АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
1 қазан – Халықаралық қарттар күні және елімізде алғаш рет мерекеленіп отырған Қазақстан Республикасы Жоғары білім қызметкерлері күні. Бұл мерекеде қазыналы қарттарымыз ардақталып, білім беру саласының жүрегі саналатын ардагер ұстаздарғақұрмет көрсетілетін күн.
Ұстаз – білім мен ғылымның шамшырағы, олар өз еңбегімен қоғамның зияткерлік әлеуетін қалыптастырып, болашақ ұрпақты тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.
Айтулы күн қарсаңында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Т.Рысқұлов атындағы тірек мектебінде ардагер-ұстаздарға арналған салтанатты кеш өтті. Оған аудандық білім бөлімінің басшысы Жайдар Жазықбаев, ауданның ардагер ұстаздары мен мектеп ұстаздары қатысты.
Алдымен аудандық білім бөлімінің басшысы Жайдар Саттарқұлұлы жиынды ашып, ардақты ұстаздарды мерекелерімен құттықтады.
– Ардақты ардагерлер, сіздерді «1 қазан – Халықаралық қарттар күні» және «Қазақстан Республикасы Жоғары білім қызметкерлері күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Аға буынның тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуына, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, бірлік пен татулықты, бейбітшілікті нығайтуға қосқан үлесі зор. Өскелең ұрпақ үшін сіздер адалдықтың, Отанға деген сүйіспеншіліктің, жеңіске деген өшпес ерік-жігердің үлгісісіздер! Құрылғанына 60 жыл толып отырған ауданымыздың тарихында сіздердің еңбек жолдарыңыз, қосқан үлестеріңіз алтын әріппен жазылып, кейінгі ұрпаққа жетіп отыр. Уақыт өтсе де ұстаздарымыздың өнегелі де өрелі істері ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса бермек. Сіздер ауданның әлеуметтік экономикалық, қоғамдықсаяси өміріне белсене араласып жүрсіздер. Елді бірлікке, ынтымаққа шақырып, қазіргі қоғамда алдымызда ақылшы болып жүрулеріңіз–біз үшін үлкен бақыт. Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін, – деді ауданның бас ұстазы.
Содан соң ардагер ұстаздарды «Мойынқұм ауданына еңбегі сіңген қызметкер» және «Білім саласының еңбек ардагері» төсбелгілерімен марапаттап, сыйлықтар тарту етті.
Жиын соңында ардагерлер өздеріне көрсетілген құрмет үшін ұйымдастырушы аудандық білім бөліміне алғыстарын білдірді.
Қуаныш ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ,
Мойынқұм
Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ
28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)