Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Облыс әкімінің жаңа жылдық құттықтауы

Облыс әкімінің жаңа жылдық құттықтауы

31 декабрь 2024, Вторник
38
0
Құрметті жамбылдықтар!
Баршаңызды Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын!
Өтіп бара жатқан жыл еліміз үшін қарқынды еңбек, үлкен жетістіктер мен толайым табыстарға толы болды. Біз түрлі сынақтар мен қиындықтарды ел болып еңсердік.
Бүгінде Мемлекет басшысының бастамасымен ауқымды реформалар жүзеге асырылуда. Қастерлі Отанымызды өркендету үшін жаңа, батыл қадамдар жасалуда.
Қазақта «Ырыс алды - ынтымақ» деген аталы сөз бар. Биыл жамбылдықтардың бекем бірлігі мен ортақ күш-жігерінің арқасында барлық салада оң көрсеткіштерге қол жеткіздік. Алға қойған мақсат-міндеттеріміз жүйелі түрде орындалды.
Құрметті жерлестер!
Жаңа жылға үлкен үмітпен қадам басқалы отырмыз. Алдымызда өте маңызды әрі ауқымды міндеттер тұр!
Президент Жарлығына сәйкес 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланып отыр. Өңірде еңбек адамдарына құрмет көрсетіліп, олардың жетістіктері кеңінен дәріптелетін болады.
Төрімізге қадам басқалы тұрған Жылан жылы барлық берекелі бастамаларыңыз сәтімен орындалсын! Еліміз құлашын кеңге сермеп, жарқын жетістіктер мен жаңа биіктерді еңсере берсін!
Баршаңызға зор денсаулық, қуаныш пен шаттыққа толы тағылымды ғұмыр, отбасыларыңызға бақ-береке, ашық аспан, шуақты күндер тілеймін!
Жаңа жыл құтты болсын!

Ербол Қарашөкеев, Жамбыл облысының әкімі



 
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры