ШУ АУДАНЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
Шу ауданы Төле би ауылындағы AMANAT партиясының мәжіліс залында АЭС салу бойынша жалпыұлттық референдумды өткізуді түсіндіру мақсатында Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев төрағалық етуімен, зиялы қауым өкілдері, облыстық ардагерлер ұйымының төрағалары кездесу өткізді.
Жиын барысында Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының ректоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Махметғали Сарыбеков:
- Еліміздің болашағы үшін әрбір маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалуы тиіс. Атом электр станциясы туралы референдумға қатысты да дәл солай болуы қажет. Өздеріңіз білесіздер референдум тақырыбының қоғам талқысына түскеніне бір жыл болды. Бұл еліміздің әрбір азаматының жан-жақты ойланып, салмақты шешім қабылдауына жеткілікті деді.
Атом электр станциясын салу және пайдалану өңірлерде жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді, бұл дегеніміз жұмыссыздықты азайтуға және халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға ықпалы тиеді. Қазіргі баршамыздың міндетіміз еліміздің жарқын болашағы үшін алдағы 6 қазан күні өтетін референдумға қатысып, өзіміздің дұрыс таңдауымыз екендігін айтып, нақты дәлелдермен түсіндіріп өтті.
Содан соң, қоғам белсендісі, Қасымхан Төлендиев мырза жиында АЭС салудың артықшылықтары мен тиімділігі туралы түсіндіріліп, дамыған елдердің АЭС салу тәжірибелері, елдің экономикалық әл-ауқатының артуы мен ғылымның дамуы жайында айтты.
Сонымен қатар, атом электр станциясын салу еліміз үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашатыны айтылып, референдумда әрбір азаматтың дауысы маңызды екенін жеткізілді.
Жиын соңында, жиналғандар тарапынан атом электр станциясының халыққа пайдасы мен зияны туралы және қай жерде салынатыны жөнінде сауалдарын қойып, дәйекті жауаптар берілді.
Жумахан Чекаев
Обсудить
Блок в статье:
АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
04 октябрь 2024, Пятница
СЫЙ СИЯПАТ
01 октябрь 2024, Вторник
АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ
01 октябрь 2024, Вторник
Похожие материалы:
Комментарии (0)