Бастауыш ардагерлер ұйымы есеп беруде
Ш. Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының бастауыш ардагерлер ұйымының есеп беру сайлау жиналысында төраға Қалтай Асаубай есепті кезеңдегі атқарған жұмыстарының есебін берді.
Жоғарғы оқу орнының ардагерлері : Қ. Бөкеев, А. Абдуалиев, М. Жұмаділдаев, Ж. Сарыбекова және Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы С. Жамалбеков ардагерлер ұйымының жұмысына оң баға берді. Жиналысқа қатысқан Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы орынбасары Малтабар Қаратайұлы, облыстық ардагерлер кеңесінің жанындағы Билер кеңесінің төрағасы Оңласын Есіркепов ардагерлердің аймақтағы атқарып жатқан жұмыстары туралы ақпарат берді. Есеп беру сайлау жиналысында төраға болып жаңадан Мұрат Жұмаділдаев сайланды. Әріптестері жаңа төрағаны құттықтап, жемісті, абыройлы міндетті жүктеді. Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев "Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм" атты халыққа арнаған жолдауында атом электр стансасын салу мәселесіне кеңінен тоқталған болатын. 6 қазанда АЭС салу бойынша республикалық референдум өтеді. Осы тұрғыда Ардагерлер пікірлер алмасып, референдумды қолдайтынын жеткізді. Жиналысқа оқу орнының президенті Нұржан Жомартұлы Муслимов қатысты.
Малтабар Жаманбаев
Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ
28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)