Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАШАН БІТЕДІ?

МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАШАН БІТЕДІ?

15 декабрь 2023, Пятница
99
1
Жергілікті тұрғындардың өтініштері ескеріліп, 2022 жылдың жазында Жуалы ауданы, Ақсай ауылдық округіне қарасты Қайрат ауылында мәдениет үйінің құрылысы басталған болатын. Ақсай ауылдық округіне қарасты қатар жатқан 2 мыңнан астам тұрғыны бар Қайрат ауылында, 1 мыңнан астам тұрғын бар Диқан ауылында сәтін салып мәдениет үйі бітіп жатса, екі елді мекенге ортақ қызмет етер еді. Алайда, әзірге бұл мәдениет үйінің жыры да, сыры да көп болып тұр.
Жүз елу орындық мәдениет үйінің құрылысы 2022 жылы шілде айында басталған. Мердігер «ЕрК Астана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 8 айдың ішінде бітіруге уәделерін берген ғой. Одан бері 16 айға жуық уақыт өтсе де, аталған нысан құрылысының 40 пайызы әлі бітпеген. Жақында бұл нысанды мәслихаттың бір топ депутаттары келіп көрген. Соғылып жатқан мәдениет үйінің құрылысы халық қалаулыларын да қанағаттандырмады. Олар нысан жұмысының сапасыздығынан бөлек, сәулеттік кескінінің өзі көзге қараш көрінетіндігін тілге тиек етіп, құрылысшыларға сын айтты. Ал, жергілікті тұрғындар нысан құрылысын қатардағы сауда орталығына немесе тұрғын үй үшін салынған сарайлардың біріне ұқсатады. Мұндайда жауапсыздық бола береді екен ғой?!
Облыстық мәслихаттың депутаты, өзіміздің жерлесіміз Керімқұл Бегалиевтің: «Жасыратын несі бар, Қайрат ауылындағы мәдениет үйінің құрылысы алаңдатып отыр. Сыртқы пішіні Мәдениет үйіне келіңкіремейді. Оның үстіне, кестеден сонша кешігіп жатыр. Қазір мердігерлер әуелі бір нысанды белгілі сомаға ұтып алады. Сөйтеді де, екі-үш ай өткен кезде: «Ойбай, құрылыс материалдары қымбаттап кетті. Қосымша қаражат бөлу қажет» деп шығады. Бұл - дұрыс емес». - деп медігерлердің жолсыздығына күйіп піседі.
Қайрат ауылының тұрғыны Индира Қасымбекова:  «Ауылдан мәдениет үйінің салына басталғанына қуанып едік. Мәдениет ошағы ашылса, қосымша 6 - 7 адамға тұрақты жұмыс орны ашылар еді. Өзім мектепте кіші қызметкермін. Балаларымыз бар. Жұбайым - жұмыссыз. Бұл жерде мәдениет үйімен қоса, кітапхана да болуға тиісті. Ғимараттың сыртқы келбеті мәдениет ошағынан көрі мал қамайтын сарайға көбірек келеді. Салынып жатқан құрылыстың сапалы болғанын қалаймыз», – дейді. 
Біз, ауыл ақсқалдары, осы нысанның құрылысына алаңдаулымыз. 8 айда бітеді деген құрылыстың іші әлі сыланбаған. Төбесіндегі жабындылар желменен қозғалып, ұшып кетейін деп тұр. Есік - терезелері салынбаған. Айналасына әрлеу, тас төсеу жұмыстары мүлдем жүргізілмеген. Бір сөзбен айтқанда, әлі «ауы менен бауы» жөнге келмей тұр. Жергілікті жауаптылар «биылғы жылдың соңына дейін аталған мәдениет үйінің құрылысы толық аяқталады» деп сендіріп отыр. 
Кім біледі, мүмкін сол мерзімге дейін мұндағы құрылыс жұмыстары аяқталып та қалар. Бірақ, 16 айдың ішінде жартысы да бітпеген нысан құрылысын шамалы уақытта сапалы аяқталады дегенге сену қиын. Аяқталған күнде де сапасы сын көтере алам ма екен!? Ардагер ұстаз ретінде осы мәселеге алаңдап жүрмін.

Жамалбек БАТАГӨЕВ,
ардагер ұстаз,

Жуалы ауданы.
Обсудить

Похожие материалы:

Ауласы көкжелекке оранған
14 июль 2023, Пятница
Ауласы көкжелекке оранған
Қоғам
30 май 2022, Понедельник
Қоғам
Үлкендер өзгерісті қолдайды
01 июль 2022, Пятница
Үлкендер өзгерісті қолдайды
Қарттар жазған хаттар
12 ноябрь 2020, Четверг
Қарттар жазған хаттар
Добавить комментарий
Комментарии (1)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Hyman
Hyman Гости 23 октября 2024 04:40
Replica Sneakers uj989 Fake Shoes,discountshoesmart qx828
Сотрудники
Партнеры