Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Мәселелер оң шешімін табуда

Мәселелер оң шешімін табуда

08 август 2024, Четверг
38
0

Тәуелсіздігіміздің басты жетіс-тіктерінің бірі – елімізде азаматтық қоғамның қалыптасып, дамуы дер едім. Қоғамға түрлі қозғау салатын үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер бүгінде елде болып жатқан оқиғаларға үн қосып, ауқымды істердің басы-қасынан табылуда. 

Қазіргі кезде ауданымыз жаңғыру мен экономикалық өрлеудің нақты нәтижелеріне қол жеткізуде. Бұл орайда, Сарысу аудандық қоғамдық кеңесінің атқарып отырған қызметі елеулі. 

Елмен етене жақынбыз, мәселелерді зерделегенде, талқылағанда қоғамдық кеңес тұрғындардың пікірімен санасып отыруда. Жастарға ақыл-кеңесімізді айтамыз. Қоғамдық кеңес қатарында ауданның 13 беделді, сыйлы азаматы бар. 

Бүгінде кеңестің құрамында үш комиссия жұмыс атқарады. Атап айтар болсақ, аграрлық сектор, ветеринария саласы, ауылдық аймақтарды дамыту, техногендік үрдістер, табиғатты және жер ресурстарын пайдалану жөніндегі комиссияға   Жақсыбек    Даулетбаев,    бюджет және қаржы мәселелері, әлеуметтік (білім, денсаулық сақтау, мәдениет) сала, кәсіпкерлікті қолдау, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және көлік салаларын дамыту мәселелері жөніндегі комиссия Шыңғыс Абдрахманов, қоғамдық, құқықтық тәртіпті сақтау, азаматтардың құқықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттер және қоғамдық, үкіметттік емес ұйымдарымен байланыс және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияға Ж.Якупов төрағалық етеді.

Атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталатын болсақ, қоғамдық кеңестің жалпы 20 отырысы өтті. Қоғамдық кеңес отырыстарының күн тәртібіне шығарылған мәселелер оң шешімін табуда. Мәселелердің оң шешілуіне қоғамдық кеңес мүшелерінің білімділігі, белсенділігі, мол тәжірибелері оң ықпалын тиігізуде.

Қоғамдық кеңестің жұмыстары жоспарға сай жүргізіледі. Комиссиялардың төрағалары өздерінің арнайы белгіленген салалары бойынша туындаған мәселелерді зерделеп, олардың қандай да болсын оң шешімін табуына ықпал етеді. Алдағы атқаратын жұмыстар бойынша да қоғамдық кеңес мүшелерімен ақылдасып отырамыз.

«Жұмылған жұдырық» болып бірге еңбек етсек, біз алмайтын асу, бағындырмайтын белес болмайтыны белгілі. Әрине, шаруалар шаш етектен, мәселелер маңызды. Атқарылар жұмыстар ауқымды. Олай болса белсенділігімізді бәсеңдетпей, ауданның әлеуметтік-экономикалық да-муына, жалпы әлеуметтік ахуалының жақсаруына еңбек ете беретін боламыз.

Жақсыбек ДАУЛЕТБАЕВ, 

Сарысу аудандық қоғамдық 

кеңестің төрағасы

Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

МЕРКІДЕ ТӨРАҒА АУЫСТЫ
28 июль 2022, Четверг
МЕРКІДЕ ТӨРАҒА АУЫСТЫ
ІЗГІЛГІ КӨП ІЗТАЙ АҒА
14 июль 2022, Четверг
ІЗГІЛГІ КӨП ІЗТАЙ АҒА
БИЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІ БЕЛСЕНДІ
25 август 2022, Четверг
БИЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІ БЕЛСЕНДІ
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры