Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің!
Ұрпағын өмірінің жалғасы деп таныған дана ата-бабаларымыз парасатты ұрпақ қалыптастыру үшін бойындағы бар асыл қасиеттері мен өмірлік мол тәжірибесін өз балаларының бойына сіңіре білген. Бала тәрбиесі үй ішінде басты назарда болып, олардың ата-анасы, әулеті, туған-туыстары мен жақын-жуықтары тарапынан болған көмек-қолдаулар баланың білімді, мейірімді, саналы ұрпақ болып қалыптасуына жол ашып, отырған. Сол себепті дана халқымыз «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп, отбасында алған тәрбиенің баланың болашаққа бастар адастырмас бағдаршамы екендігін қалай дөп басып айтқан десеңші?...«Ұлы жол – отбасы табалдырығынан басталады!» деген ұлағатты сөздің мағынасына терең үңілсек, бала тәрбиесінде ең бірінші кезекте ата-ананың басты жауапты тұлға екенін еске салумен қатар, жас жеткіншекті отбасы-ошақ қасынан көрген тәрбие, жағымды қасиеттерді бойға жия білуге шақырады. Сонымен қатар, барлық жақсылықтың бастауы – туған табалдырықтан басталып, ұрпақ ұғымында «асыл босаға» деген киелі түсінікті қалыптастырса керек...
Өткен замандардың ақыны, ұлы ойшыл, ғұлама ғалым, философ Жүсіп Баласағұни: «Бала нені білсе жастан, ұядан, Өле өлгенше соны таныр қиядан» деп тереңнен толғанады. Әрбір ата-ана баласының өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына тигізер ықпалы зор. Баланың бойында жастайынан жақсы мінез-құлық қалыптастырумен қатар, ысырапшылдыққа жол бермеу, қолда бар дүниені үнемдеп жұмсай білу, орынсыз жиын-тойға әуестенбеу, баға жетпес алтын уақытты босқа өткізбеу, т.б. жаман әдеттерден бойын аулақ ұстау туралы ақыл-кеңес беру, баланы дұрыс өмір сүруге бейімдеу – ата-ананың басты міндеттерінің бірі әрі ең негізгісі десек, әсте қателеспейміз. Әрбір ата-ана балаларына тәлім-тәрбие беріп, еңбекке баулып, адамгершілкіке тәрбиелеумен бірге, бір мезгіл олармен сырласып, ақылдасып, баланың ойын жете танып, өмірде ойып алар орындарының бар екенін де сезіндіре білудің ешбір артық тұсы жоқ. Баламен үздіксіз байланыста болып, реті келгенде, жетістіктеріне мақтаныш сезімін білдіріп, бойында байқалған кейбір кемшіліктер болса, оны да дер кезінде орынды ескерте білудің маңызы өте зор.
Жасыратыны жоқ, қазіргі таңда балалардың ұялы телефонға тәуелділігі қоғамды алаңдататын жай болып отыр. Сондықтан, балаларға телефонды қолдануға шектеу қою қажет. Байқап отырсақ, жасөспірімдер арасында орын алып жатқан түрлі қатыгездік көріністері – соның салдары десек қателесе қоймаймыз. Оның соңы қайғы-қасіретке де әкеп соғатынын көріп те, біліп те жүрміз. Бұл орайда баланың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оларды пайдалы іспен айналысуға тарту, сонымен қатар, бұл мәселеде жоғарыда айтылған отбасындағы дұрыс тәлім-тәрбиенің рөлі зор екенін қайталап айтқым келеді.
Қоғамда орын алып жатқан жағымды және жағымсыз жайлардың барлығына ең алдымен өзіміз жауаптымыз. Бұл мақсатта ата-аналар қауымының мектептегі ұстаздармен тығыз байланыс орнату арқылы бірлесе атқарылған жұмыстар өз нәтижесін беретіні анық. Жақсы ой мен жақсы іс – қоғамды жақсылыққа жетелейді.
Отбасы – адам баласы үшін мейірім мен сүйіспеншіліктің ордасы, тәлім-тәрбие мен барлық жақсылықтың қайнар көзі. Отбасында өзара ауызбіршілік берік орныққанда ғана жас ұрпақтың дұрыс жетіліп, баланың ел болашағына пайдасын тигізер азамат болып қалыптасуына мызғымас негіз қаланады. Өйткені, Отанның кішкентай бір бөлшегі болып табылатын әрбір отбасында болашақтың иелері тәрбиелену үстінде. Өз отбасын сүйіп, бойына жақсылықты жия білген ұрпақ болашақта елін, жерін, қасиетті Отанын сүйетін ұлтжанды азамат болатыны ешбір дау тудырмаса керек.
Балалар – біздің болашағымыз! Қорыта келе айтарым, бала мен жас ұрпақтың тәрбиесінде отбасындағы тәлім-тәрбие, ата-ана үлгі-өнегесінің орны бәрінен биік тұрады. Баланың рухани дамуы ең бірінші кезекте өз отбасында қалыптасатынын ескерсек, бұл мақсатта ата-аналар қауымы, жалпы алдыңғы толқын аға буын өкілдері жас ұрпаққа жарқын өнеге бола білсе құба-құп. Ол үшін әрбір отбасында ұлттық құндылықтар кеңінен дәріптеліп, өзара татулық пен сүйіспеншілік, мейірімділік, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық пен ізет орныққанда, мұндай үлгілі отбасынан ешуақытта қоғамға жат қылықтардың шықпайтыны анық.
Болашағымыз, елдің ертеңгі тұтқасы, жарқын өмірдің жалғасындай болып, отбасында өсіріп, тәрбиелеп отырған ұл-қыздар өз кезегінде елін сүйіп, қасиетті Отанын көздің қарашығындай қорғайтын саналы азамат болып қалыптассын. Құндылықтарды білім-ғылыммен ұштастыра білгенде ғана Тәуелсіз Қазақстанның болашағы бүгінгіден де жарқын болмақ!
Мұратқали РАХМЕТОВ,
аудандық билер кеңесінің төрағасы.
Ауданның Құрметті ардагері
Жуалы ауданы

Обсудить
Блок в статье:
Жамбыл және Шу өңірінің ақындық мектебі
31 январь 2025, Пятница
АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАН
31 январь 2025, Пятница
Ертегімен әлдиленген
31 январь 2025, Пятница
Похожие материалы:
Комментарии (0)