Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Еңбегі елеулі азамат

Еңбегі елеулі азамат

09 февраль 2025, Воскресенье
146
0
2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялау, елдің тұрақты дамуы үшін жасалған маңызды қадам. Бұл жыл жұмысшылардың мәртебесін арттырып, олардың еңбегіне қоғамның назарын аударатын кезең болады. 
Қолдау мен қамқорлықтың арқасында жұмысшы мамандардың беделі артып, Қазақстанның экономикалық әлеуеті одан әрі дами түседі. Ауданның экономикалық дамуына өзіндік үлестерін қос-ып жүрген азаматтарымыздың еңбектері ұшан теңіз.  Қажырлы еңбектерінің арқасында ауданымыз күннен-күнге құлпырып, жайнап келеді.  Елдің келешегін ойлаған әрбір қоғам білім саласын назардан тыс қалдырмайды. Бұл саланы ілгерілету, дамыту жан-жақтылықты талап етеді. Бүгінде балабақшаға баратын бүлдіршіннен бастап, мектеп оқушылары мен студент жастардың барлық жағдайын жасау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жасалып жатқан жұмыстардың барысында қара-пайым  еңбек адамдары басы-қасында жүреді. Оқушылардың әрбір жеткен жетістігінде осы қарапайым еңбек адамдарының да үлесі бар. Себебі оқушылардың таза, жылы жерде білім алуларына қолайлы жағдай жасауда.
Осы орайда газетіміздің осы санына Әйтеке би атындағы орта мектепте 34 жыл адал еңбек етіп жүрген Қайрат Құдайбергенұлы жайлы қалың оқырманның назарына ұсынғанды жөн санадық. Қайрат Құдайбергенұлы 1970 жылы желтоқсан айының 5 жұлдызында Жайылма ауылында дүниеге келген 1977 -1985  жылдар аралығында Ленин атындағы мектепте оқып, бітіріп шығады. 1985-1986 жылдар аралығында  СПТУ-19 оқып  мамандық алады.  1988  жылдың аяғында Отан алдындағы борышын абыройлы өтеп, 1990 жылы туған ауылына оралады.  Жас жігіт Жайылма совхозында гаражда слесарь болып жұмысқа орналасады.  1991 жыл  қаңтар айынан бастап қазіргі Әйтеке би атындағы мектеп ке жұмысқа кіреді. Содан бері қазіргі таңға дейін мектепте абыройлы қызмет атқарып келеді.
-Тоқырау кезінде таң қараңғысында жұмысқа келіп, осы мектептің отынын жарып, суын тасып, еден жуушы апайларымен бірге пеш жағатынбыз.   Мектептің ішіндегі заттар бүлінетін болса сол затты дәнекерлеп, қайтып қалпына келтіреміз. Жылы жерде оқушылар білім алу үшін күш-жігерімізді жұмсадық. Сол уақыттағы еден жуушы апайлардың еңбегі  орасан зор болды. Мектептің отымен кіріп, күлімен шығатын. Таң қараңғысында келіп, күн батқанда қайтатын. Қазіргі таңда ол кісілер зейнет демалысында. Ғұмырлары ұзақ болсын. Мектеп ұстаздары оқушыларды білім нәрімен сусындатса,  жұмысшылар жайлы жағдай жасадық. Қазіргі таңда мектебіміз жақсы заманауи жабдықтармен қамтылған. Оқушылар республика, облыс, ауданда өткен  жарыс-тарда жүлделі орындар алып келуде. Мектептің әрбір жетістігіне мақтанамыз.
Мені алғаш жұмысқа қабылдаған  жазушы, сол кездегі директор Пернебай Дүйсенбиннің тәрбиесінде болып,  әр жылдары мектеп директоры болған Тұрған Жанәбілов, Ілияс Баймағамбетов,  Қанат Назарбаев  жұмысшылардың  мүддесін өз мүддесінен артық қоятын, адалдық, бауырмалдық, адамгершілік сынды асыл қасиеттерді үйрете білді. Мемлекетіміздің тұтқасын ұстар оқушыларға тек тәрбие мен білім берумен шектеліп қана қоймай, адал еңбекқорлыққа да үйрете білді.  Қазіргі мектеп директоры Фарида Тұрсынбаева мектеп қызметкерлерімен оқушыларға жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Халқымызда «Көп жас жасағаннан емес, көп игілікті ісі бардан сұра»-демекші ұжымды жетістікке жеткізуге дем беретін басшының ықпалы мен бала тәрбиесіне үлкен мән беретін жаңа жобалар дүниеге келіп педагогтардың қызу қолдауына ие болуда.
Мектебіміздің іргетасы қаланып, осы уақыт аралығында мұнда сан мыңдаған шәкірттер тәрбиеленіп, олар еліміздің дамуына өз үлестерін қосты. Көптеген ғалымдар мен ақын-жазушылар, өнер өкілдері, еңбек пен өндіріс, шаруашылық ұйымдастырушылары, кәсіпкерлер, спортшылар шықты,-дейді.
Кейіпкеріміз Күлаш апаймен отау құрып, 1 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсірді. Қамқор әке,  ардақты ата бола білді.
Иә, еңбегімен елге танылып, ортасына ізгілікті мейірімін төккен Қайрат Құдайбергенұлы сияқты азаматтардың арқасында еліміз дамып,  гүлдене бермек.
Қазақстан Республикасының Президенті, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында кәсібилік пен еңбекқорлықтың маңыздылығын ылғи ерекше атап өтеді. Ол еліміздің дамуы үшін еңбекқор және кәсіби мамандар қоғамдағы ең жоғары деңгейде бағалануы керек екенін айтқан болатын. Мемлекет басшысы осындай адамдар елді гүлдендіріп, өркендететінін баса айтты.  Жолдауда  айтылған сөздер халықты еңбекке және кәсіби біліктілікті арттыруға шақырудың маңызды бөлігі болып табылады.
Иә, бүгінгі күнде де кез келген салада адал еңбек ететін, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын адамдарды еңбегі қашанда бағалы.

Сарысу ауданы
Обсудить
Блок в статье:

Похожие материалы:

АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
04 октябрь 2024, Пятница
АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Еңбек адамы-ел мақтанышы
09 февраль 2025, Воскресенье
Еңбек адамы-ел мақтанышы
Мәселелер оң шешімін табуда
08 август 2024, Четверг
Мәселелер оң шешімін табуда
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры