АҚЫНЫН АРДАҚТАҒАН ЕЛ АЗБАЙДЫ
Әдетте шығармашылық адамдарың, ақын - жазушыларды, «тарихты жасаушылар» деп бағалап жататынымыз бар.
Біздің жерлесіміз, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақиық ақын Әбдірахман Асылбекті солардың қатарына жатқызуға болады. Оның көзі тірісінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мәдениет саласының үздігі атануы, еліміздің үздік балалар ақыны ретінде бағалануы, көптеген байқаулардың жеңімпазы, жүлдегері болуы - осыған дәлел.
Әбдірахман Асылбек республикалық басылымдарда басшы, лауазымды қызметтер атқарған. Оларды санамалап жатпай - ақ, әр жылдарда Жамбыл облыстық «Еңбек туы» (қазіргі «Ақ жол») газетінде тілші, Қазақстан Жазушылар одағының Жамбыл облыстық бөлімшесінің хатшысы қызметтерін атқарғанын, ауыз толтырып айтуға болады.
Ақын Әбдірахман Асылбектің қазақ әдебиетінің дамуына сіңірген еңбегі зор. Ол алғашында балалар ақыны ретінде танылған. Оның балаларға арналған «Жапырақтар», «Қиял қиясында», «Алтын дән», «Алатау аясында», «Көкорай көктем», «Түрлі - түрлі бала бар», тағы басқа кітаптары кезінде оқырмандардың зор ілтипаттарына бөленді. Өскелең жас ұрпақтың жанына жақсылықтың дәнін сеуіп, нәрін еккен ақын өлеңдері мектептерге арналған «Қазақ әдебиеті хрестоматиясы» оқулықтарына енген. Әбдірахман Асылбек – әдебиеттің сатира саласына да үлкен үлес қосқан ақын. Оның сатиралық шығармалары топтастырылған «Ұр, тоқпақ» атты кітабындағы әзіл - сықақ өлеңдері, шымшымалары қоғамдағы жат көріністерді сын садағына алып, қоғамның жанды жарасын қаңдауыр қаламымен сылып тастауға себеп болған.
Әбдірахман Асылбек – жүздеген ән мәтіндерінің авторы. Оның көптеген сазгерлермен шығармашылық одақта өмірге әкелген әндері өміршеңдігімен әйгілі. Әлі де сахнадан түскен жоқ. Оның сыршыл әндері адамдарға рухани байлық сыйлауда. Әбдірахман өлендеріне ән жазған сазгерлер қатарында Орынбасар Әбжапаров, Мэлс Өзбеков, Алтынбек Қоразбаев, Сәрсенбек Бәкіров, Әбиірбек Тінәлі сынды жерлестеріміз де бар. Әбдірахман Асылбектің «Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі» атағын иеленуі – оның осы шығармашылығының бағалануы.
Әбдірахман Асылбек шебер тәржімеші ретінде танымал. Оның орыс әдебиетінің классигі Иван Крыловтың «Мысалдарын» қазақ тіліне аударып, оқырмандарға тарту еткенін де білеміз. Аударма дегеннен шығады, ақын Әбдірахман Асылбек өмірінің соңына қарай батыл қадамға барып, Құран Кәрімді өлең түрінде қазақшаға аударды. Ақын дүниеден қайтқан 2018 жылы жарық көрген «Қасиетті Құран – мәңгілік мұраң» кітабы-қазақ әдебиетінің аудармасындағы айтулы еңбек. Әулиеата өңіріне танымал діндар, Бұхара мен Қарнақ медреселерінде оқыған Жүнісбек молданың баласы Әбдірахман жас кезінде әкесінен арабша дәріс алған. Оның имандылық тақырыбына батыл қадам жасауы осыдан болса керек.
«Құран сүрелері араб тілінде оқылса да сайсүйекті сырқыратып, өнебойыңды шымырлатып, ерекше сергек сезімге бөлейтіні анық. Бәлкім, Алла Тағаланың тарту еткен аянының да әсері шығар, ойға «Неге Құран аяттарын тіліміздегі ойлы орамдармен, мәнерлі мақамдар, әсем әуез, үйлесімді үнмен оқылатындай етіп өлең түрінде жазып шықпасқа?!»деген пікір орала кетті.Ақырында, осындай еңбекке қажыр-қайрат жұмсауды жауапкершілігім санадым да, Алланың сәтін салуымен «биссилмилә» деп бастап кеттім.
...Жауапты да сауапты істі атқару барысында жіберген қателіктерімді кешіруді Алладан жалбарына сұрап, мұсылман қауымынан кемшіліктерім үшін айып етпеулерін өтінемін»
Әбдірахман Асылбек Құран Кәрімді аударуға кірісер алдында осылай деп жазыпты.Бұл- имандылықтың белгісі. Қалай десекте, бұл аударма- асыл қазына.
Әбдірахман Асылбек – ұлтшыл, отаншыл, туған жерін сүйіп өткен азамат. Олай деуімізге ақынның дүниеден озар алдында «Көп болса жүз жасармын, көп тұрмаспын, Ел елер еңбек етсем, кеп тұрмас кім. Атанған әруақты Әулие Ата, қырында жатсам болды «Тектұрмастың» – деп жазған өлең шумағы дәлел. Ол ақын аманаты. Аманат орындалып, Әбдірахман Асылбек Тектұрмас зиратханасына жерленген.
Биыл ақынның туғанына - 85, өмірден қайтқанына -5 жыл. Осыған орай оның отбасы мен ұрпақтары шығармалар жинағының 10 томдығы мен И.Крыловтан аударған «Мысалдар» кітабын баспадан шығарып, оқырмандарын көзайым етті.
Жуырда ақынның жары Фатима жеңгеміз ұл- қыздары Албан,Айбат, Айнаттарды ұрпақтарымен қоса ертіп келіп, облыстық Шоқан Уәлиханов атындағы кітапханада, Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығында көптомдығы мен «Мысалдар» кітабының тұсаукесерін жасап, «Сәтті» мейрамханасында еске алу асын беріп, әруағына құран бағыштады.
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мәдениет саласының үздігі Әбдірахман Асылбек – біздің мақтанышымыз. Ел абыройын асырған асыл азаматтың есімін мәңгі есте қалдыру үшін Талас ауданының орталығы Қаратау қаласынан, туған ауылы Үшаралдан оның атына бір-бір көшеннің атауын берсе, дұрыс болар еді. Бұл - көпшіліктің тілегі. Осы тілек билік тарапынан қолдау тапса, нұр үстіне нұр.

Жұманбек ӘСЕМОВ,
Малтабар ЖАМАНБАЕВ,
Қыдырәлі ЖҮСІПОВ,
еңбек ардагерлері,
Талас ауданы.
Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)