Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » ҚАЛАМГЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕГІ ЖАНҒАН КҮН

ҚАЛАМГЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕГІ ЖАНҒАН КҮН

28 июнь 2024, Пятница
35
0
Кеше облыс әкімі Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев «Көне Тараз» этно-мәдени кешеніндегі көркемсурет галлереясы залында Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні кәсіби мерекесіне орай аймақтың жетекші журналистерін, ардагер қаламгерлерді қабылдап, айтулы мерекемен құттықтады.
Мереке қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталған «Jasyn» ақпараттық порталының жетекшісі Оралхан Абдрашұлы Даутов, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған «AULIEATA-MEDIA» ЖШС-не қарасты «Ақ жол» газеті редакциясының фототілшісі Ақәділ Маханбетханұлы Рысмаханов, «Шапағат» медалімен марапатталған Талас аудандық «Талас тынысы», Меркі аудандық «Меркі тынысы», Мойынқұм аудандық «Мойынқұм таңы» газеттерінің бас директоры Олжас Ғалымұлы Иенберген салтанатты жиында облыс әкімі қолынан мәртебелі наградаларын алды.
Жиын барысында облыс әкімі аймақтың бір топ журналистеріне және қаламгер ардагерлерге Қазақстан Республикасы «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісін, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Алғыс хатын, Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын салтанатты жағдайда табыс етті. 
Жамбыл облыстық мәслихатының төрағасы Абдалы Нұралиев бірқатар журналистерге Жамбыл облыстық мәслихатының Құрмет грамотасын табыстады.
Салтанатты шара барысында Қазақстан Журналистер одағы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Жаңабай Миллионов этнограф, құсбегі, табиғат жанашыры, республикалық «Ұлы шаңырақ» газетінің бас редакторы Жапар Сатылғановқа Қазақстан Журналистер одағының Алтын белгісін, ардагер журналист, «Әулиеата» газетінің бас редакторы Қуаныш Иембердиевке «Қазақстанның Құрметті журналисі» төсбелгісін, бір топ журналистерге Қазақстан Журналистер одағының Құрмет грамотасын табыс етті. Филиал төрағасы «AULIEATA–MEDIA» ЖШС-не қарасты Жамбыл олыстық «Знамя труда» газеті бас редакторының міндетін атқарушы, ардагер журналист Людмила Анатольевна Мельниктің, «Қазақстан» РТРК» АҚ Жамбыл облыстық филиалының шеф-редакторы Жалғас Қошқарбайдың, Қордай аудандық «Қордай шамшырағы – Кордайский маяк» газетінің бас редакторы Шолпан Талғатқызы Сабанованың «Жамбыл облысының үздік журналисі» төсбелгісімен мараптталғандығын жария етті.
Журналситерге арналған салтанатты шара Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармония өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.
«ҒҰМЫР-ДАРИЯ» АҚПАРАТ
Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры