Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11

ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ

10 март 2023, Пятница
92
0
Көрмедім мен осындай қайраткерді,
басқар десе, басқарды аймақты, елді.
Бесігін де тербетіп, үйін де ұстап,
айда десе, комбайн айдап берді.
Қорға десе, Отанды, басын тікті,
атын жазып кітапқа асыл түпті.
Қазақ қызы жасаған ерліктерге,
қайран қалды басы асау ғасыр тіпті!
Ұға білген мезгілдің кезеңін кең,
өлең жазса, өрнекті сөзі өрілген.
Күте білген ақылмен азаматын,
қиындыққа сабырмен төзе білген.
Білінбеді - биік пен алысты алса,
үндемеді бәйгеден қалыс қалса.
Қалпағы бар жігітке шаң қаптырған,
Қазақ қызы бүрқанып намыстанса!
Ел анасы – баулыған батыл ұлан,
ерлігіне бермеген жақынын мән.
Бас жүлдені алады, жарыстарға
қатыстырса – көркінен, ақылынан!
Ғылымы жоқ меңгеріп, бой ұрмаған,
Ұлылықпен қозғаған ойын қоғам.
Қазақ қызы – 
қазақтың мақтанышы,
ерлігіне ескерткіш қойылмаған!

Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ
10 март 2023, Пятница
ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ
Дара айтқан дана сөз
10 ноябрь 2021, Среда
Дара айтқан дана сөз
Қазақ бол!
19 март 2021, Пятница
Қазақ бол!
Баспасөз
29 июль 2020, Среда
Баспасөз
Абай-дара, Абай-дана
28 август 2020, Пятница
Абай-дара, Абай-дана
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры