Қоғам назары қаламгерлерге ауған күн
28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Жамбыл облысының тумасы, өңірлік журналистиканың көрнекті өкілі Бекет Момынқұл мемлекет тарапынан жоғары марапатқа ие болды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ақпарат саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін белгілі журналистке “Құрмет” орденін табыс етті.
Жамбыл журналистикасында өзіндік қолтаңбасы бар, өңір өмірінің тыныс-тіршілігін шынайы жеткізуге тұтас ғұмырын сарп етіп келе жатқан Бекет Момынқұлдың бұл марапаты — кәсіби біліктілік пен адал еңбектің жемісі. Ол жылдар бойы отандық журналистиканың өркендеуіне, жас тілшілерді тәрбиелеуге және өңірде қоғамдық пікір қалыптастыруға зор үлес қосты.
***
Кеше "Көне Тараз" кешеніндегі көрме залына бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне байланысты облыс әкімі Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев аймақтың маңдай алды журналистерін құттықтады. Президент Жарлығымен "Құрмет" орденімен марапатталған ардагер журналист Тұрсынхан Толқынбаев, "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған облыстық "JambYl" телеарнасының директоры Гүлбаршын Құланбаева облыс әкімі қолынан мәртебелі наградаларын алды. Сондай-ақ, облыс әкімі бірқатар журналистерге "Ақпарат саласының үздігі", "Жамбыл облысына сіңірген еңбегі үшін" төсбелгілері мен облыс әкімінің Құрмет грамотасын, Алғыс хатын табыстап, қаламгерлерге зор шығармашылық табыс тіледі.
Журналистеріміз облыстық мәслихат тарпынан да елеусіз қалған жоқ. Облыстық мәслихаттың төрағасы Абдалы Нұралиев шығармашылық табыстары үшін қаламы жүйрік әріптестерімізге облыстық мәслихаттың Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын табыстады.
Қазақстан Журналистер Одағы облыстық филиалының төрағасы Жаңабай Миллионов медицина ғылымының докторы, профессор Сағындық Ордабековке Қазақстан Журналистер Одағының Алтын медалін, ардагер журналист Құрманбек Әлімжанға Қазақстанның Құрметті журналисі атағының төсбелгісін, "Аq jol" газетінің аға тілшісі Есен Өтеулиевке және "JambYl" телеарнасының редакторы Жансая Дүйсенқұлға Жамбыл облысының 2025 жылғы "Үздік журналисі" төсбелгісін, бірқатар қаламы жүйрік журналистерге Қазақстан Журналистер Одағының Құрмет грамотасын табыс етті.
Кеше, сондай-ақ Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков бір топ ардагер журналистер мен қаладағы бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін қабылдап, шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуында олардың шығармашылық еңбектерінің үлесі зор екендігін атап өтті. Қалабасы үздік журналистерге қала әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын табыс етті, өз кезегінде қалалық мәслихаттың төрағасы Кенжебек Олжабай да қаламы қарымды журналистерге құрмет көрсетті. Сөйтіп, журналистер мерекесі қарсаңында қазақ қоғамы қаламгерлерге деген өз ықыласын осылайша паш етті .

Обсудить
Блок в статье:
Құланнан ұшқан қыран
30 июнь 2025, Понедельник
Батамен басталған істің берекесі болады
30 июнь 2025, Понедельник
сын қайда, шын қайда?
30 июнь 2025, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)