Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Арулар, аналар ардақталған күн

Арулар, аналар ардақталған күн

08 март 2025, Суббота
62
0
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Тараз қаласындағы Баласағұн орталық концерт залында облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің қатысуымен салтанатты жиын өтті. Концерт залына кіре берісте жігіттер қауымы салтанатқа келген әрбір қыз-келіншекке көктемнің алғашқы алқызыл гүлін сыйға тартты. 
Салтанатты шараның төріне көтерілген облыс әкімі Ербол Шырақбайұлы Қарашөкеев аймақтың қыз-келіншектерін, ару аналарын жарқын да мерейлі көктем мерекесімен шын жүректен құттықтады. 
Аймақ басшысы Қазақстан Республикасының Жарлығымен марапатталған  М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессоры Күлжәмилә Жолдасоваға "Парасат" орденін, Тараз қаласы білім саласының ардагері Сара Іңкәтқызы Молдашбаеваға, Байзақ ауданындағы балаларды оқыту орталығының директоры Күнсая Нұрланқызы Әміроваға, Қордай ауданынан жеке кәсіпкер Рамиля Рысбекқызы Жаманақоваға, №2 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің бокстан жаттықтырушысы Әйгерім Бауыржанқызы Сәттібаеваға, "Ерен еңбегі үшін" медалін салтанатты жағдайда табыс етті. Сондай-ақ, облыс әкімінің қолынан бір топ аналар мен ару қыздарымыз "Облысқа сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісін, облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарын алды. Облыстық мәслихаттың төрағасы Абдалы Нұралиев бір топ нәзік жандыларға Жамбыл облысының Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарын табыс етті.  Салтанатты жиын одан әрі қарай облыстық филармония  өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты. 
Кеше аймақ басшысы "Анаға тағзым" облыстық отбасын қолдау орталығында аймағымыздың әр түрлі саласында табысты еңбек етіп жүрген 31 ару қыздарымыз бен ардақты аналарымызбен кездесіп құрмет көрсетті, сый-сияпат жасады, олардың өлкеміздің өсіп-өркендеуіне қосып жүрген жасампаздық еңбектеріне өзінің ризашылығын білдірді. 
"ҒҰМЫР-ДАРИЯ" – АҚПАРАТ
Обсудить
Блок в статье:

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры