Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Халықтың мұң-мұқтажын айтатын журналистердің өздері қолдауға зәру

Халықтың мұң-мұқтажын айтатын журналистердің өздері қолдауға зәру

30 июнь 2025, Понедельник
16
0
Жасыратыны жоқ, кеңес заманында қазақ баспасөзі өгей баланың күнін кешті. Бір жағынан партияның шектеулері қысса, екінші жағынан «аға ұлт» саналатын орыс журналистикасының көлеңкесінде қалып кететін. 
Ел тәуелсіздігі қазақ журналис-тикасының екінші тынысын ашты. Сахнаға ұлт мүддесін көтерген тегеурінді басылымдар, қаламы қарымды, тіпті аса өткір қазақ журналистері шықты. Бұл қазақ журналистикасының өрлеген, дәуірлеген кезеңі болды. Алысқа бармай-ақ, тәуелсіздіктің қарсаңы мен елең-алаңында ұлт мүддесін жоқтаған, ұмыт қалған ұлы тұлғаларымызды тірілткен, қазақ тілінің мүшкіл халін қозғаған өткір мақалалар жариялаған өзіміздің облыстық «Еңбек туы» (қазіргі «Аq jol») газетінің беделі шарықтап көтеріліп, таралымы 55 мың данаға дейін жетті. Ел газетті іздеп жүріп оқыды.
Бірақ, халықтың, ұлттың мұң-мұқтажын шырылдап жазып, айтып жүрген, Шераға айтпақшы «Арқалағаны алтын, жегені жантақ» журналистер қауымының өзінің мұң-мұқтажы одан да көп еді. Өтпелі кезең ауыртпалықтары, еліміздің саяси және экономикалық жүйесіндегі түбегейлі өзгерістер БАҚ саласын да айналып өткен жоқ. Газет-журналдардың ұйымдық үлгілері де, қаржыландыру көздері де өзгерді. Бұрын партия комитеттерінің органдары болып келген басылымдар не мемлекетік, не жекеменшік құрылымға жатпай, дүбара күй кешуде. Бұл журналистер қауымының жалақысына, баспаналы болуына, түпкі есепте қазақ журналистикасының жаңа дәуірдегі беделі мен деңгейіне салқынын тигізді. 
Еліміздің еңсесі көтерілуіне байланысты бұл мәселелердің бірқатары шешімін тапқанымен, БАҚ саласын толғандырған проблемалар әлі де аз емес. Ол әсіресе жергілікті деңгейдегі ақпарат құралдарына қатысты.
Оны шешудің жолдары қандай?
Біріншіден, жоғарыдағылар облыстық, аудандық деңгейдегі басылымдарға өгей балаша қарауды қоюы керек. Маған қазір еліміздің БАҚ саласы екіге бөлініп кеткендей көрінеді. Астана мен Алматыдағы ақпарат құралдары халықаралық деңгейдегі «элиталық қазанда» қайнап жатса, облыс, аудан деңгейіндегі ақпарат құралдары «жергілікті қара қазанда» қайнап жатыр. Олардың материалдық-техникалық та, қаржы-лық та жағдайлары жер мен көктей. Кезінде министрлік, қоғамдық ұйымдар тарапынан ұйымдастырылған семинар, жиналыстарға көп қатыстым. Бірақ ондай басқосуларға жергілікті БАҚ өкілдері шақырылғанымен, олардың проблемалары айтылмай шет қала беретін.
Екіншіден, облыстық, аудандық басылымдарды білікті журналист мамандармен қамтамасыз ету. Кезінде оларды жас мамандармен Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультеті арнайы жолдамалармен жіберу арқылы қамтамасыз етіп отыратын. Бертінде ол жақсы үрдіс тоқтады. Соның салдарын жергілікті, әсіресе аудандық деңгейдегі газеттер маман тапшылығын қатты сезінуде. Қатардағы тілшілерді айтпағанда, кейбір аудандық газеттерді журналистикаға мүлде қатысы жоқ мамандар басқарып отыр. Бұдан кейін басылымның беделі, шығармашылық деңгейі туралы не айтуға болады? Жағдайды түзеу үшін Тараз өңірлік университетіндегі журналистика бөлімін кеңейту және нығайту керек деп ойлаймын. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына мықты мамандар даярлау ісінде жергілікті билік те қолғабыс көрсетуі қажет.
Үшіншіден, облыстық, қалалық, аудандық басылымдардың матер-иалдық-техникалық, қаржылық жағдайларын, онда жұмыс істейтін қызметкерлердің тұрмыстық мұқтаждарын шешу керек. Жалақысы мардымсыз, еш жағдайы жоқ, баспана мәселесі шешілмеген қызметке жоғары білікті мамандардың бармайтыны түсінікті. 
БАҚ беделіне қатысты тағы бір өзекті мәселе – олар көтерген мәселерге, жазған сындарға, сөз жоқ тиісті құзырлы мекмелер жауап  беруі керек. Кеңес заманында газетте жарияланған сын мақалаларға міндетті түрде жауап берілетін. Кінәлілер қатаң жазаланып, кемшіліктер шұғыл түзетіліп жататын. Қазір билік орындарынан ешқандай әрекет жоқ. 
Бұл айтылғандар қазіргі БАҚ саласына қатысты өзекті проблемалардың бір парасы ғана.

Обсудить
Блок в статье:
Құланнан ұшқан қыран 30 июнь 2025, Понедельник
сын қайда, шын қайда? 30 июнь 2025, Понедельник

Похожие материалы:

ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ
10 март 2023, Пятница
ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ
ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ
10 март 2023, Пятница
ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ
ЖЕТПІС ПАЙЫЗҒА ЖЕТІППІЗ
06 апрель 2023, Четверг
ЖЕТПІС ПАЙЫЗҒА ЖЕТІППІЗ
ШОНА САТИРАЛАРЫ САХНАЛАНДЫ
15 апрель 2024, Понедельник
ШОНА САТИРАЛАРЫ САХНАЛАНДЫ
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры