Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Баланың болашағына кім жауапты?

Баланың болашағына кім жауапты?

08 апрель 2026, Среда
15
0
Кеңестік  кезеңде  «Бар жақсылық – балаларға» деген ұран сөз болды. Ұрандатып жүрдік. Ондай қағида ұстаздар арасында қазір де бар шығар, білмеймін. Менің айтайын дегенім – ата-ана мен оқушы баланың арасындағы өзара қатынас турасында болмақ. Қазір ата- ананың көбісі жұмысбасты. Бірі қызметте, бірі кәсіпкерлікте, өнерде, спортта, базарда. Әйтеуір ата-ананың тірліктен қолдары босай бермейді. 
Ал олар өз балаларының тәрбиесіне ойдағыдай көңіл бөліп жатыр ма? Әкесі мен шешесінің жұмыс істегені, әрине жақсы. Табысы көп отбасының балаларының материалдық жағдайы жаман болмас. Ал, бірақ, бала деген – болашағың. Сенің жасап жатқан ісіңнің бәрі сол балаң үшін емес пе?
Жақында Тараз қаласындағы үлкен мектептердің бірінде ата-аналар жиналысына қатыстым. Әлгі білім ордасында 2 мың оқушы оқиды. Ал, 11 сыныпты 108 жеткіншек оқып жатыр екен. Жиналысқа негізінен 11 сынып ата-аналары шақырылған ғой. Әлгі шараға 108 баланың ата-анасынан 30-ы қатысты. Сонда қалған 78  ата-анаға бәрібір ме? Ұл-қыздарының мектеп бітірер жылғы оқу нәтижелері, тәртібі, жүрісі маңызды емес пе?  Ал, жиналыс Ұлттық бірыңғай тесттілеуге дайындық, 11 сынып оқушысының білімі мен тәрбиесі туралы болды. Ата-ана үшін ең керек мәселе, ең керек тақырып бүгінгі таңда осылар ғой деп ойлаймын.  Мектеп директоры алғашқы айлардағы тестілеудің қорытындысы бойынша нәти-желерді шырылдап айтып жатыр. Мектепте 3 «Алтын белгі», 5 «Ерекше аттестатқа» үміткер бар екен. Солардың ішінде тек бір оқушы ғана 108 балл жинапты. Қалған үздіктермен де ұстаздар  жұмыс істеуге тура келеді.Бұл жерде ата –ананың рөлі үлкен. 
Мен түсінемін, өмір ғой. Әлгі 108 оқушының ішінде бірінің әкесі, енді бірінің анасы жоқ шығар. Тіпті, әкесі мен шешесі жоқ жеткіншектер де бар болар. Бірақ, біздің мемлекетте  ешқандай бала қамқорлықсыз қалмаған  ғой.  Тіпті, жиналысқа бірге туған бауырлары келсе де, қамқоршылары келсе де болады. Айтпақшы сол 30 ата-ананың ішінде  екі-үшеуі   аз ғана отырып, тойға сұранып шығып кетті. Баланың мәселесі қозғалған жиналыстан гөрі той қызығырақ болып тұрғаны ма? 
Әйтеуір сол жиыннан көңілсіз қайттым. Жасөспірімдер қылмысы көбейді дейміз, жасөспірімдер ұстаз бен ата-ананы тыңдамайды дейміз. Соның бәрі өзімізден емес пе? Өзіміз жас кезінен баланың тағдырына жанашырлықпен қарап жүрміз бе?! Баланы еркелете алдық па, мейірім төге алдық па?  Баламен сырласа алдық па? Ал, бала деген әкесі мен шешесінің назар аударғанын қалайды.   Былайша, бала ғой деп мән бермеуіміз мүмкін. Сол бала деп өмір сүріп жатырмыз дейміз. Бірақ сол балаларымызбен сырласып жүрміз бе? Сенбесеңіз ең төмен үшінші немесе төртінші сынып оқушысына «Менің ата-анам» деген тақырыппен эссе – шығарма жаздырыңызшы. Қалай төгілтіп жазар екен. Сол жазудан олардың ата-ана жылуын керек ететінін, жұмыс жұмыс дей бермей, әке мен шеше бір мезгіл балаға көңіл бөлгені жөн екенін байқайсыз. Себебі, әр бала – ел болашағы. Әр баланың жүрегі, көңіл күйі,    сезімі бар. Әр бала бақытты және білімді болуға лайық. Ол үшін сіздер – ата-аналар балаға уақыт табуыңыз  керек. Баланы ойнатып, әңгімелесіп, ішкі әлеміне құлақ түруіңіз керек.Сонда ол бала сіз ойлағандай  перзент болып өседі. Жас көшетті баптамасаңыз, су құйып, нәр бермесеңіз, өсуі әлсіз болмай ма?! Бала деген де сол – жас көшет. Жас көшетті күтіп баптау – парызымыз.   Содан соң ата-аналар жиналысы мен мектеппен байланысуға әкелер аз қадам жасайды.   Әлгі  жиналысқа барған 30 пайыз ата-ананың көпшілігі әйелдер. Сонда әкенің жауапкершілігі мен рөлі қайда қалды? Баласы 11-сынып оқып жүргенде жиналысына 30 минут уақыт таба алмаған әке қандай әке? Ойланатын мәселе көп. Шешімі қашан табылар екен? Бала тәрбиесіне көңіл бөлу – басты мұрат. Осыны ойладыңыз ба? 

Ерубай Әбдәшімов, 
 еңбек ардагері

Тараз қаласы

Обсудить
Блок в статье:
Тектіліктің тамыры 09 апрель 2026, Четверг
Күн туды ескі жұртқа жаңаратын 09 апрель 2026, Четверг

Похожие материалы:

Ата-ана кінәлі ме,  қоғам ба?
24 октябрь 2024, Четверг
Ата-ана кінәлі ме, қоғам ба?
ОТБАСЫ БІРЛІГІ БӘРІНЕН ҚЫМБАТ
30 январь 2024, Вторник
ОТБАСЫ БІРЛІГІ БӘРІНЕН ҚЫМБАТ
Адамның бір қызығы бала деген...
02 январь 2025, Четверг
Адамның бір қызығы бала деген...
ЕҢБЕК ЕЛЕНСЕ ЕКЕН ...
26 февраль 2024, Понедельник
ЕҢБЕК ЕЛЕНСЕ ЕКЕН ...
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры