Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Үлкендердің кеңесі өрісіңді кеңейтеді

Үлкендердің кеңесі өрісіңді кеңейтеді

08 апрель 2026, Среда
13
0
Өткен аптаның сәрсенбісінде облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, төрағаның орынбасары Жаңабай Миллионов, Тараз қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Күләш Әбдікешова жаңдан құрылып жатқан Әулиеата ауданының әкімі Барлық Төрехановпен аудан әкімдігінде кездесіп, оның жаңа қызметіне сәттілік және атқарып жатқан игілікті жұмыстарына табыс тіледі. 
Өзара сыйластық және үлкендерге деген құрмет аясында өткен кездесуде қариялар жаңа ауданда басталып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы уақытта облыстық, қалалық ардагерлер ұйымдары тарапынан қолдау болатындығын атап көрсетті. Сондай-ақ, аудан әкімдігімен  бірлесе тығыз байланыста жұмыс істеуге ниетті екендіктерін білдірді. Алдағы уақытта ауданнан ардагерлер ұйымын құрып, белсенді ардагерлерге қолдау көрсету жағы да ақылдасылды. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы аудан әкімі тарапынан ардагерлердің төл басылымы "Ғұмыр-Дария" газетіне жазылуға қолдау болса деген тілегін білдірді. 
Өз тарапынан Әулиеата ауданының әкімі Барлық Төраханов облыстың қадірменді қарияларының қолдауына өз ризашылығын білдіріп, барлық уақытта аға буын өкілдеріне қолдан келгенше қолдау-демеу көрсете беретіндігін тілге тиек етті. Кездесу қорытындысында Еркінбек Бейсенбекұлы ақсақалдық ақ батасын берді. 

"Ғұмыр-Дария" –АҚПАРАт
Обсудить
Блок в статье:
Тектіліктің тамыры 09 апрель 2026, Четверг
Күн туды ескі жұртқа жаңаратын 09 апрель 2026, Четверг

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры