаз болу. Құдайға шүкір, қазір ұстаздың жағдайына мемлекетіміз оң көзбен қарап, қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр. Айлықтарын көбейтті, ұстаздар мерейі де өсіп келеді. Бірақ, осы ұстаз еңбегін бағалауда кемшін тұстар баршылық. Біле білсек ұстаз еңбегі, әсіресе бала тәрбиелеуде оңай емес, өте ауыр. Бұрындары Кеңес заманында ұстаздар еңбегі бағаланып, түрлі деңгейде төсбелгілер, құрметті атақтар, орден-медальдар беріліп жататын. Бұл үрдіс бүгін де жалғасуда, бірақ, нағыз ұстаздар, ұлағат иелері көбіне-көп тасада қалып кете береді. Біздің ауылда сонау Одақтың кезінде жыл сайын бес мұғалім «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» төсбелгісін алып тұратын. Енді қарап отырсам, мектептерімізде осы бүгінгі күнге дейін, яғни отыз жылдан аса тәуелсіздік жылдарында бірде-бір ұстаз атақ алмапты. Түсінбейтінім ұрпақ тәрбиелеп жатқан ұстаздар еңбегінің әнші-бишілер құрлы қадірінің болмағаны ма? Былай қарап отырсақ, қолында билігі бар кісілердің бәрі ұстаздың алдын көріп, олардан тәрбие алды емес пе? Ең алдымен, ауыл ұстаздарының еңбегін бағалау керек деп ойлаймын. Олар ауыл өмірінің көптеген қиыншылықтарына қарамай бала тәрбиесіне, біліміне барын салып жүр емес пе? Сондай-ақ, ауыл дәрігерлеріне де назар аудару керек. Өзім ұстаз болғаннан кейін бе, міне, осы мәселелер мені қатты толғандырады. Болашақ ұрпақ тәрбиесіндегі еңбегі зор ұстаздар қауымының бағасын біле жүргеніміз жөн болар.
Пана Рахманбердіұлы, 
Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі,
Талас ауданының Құрметті азаматы.
Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ 28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ 20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ 18 ноябрь 2024, Понедельник

Похожие материалы:

Баспасөз
29 июль 2020, Среда
Баспасөз
ОТБАСЫ БІРЛІГІ БӘРІНЕН ҚЫМБАТ
30 январь 2024, Вторник
ОТБАСЫ БІРЛІГІ БӘРІНЕН ҚЫМБАТ
Дала академигі
01 июль 2022, Пятница
Дала академигі
Қазақ бол!
19 март 2020, Четверг
Қазақ бол!
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры