Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » АЖЫРАСУ НЕГЕ ЖИІЛЕУДЕ?

АЖЫРАСУ НЕГЕ ЖИІЛЕУДЕ?

14 сентябрь 2024, Суббота
57
0
Мықты отбасы – мықты мемлекет негізі. Айтқанға жақсы. Бірақ мықты мемлекетті құратын мықты отбасы идеологиясы қалай жүргізілуде? Мәселенің мәні осында. Біздің сан ғасырлар бойы сабақтасып келген отбасылық құндылықтарымыз тәуелсіздік жылдарында әлсіреп кетті ме деген қауіпіміз жоқ емес. Өйткені жастар арасында ажырасу көрсеткіші неге жыл сайын артып жатыр? Статистика солай дейді. Шайқалған шаңырақ. Ойран болған отбасы. Екі ортада еңіреп қалған бала. Өзекті өртеген өкініш. Иә, ажырасу – бұл бүгінгі қоғамдағы өршіп тұрған мәселе. Әсілі отбасын құру – ойланып жасалатын қадам. Халқымыз «Үйлену оңай, үй болу қиын» деп текке айтпаса керек. Дей тұра «ә» дегеннен ажырасуға әзір тұратын жас отбасылар туралы не айтуға болады. Мұның себебі қандай? Жастықтың жалынымен ағат қадам жасайтындардың айыбы ма? Әлде отбасындағы тәрбиенің әлсіздігінен бе? Ертеректе жас отбасының ажырасқалы жатқанын естігенде үрейлене қараушы едік, бүгінде шайқалған шаңырақтардың тым көбейіп кету, үйреншікті жадай болып кетті. Қазақы танымда әке-шеше қызды бала күнінен өнегелі келін болуға баулыса, ұлды шаңырақ иесі болуға тәрбиелеген. Бір-біріне жәрдемдесіп, шаңырағының бірлігін ұстап тұруға бар-күш жігерін салған. Қазіргі көп бойжеткенде төзімділік пен табандылық жоқ. Қит етсе «кетемге» басады. Мұның салдарының ауыр болатынын ойлап жатпайды. Отбасылық өмірдің бірінші күнінен-ақ басты рөлге екеуара таласады. Жігіт жігерлі болса, бар жауапкершілікті қолында алады, жасық болса әйелінің табанына түседі. Мамандардың айтуынша, ажырасудың басты себебі – асығыс шешім қабылдап, отбасын құруда. Ерлізайыптылар бір-бірін жақын танып-білмей жатып, шаңырақ көтереді. Салдарынан үйлі болып кете алмайды. Жастардың жар таңдауға жеңіл-желпі қарауының салдарынан шаңырақ көтергеніне көп болмай жатып мінезі жараспай, арада түрлі қайшылықтар туындайды. Тіпті, бір-бірімен әлеуметтік тұрғыдан да тең емес екенін кеш біліп, ажырасып жатады. Екінші себеп – әлеуметтік жағдайдың төмендігі, тұрмыстың қиындығы. Өз бетінше өмір сүрген екі жастың басында баспанасы болмаса жағдай тіптен қиын. Пәтерден-пәтерге көшіп әбігерге түседі. Өмірге сәби келсе, таршылықтың әлегі тағы басталады. Қош. «Әр баланың өз несібесі бар» деп жатамыз. Дегенмен еңбек етіп, әрекет етпесек ақыры не болары белгілі ғой. Көп отбасында жиі кездесетін жағдайдың бірі – жұмыссыздық пен маскүнемдік. Үйдегі отағасының тұрақты жұмысы болмай, үйге ешқандай кіріс алып келмей, шаңырақтың шырқы бұзылғанын айтып, шағым айтатын олардың жарларының қарасы бүгінде аз болмай тұр. Отағасының ішімдікке әуес болып, отбасын асырай алмауының соңы некенің екіге айрылуына алып келетінін көріп, біліп жүрміз. Әсілі, шаңырақ көтеруді ақылмен шешкен абзал. Әрине, ұлт ретіндегі құндылықтардың құлдырауы, ажырасу-ұрпақ тәрбиесіне ауыр соққы әкеледі. Теңіңізді жолықтырсаңыз, сөзіңізге берік болып, берекесі мен бақыты мол отбасын құру үшін түсіністік пен шыдамдылық таныта біліңіз. Сонда ғана сіз құрған шаңырақ шайқалмайтын болады. «Жақсы әйел ерінің есіктегі басын төрге сүйрейді...» деген сөз тегін айтылмаса керек. Бүгінгі ер азаматтар енжарлық пен бос сөз, күлкіден, жүріс-тұрыстан арылғаны абзал. Әрбір отбасында ер мен әйелдің атқаратын міндеті бар. Бұл дінде де айтылған. Әрқайсысы өзіне артылған міндетті жауапкершілікпен атқарып, ері әйеліне, әйелі еріне құрметпен қараса, қазақ қоғамында мұндай мәселе туындамас па еді, кім білсін?! Ажырасамын деген адамға түймедейді түйедей қылатын сылтау да, себеп те жетіп артылады. Дей тұра жастар мұндай әрекетке бармас бұрын, жауапкершілікті терең сезініп, баланың жағдайын, оның тірі жетім қалып, жәутеңдеп өспеуін ойласа деген ой біздікі.
Шакизат САПАРБАЕВА, «Алтын алқа» иегері. Сарысу ауданы
Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры