КӨРНЕКТІ ҚАЛАМГЕРГЕ ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА ҚОЙЫЛДЫ
Блок в статье:
Серік Сәлемов Жамбыл облыстық бокс федерациясының президенті болып сайланды
28 март 2025, Пятница
Еске алу кеші
28 март 2025, Пятница
БИ ӘДІЛ БОЛМАЙ – ІС ІЛГЕРІ БАСПАЙДЫ
23 март 2025, Воскресенье
Кеше бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында көрнекті жазушы-драматург, журналист, халықаралық "Алаш" сыйлығының лауреаты, кезінде "Ақ жол" газетінің бас редакторы болған, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Әлдихан Қалдыбайұлының Тараз қаласындағы Төле би көшесінің бойында өзі тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды.
Көрнекті жазушы-журналисті еске алуға ол кісінің тәрбиесін көрген шәкірттері, замандастары және туыстары қатысты.
Жиында бірінші болып сөз алған Тараз қалалық маслихатының төрағасы Кенжебек Олжабай қаламгердің шығармашылық жолына тоқталды.
Әлдихан Қалдыбайұлымен ұзақ жылдар бірге қызметтес болған жазушы-драматург, халықаралық "Алаш" сыйлығының лауреаты Елен Әлімжан жиналған көпшілікпен өзінің естеліктерін бөлісті.
Қазақстан Журналистер одағы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, Әлдихан Қалдыбаевтың қаламдас шәкірті Жаңабай Миллионов жазушы һәм журналист ағаның балалар әдебиетіндегі баға жетпес орны туралы айтып, ол кісінің журналистік жолына тоқталды.
Жазушының жары – Бану Тасболатова Әлдекеңнің рухын әспеттеп, шығармашылық мұрасы туралы жылы лебіз білдіріп жатқан көпшілікке ризашылығын білдірді.
Жиын соңынан Әлдихан Қалдыбаевтың әруағына бағышталып "Қарахан" дәмханасында ас берілді.
"ҒҰМЫР-ДАРИЯ" – АҚПАРАТ.
Похожие материалы:
Комментарии (0)