Ауласы көкжелекке оранған
Көктөбе ауылының тұрғыны, еңбек ардагері Тұрлыхан Момбаевтың үйінің ауласы шағын бау - бақша дерсің. Онымен қоса, дарбазаның сыртындағы шағын алаңқайға арық жасап, оның жиегіне тал-теректер және жеміс ағаштарын егіп, оған күтім жасауды әдетке айналдырған.
75 жастағы қария бұл ауылға 2002 жылы Көлтоған ауылынан көшіп келген. Көшіп келе салып бау-бақша егуге кіріскен. Оның үйінің маңайы қазір жеміс ағаштарына толы. Жеміс талдарын қоршай егілген тал-теректер қыста, күзде суық желден қорған болса, жаздың ми қайнатар ыстығында саялайтын пана қызметін атқаруда.
– Үйде жалғыз өзім тұрамын. Жұбайым 20 жыл бұрын дүние салған. Мал ұстаймын. Одан бөлек, бау-бақша өсірумен айналысамын. Бұл менің сүйікті кәсібім деп айтсам болады. Үйдің алдында жалпы көлемі 35 соттықты құрайтын кең жерім бар. Әрине, оның барлығын игеруге шамам келмейді. Көбінесе бау өсіргенді ұнатамын. Үйдің көше жақ бетін түгелдей қоршап, ол жерге 100 түптен астам түрлі ағаш ектім. Оны күнделікті суарып, қараймын. Бір жағынан ағаш егу арқылы қоршаған ортаның және ауаның тазалығына үлесімді қосып жатсам, екіншіден бау-бақша баптау менің ермегім. Әрі жемісін жейміз. Бауды үйдің ауласындағы құдықтан суарамын. Суы өте мол әрі тәтті,- дейді зейнеткер.
Зейнеткер Т.Момбаевтың негізгі мамандығы– экономист - бухгалтер. Бұрынға Жамбыл қаласындағы статтехникумды бітіргеннен кейін қызмет бабымен ұзақ жылдар Мойынқұм ауданының «Байтал» кеңшарында мамандығымен еңбек еткен. Біраз жыл ауылдық кеңестің хатшысы болып та жұмыс істеген. Кейіннен ауылға көшіп келгесін, Көлтоған ауылында әмбебап дүкеннің меңгерушісі, Ертай ауылында (бұрынғы Кеңес ауылы) дүкен меңгерушісі жұмыстарын атқарған. Ал жұбайы Қантан Атымтаева да Шу автовокзалында кассир, қонақ үй меңгерушісі болып еңбек еткен. Екеуі екі қыз, бір ұл тәрбиелеп өсіріп отыр. Олардың барлығы өмірден өз орындарын тапқаны - мерей.
Нұржан МАНАСҰЛЫ,
журналист
Обсудить
Блок в статье:
Даңғазасыз той, ысырапсыз ас өткізу өте өзекті
29 январь 2025, Среда
Ардагерлер ұйымдарының қызметінде бос уақыт деген болмайды.
29 январь 2025, Среда
«Отбасындағы кикілжіңдер және одан шығу жолдары»
26 январь 2025, Воскресенье
Похожие материалы:
Комментарии (0)