Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Еңбек адамы-ел мақтанышы

Еңбек адамы-ел мақтанышы

09 февраль 2025, Воскресенье
64
0
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев нағыз адал азамат дегеніміз кім екенін осылайша өз сөзінде пайымдаған еді:  «Адал азамат дегеніміз – жақсы қасиеттерге ие болып, адал еңбек ететін және табысқа адал жолмен жететін адам. Яғни, адалдық пен әділдікті бәрінен биік қояды. 
Озық ойлы ұлт болу үшін бүкіл қоғам сана-сезімін өзгертіп, жаңа құндылықтарды орнықтыруы керек. Әрбір адам «Адал азамат» деген атқа лайық болса, елімізде әділ қоғам орнайды. «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» – бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Осы үш тағанды озық әрі табысты елге айналудың басты кілті деуге болады», - деді Президент. Иә, бүгінде біздің түсінікте белгілі бір дәрежеге, мансапқа, байлыққа қолы жеткен адамдарды ғана еңбек адамы деп қарайтын секілдіміз. Ал шын мәнісінде қызметі көзге көрінбейтін, халық арасында өз ісіне адал жандар  қаншама. Олардың да істеп жүргені еңбек. Тек бір адамдарда ми еңбегі, ой еңбегі басым болса, енді біреулері керісінше физикалық тұрғыдан көп қимылдап, күннің ыстығы мен суығына қарамай еңбек етіп жүреді. Бүгінгі күні арамызда белгілеп алған мамандығы болмаса да, ауыр еңбектен бел жазбай жұмыс істеп,  балаларын жетілдіріп, абыройы артып жүрген жандар жетерлік. Халқының көрегенділігі, даналығы, дарқандылығы, мен кіршіксіз ақ көңілдігімен алдына жан салмайтын, кішіге қамқор, үлкенге құрмет көрсетіп жүрген азаматтарын жіпке тізсек жетіп артылады. Ал осындай баға жетпес қасиеттерді бойына сіңіре білген, Өндіріс ауылының тұрғыны, асқар тау ата, ардақты әке Қасен Төлеутайұлы жайлы әңгіме өрбіткенді жөн көрдік.
Қасен Төлеутайұлы 1953-жылы желтоқсанның 14-і күні Өндіріс ауылында өмірге келген.
1959-1960 оқу жылында Б.Қашқынбаев  атындағы орта мектебінің табалдырығын аттайды, 1969 жылдың қатты қысында малдағы әкесіне жәрдем беруге барып, әрі қарай оқи алмайды.  Өндіріс совхозында екі жыл бақташы болып қызмет етеді. Жас жігіт 1972-1974 жылдары әскер қатарында Отан алдындағы борышын өтейді. Әкесі Ахсейітов Төлеутай 1895 жылы өмірге келеді. Осы Өндіріс колхозын ұйымдастырушылардың бірі болған. Соғыс жылдары колхозда бригадир болып еңбек еткен. 1942 жылы майданға танк жасауға 100.000 сом ақша аударып, Сталиннен Алғыс хат алған. Анасы Орманбекқызы Күлсін  бала- бақшада бала тәрбиеледі.  Қасен Төлеутайұлы жастайынан еңбекке ерте араласты. Ол кезде совхоздың жазғы шөп науқанында оқушылар каникулда әртүрлі жұмыстар істеп жүрді.  1975 жылы Коммунар совхозының құрылыс бөлімінде құрылысшы бригадир болып қызмет атқарды.
Кейіпкеріміз ауыр еңбектің арқасында шалғыдай шыңдалып,  кейінгі ізін жалғастырар інілеріне өмірде түйген тәжірибесін үйретті.
-1995 жылы совхоздың сан салалы жұмысында боран-жауын демей, кей кездері мереке күндері де жұмыс істедік, ол кезде демалыс дегенді білмейтінбіз. 1980 жылы Каз ССР-і совхоздар құрылыс – кәсіподағы комитетінің Құрмет грамотасын алады. Ірі сомада ақшалай сыйлық алдым және әр жылдарда жарыс жеңімпазы,  аудандық комитеттің Құрмет грамотасын алдым. Шопандарға қора жайлар, ауыл тұрғындарына жаңа үйлер соқтық.   1992-1993 жылдары Өндіріс ауылындағы мешіттің іргетасын қаладық.
Көп жастар ауылдан кетіп, қалаға барады. Тереңіне барсаң, түбіне үңілсең, ауыл деген – нағыз байлықтың көзі, береке-бірліктің ордасы. 
Мен жастарға айтамын, егін ек, төрт түлік мал бақ, ниет еткен адамның екі қолына бір күрек табылады. Нәпақа табу үшін міндетті түрде ауылдан кетіп, үлкен қалада тұру шарт емес. Ең бастысы, адамда таза ниет, өз еліңе деген адалдық болса, барлығының қайтарымы бар екеніне сенемін.  Адамгершілік әр адамға тән болу керек. Өзім солай түсінемін. Өзіміздің тәрбиеміз сондай. Ауылдық жерде өскенбіз. Осындай қарапайым жұмысшыларға назар аударған Президентке алғысым шексіз,-деді.
Қ.Төлеутайұлы 1982 жылы Омарова Дариғамен отау құрып, 2 ұл, 3 қыз тәрбиелеп өсірді.  Ұлды ұяға, қызды қияға қондырды. Олардан  8 немере сүйді.  Омарова  Дариға   апайымыз 30 жылдай Ж.Отарбаев атындағы орта мектепте  ұстаздық етті. Қазіргі таңда шәкірттері еліміздің түкпір-түкпірінде еліміздің гүлденуіне өзіндік үлестерін қосуда.
Иә, «Еңбектің наны тәтті» деген тәмсіл бекерден-бекер айтылмаса керек. Еңбектің бейнеті ауыр болғанымен, жетістігі жан жадыратып, көң-іл марқайтады. Еңбек адамы ол мыңның ішінен таңдалып, талғап алған тұлға емес. Еңбек адамы қоғамда, көппен бірге жұмыс істеп, адал бейнеттеніп жүрген жандар. Әрине, оны күнделікті күйбең тірлікпен байқай бермесіміз мәлім ба? Сіз бен біздің жанымызда еңбек адамдары өте көп-ақ.

                                                                                               Сарысу ауданы

Обсудить
Блок в статье:

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры