Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » ҮЙЛЕНУ ОҢАЙ, ҮЙ БОЛУ ҚИЫН... НЕГЕ? КІНӘ КІМНЕН?

ҮЙЛЕНУ ОҢАЙ, ҮЙ БОЛУ ҚИЫН... НЕГЕ? КІНӘ КІМНЕН?

26 март 2024, Вторник
121
0
Әр отбасының бүтіндігі – қоғамның бүтіндігі. Іргесі берік шаңырақтар мемлекеттің мықты болуына әсер етеді. Ал, қазіргі таңдағы жас отау иелерінің шыдамсыздығына, отбасылық өмірге жеңіл қарайтынына менің қарным ашады. 
Қазір ержеткен жігіттің бас құрауы бір мәселе болса, олардың отау болып тұрып кетуі – күрделі мәселеге айналды.  Себебі, бұл жағдайды тереңдеп ескертіп жатқан ешкім жоқ. Жұрттың бәрі байлығы бар, бақуатты жермен құда болсам деп ойлайды. Ол тілек те дұрыс шығар. Бірақ, басты мәселе – екі жастың жарасымы отбасын құруында емес па? Ол үшін байлықты емес, адамгершілікті бірінші орынға шығарумыз керек. Балаға тәрбие беруді осы адамгершілік, ізгілік мәселелерінен бастаған жөн. Отау болатын жігіттің санасына отбасы болудың жауапкершілігін әбден сіңірген дұрыс. Ал, ертең бір үйдің келіні болатын қыздарға да анасы жақсы өнеге үйретіп, сол кезде өзін қалай ұстау керектігіне дейін түсіндіргені абзал. Отбасылық жанжал неден шығады? Кез келген өнегелі келін ыдыс - аяқ сылдырлаған кезде өзін өзі ұстай білуі керек.
«Қызға қырық үйден тыйым немесе қара күңнен тыйым», – деген бар. Бұл қыз тәрбиесінің мықты болуы қажеттігін байқатады. Бірақ, біз қыз тәрбиесін біраз босаңсытып алдық. Оны мойындауға тиіспіз. Жақында телеарнаның бірі шаңырағы шайқалған жас отбасын көрсетті. Ортада бес ұл - қыз бар екен. Әлгі жігіттің әйелі сол перзенттердің екеуін басқа адамнан босанған. Яғни, сол жаққа келін бола жүріп, күйеуінің көзіне шөп салып, басқа жігіттен екі рет аяғы ауыр болған. Не деген қасірет! Сол екі баланы күйеуіне «Сенің балаң» деп алдап, босанған. Кейіннен бір жанжалдасқан кезде  күйеуі арнайы сараптамаға берген. Олар бес ұл-қыздың екеуі басқа біреуден екенін анықтап береді. Оны телеарнадан бүкіл елге айтты. Неге бұлай? 
Қазақта жеңге мен қайынның әдемі әзілі болады. Бұрынғы жеңгелер тәрбиенің шегінен шықпай, әзілдескен. Тіпті, Ұлы Отан соғысы кезінде 4 жыл бойы арын сақтап, барлық азапқа төзген аналарымыз да болды ғой. Сол кісілер не деген қасиетті адамдар десеңізші!
Қазіргі көршілер  жеңге мен қайын арасын жеңіл жол, арзан әзіл, анайы жүздесулерге алмастырып алған. Соның салдарынан әлгіндей сорақы жағдайлар кездесіп қалады. 
Отбасы тәрбиесі – өте өзекті мәселе. Қазіргі кезде екі жастың аналары – құдағилардың арасы да ушығып тұр. Келінінің кейбір сөкет қылығын құдағиына айтса, қыздың анасы:  «Құдағи, қорламаңыз. Ішіме сыйған бала сыртыма да сияды. Қызымды алып кетем. Сіздердің есікке қор қылмаймын», – деп шатынап шыға келеді. Шатынап – шатынап қойса мейлі, келін болып жүрген қызын үйіне алып қайтады ғой. Бұл не масқара! Қайта ұлдың анасы  ескерткенде, қызына барып: «Әй, мынау сенің өз жұрттың, сен жат жұрттықсың. Үйге келуші болма. Бетіңді көрмейтін болайын. Енеңді, атаңды сыйла. Осы үйдің отымен кіріп, күлімен шық. Екінші сенің теріс қылығыңды естімейтін болайын. Сүйекке таңба болма. Әкеңе айтпай тұрғанда жөнге кел», – деп ұрсып, бетіне басып –басып айтып тастамай ма? Сонда қыз ойланып, жақсы келін болуға талпынып, екінші рет анасын жерге қаратпайтын еді. Ал, қазіргі аналар мұндайды терең ойлай бермейді.
Жас отбасын тәрбие-леудің басты мәні - үлгілі іс, ізеттілік. Оған қарт әжелер, аналар тікелей жауапты. Әр ауылдағы апа-әжелер жас отаулардың ажырасу ісіне жол бермеуі керек. Қажет болса жанжалдасып жүрген жас отбасылардың үйіне барып, ақылын айтулары керек. Себебі, жас отбасыларын сақтап қалу – үлкен іс. Осыны естен шығармағанымыз абзал.
Тәштай ТЕКЕТАРОВА,
еңбек ардагері, «Алтын алқа» иегері
Талас ауданы
Обсудить

Похожие материалы:

Тәрбие басы - талбесік
19 март 2020, Четверг
Тәрбие басы - талбесік
ЕЛДІК ЕЛГЕ БАЙЛАНЫСТЫ
13 ноябрь 2023, Понедельник
ЕЛДІК ЕЛГЕ БАЙЛАНЫСТЫ
Жазылым – 2020
27 май 2020, Среда
Жазылым – 2020
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры