Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » АДАЛДЫҚ ПЕН ӘДІЛДІКТІҢ, КІСІЛІК ПЕН КІШІЛІКТІҢ ҮЛГІСІ БОЛҒАН ҰЛЫ АДАМ

АДАЛДЫҚ ПЕН ӘДІЛДІКТІҢ, КІСІЛІК ПЕН КІШІЛІКТІҢ ҮЛГІСІ БОЛҒАН ҰЛЫ АДАМ

30 январь 2024, Вторник
78
0
Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 112 жыл толуына орай және ұлы тұлғаның «Ақиқаттан аттауға болмайды» естелік - эссе кітабының тағлымдарын, даналық сөздерін қалың жұртшылық арасында кеңінен насихаттау мақсатында бұрнағы күні Дінмұхамед Қонаев орталығында Халықаралық Д. Қонаев қоры Жамбыл облыстық бөлімшесінің және Қазақстан Журналистер одағы облыстық филиалының бірлесе ұйымдастыруымен «дөңгелек үстел» отырысы болды. Алқалы басқосуға «Aulieata - Media» ЖШС - не қарасты облыстық газеттердің бас редакторлары, Тараз қалалық және аудандық газеттердің бас редакторлары, «Жамбыл», «Тараз - 24» телеарналарының Халықаралық Д.Қонаев қоры мен Қазақстан Журналистер одағы облыстық филиалының, Д.Қонаев орталығының өкілдері, қонаевтанушы ғалымдар, зиялы қауым және ардагер журналистер, облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Дархан Акышев, Тараз қалалық әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлназ Есенғалиқызы Сімәтілдаева қатысты.
 
Ұлы тұлғаның туған күні қарсаңында өткізіліп отырған «дөңгелек үстел» отырысын Халықаралық Д.Қонаев қоры облыстық бөлімшесінің төрағасы Қибат Тілеуқұлұлы Асқарбеков кіріспе сөз сөйлеп ашты. Ол Дінмұхамед Қонаевтың саяси шығармашылық мұралары қазақ халқымен бірге жасай беретіндігін тілге тиек ете келе ұлт көсемі деңгейіне көтерілген дарабоз қайраткердің өмір жолын өскелең ұрпақ арасында кеңінен насихаттауда бұқаралық ақпарат құралдарының маңызының зор екендігіне тоқталды. 
Басқосуда алғаш болып сөз алған әдебиеттанушы, Д.Қонаев мұраларын зерттеуші, М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің аға оқытушысы Бақытжан Мақашев Д.Қонаевтың «Ақиқаттан аттауға болмайды» атты естелік - эссе кітабы туралы жиналғандар алдында мазмұнды баяндама жасады. Әдебиеттанушы ғалым Дінмұхамед Ахметұлының сан қырлы саяси қызметі мен өнегелі өмір жолына нақты мысал келтіре отырып әңгімеледі.
Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының директоры Сауран Қалиевтың Дінмұхамед Қонаевтың Қазақстан ғылымына сіңірген еңбегі туралы сөзі «дөңгелек үстел» отырысына қатысушылардың қызығушылығын туғызды. Ол Дінмұхамед Ахметұлының Ұлттық ғылым академиясын қалыптастырудағы, ұлттық ғылыми кадрларды тәрбиелеудегі, ғылыми - зерттеу институттарын, облыс орталықтарында жоғары оқу орындарын құрудағы зор еңбегін атап өтті.
«Дөңгелек үстел отырысында сөйлеген облыстық мәслихаттың депутаты, белгілі қаламгер Оралхан Дәуіт, «Aulieata - Media» ЖШС бас директоры Данияр Асқарұлы, облыстық «Ақжол», «Арай» газеттерінің бас редакторлары Хамит Есаман, Тұрсынбек Сұлтанбек, Жамбыл аудандық «Шұғыла» газетінің бас редакторы Нұрасыл Сұлтанбаев Д.Қонаевтың өмірі мен қызметі туралы газет беттерінде кеңінен насихаттаудың маңыздылығына тоқталды.
Жиынды қорытындылаған Қазақстан Журналистер одағы облыстық филиалының төрағасы, облыстық «Ғұмыр - Дария» газетінің директоры - бас редакторы Жаңабай Миллионов өз заманында адалдық пен әділдіктің, кісілік пен кішіліктің символына айналған Дінмұхамед Қонаевтың есімі мен ісі ұрпақтар жадында мәңгі сақталуы үшін бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері үлкен шығармашылық ізденіспен жұмыс атқаруы керек екендігіне тоқталды. Басқосуға қатысушылар ұлы тұлға мұраларын одан әрі тиімділікпен насихаттай беруге пәтуаласты.
«ҒҰМЫР - ДАРИЯ» АҚПАРАТ
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры