Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » ШОНА САТИРАЛАРЫ САХНАЛАНДЫ

ШОНА САТИРАЛАРЫ САХНАЛАНДЫ

15 апрель 2024, Понедельник
58
0
Биыл, атақты ақын, қазақ сатирасының сүлейі, ұлт жанашыры Шона Смаханұлының  туғанына 100 жыл толады. Сатирик - ақын Шона Смаханұлы артында мол әдеби мұра ғана емес, ұлт жанашыры, қайраткер қаламгер ретінде елеулі із де қалдырған кісі. Тоталитарлық заманда білім беру саласындағы кері тартпа әрекетті сынап, Алматыда қазақ мектептерін көбейту жолында қаламын қару етіп күрескен, мемлекеттік тіліміздің нығаюына ерекше серпін, күш беріп, қазақ руханиятының өсіп - өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан тұлға. 
Ақын, жазушы, қазақ сатирасының сардары Шона Смаханұлының 100 жылдығына арналған шаралар туған топырағынан бастау алды. Ақынын ардақтаған елі Шона Смаханұлының 100 жылдығына орай халық театрларының арасында «Шоқ тілді – Шона» атты облыстық фестиваль байқауын ұйымдастырды. Байқауға облысымыздың 10 ауданынан 13 халық театры қатысып, бақ сынады. 
Іс шараны аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков ашып, ізгі лебізін арнады. 
– Шона Смаханұлы – қызыл сөздің шебері, киелі ана тіліміздің жанашыры, сатираның сарбазы, Таластың тарлан мінез тау тұлғасы болған кісі. Сонау 70-жылдардың аяғы 80-жылдардың басында Алматыда қазақ мектептері жоққа тән екендігін байқап, дабыл қаққан, тек дабыл қағып қана қоймай, өзі тікелей осы істі қолға алған азамат. Киелі Талас топырағында дүниеге келіп, артына өшпес мол мұра қалдырған жерлесіміздің шығармашылығы туралы қанша айтып, насихаттасақ та жарасымды. Ол кісінің әрбір сөзі, ұлттық тәрбиесі – кейінгі ұрпаққа өшпес өнеге болып қалары сөзсіз, – деген Нұрбол Әбдімәжитұлы байқауға келген өнерпаздарға сәттілік тіледі. 
Фестиваль шымылдығы Талас халық театрының Шона Смаханұлы-ның сөзіне жазылған композитор Ә. Тінәлиевтың «Ананың тілі – аяулы үні» атты сөзі мен сазы үйлесім тапқан, әуезді әнмен ашылды. 
Өнер додасының шарты мен талаптарына сай, сахна саңлақтары екі кезең бойынша сынға түсті. Театрлар әуелі Шона Смаханұлының шығармаларының бірін сахналаса, екінші кезең еркін тақырыпта болды. Байқауға қатысушы өнерпаздар Шонаның күлкіге қарық қылатын, бірақ астары салмақты, айтар ойы терең, қоғамның ащы шындығына негізделген жемқорлық пен азғындық, ащы судың азабы мен зардабы сынды өткір мәселелері сатиралық туындылары сахналады. 
Байқаудың барысын байыппен бағамдам, қазылық жасаған Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Қазақстанның Құрметті журналисті Асқарбек Сейілхан, Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі, облыстық халық шығармашылығы орталығының режиссері Нұралы Абдуллаев, Қазақстан Журналистер Одағының, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Сабырғали Рысбаев, республикалық «Қазақ үні» газетінің меншікті тілшісі, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы ақпарат саласының үздігі, Ерман Әбдиев және Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының труппа меңгерушісі Бахтияр Көпжасаров сынды қазылардың шешімімен «Шоқ тілді  Шона» атты облыстық әзіл-сықақ байқауында өнерімен ерекшеленіп, халықты күлкіге қарық қылған, күлдіре отырып, ой салған «Талас» халық театры жеңімпаз атанса, екінші орынды Т.Рысқұлов ауданының «Басқар Битанов» театр ұжымы иеленді, ал үздік үштікті мойынқұмдықтар түйіндеді. Сондай-ақ, «Көрермен көзайымы» аталымы Жамбыл ауданының «Дарын» театрына бұйырды. Жеңімпаз - жүлдегерлер ақшалай сыйақымен марапатталды. Сонымен қатар, байқауға қатысқан халық театрлары ынталандыру сыйлықтарына ие болды. Жеңіс тұғырынан көрінген өнер ұжымдары республикалық бәсекеде бақ сынамақ.

Индира ЕРКІНҚЫЗЫ, 
журналист. 

Талас ауданы.
Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

Тұсаукесер
29 сентябрь 2021, Среда
Тұсаукесер
Мерейтой
08 декабрь 2021, Среда
Мерейтой
АҚЫНЫН АРДАҚТАҒАН ЕЛ АЗБАЙДЫ
15 декабрь 2023, Пятница
АҚЫНЫН АРДАҚТАҒАН ЕЛ АЗБАЙДЫ
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры