Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » ЕСКЕРТКІШТІҢ ТҰҒЫРЫНА ҚОНАР КҮНІ ЖАҚЫН

ЕСКЕРТКІШТІҢ ТҰҒЫРЫНА ҚОНАР КҮНІ ЖАҚЫН

14 июль 2022, Четверг
163
0
Даналық пен тазалықтың символындай болған ұлтымыздың ұлы тұлғасы– Дінмұхамед Қонавеқа деген туған халқының сүйіспеншілігі болар, ол кісіге Тараз қаласының қақ төрінен еңселі бір ескерткіш орнатсақ деген көптің ниеті біраздан бері орындалмай келе жатыр еді. Бұдан тура бір жарым жылдай бұрын облысымыздың айтулы азаматтары, ақылман қариялары сол кездегі облыс әкімі Бердібек Сапарбаевқа хат жолдап, осы бір игілікті шаруаға қолдау көрсетуін сұраған болатын. Қазақы болмысы басым, көпті көрген кәнігі басшы емес пе, ол кісі елдің бұл тілегін қабыл алып, қос қолын көтеріп, қолдау көрсетуге дайын екендігін мәлім етті. 
Содан Димекеңе деген ыстық ықыласын әулиеаталық ағайындар көрсетіп-ақ бақты. Халықаралық Д.Қонаев қорының Жамбыл облыстық бөлімшесі бастамашы болған игілікті іске жүрегінде иманы бар, қолында азды-көпті жиғаны бар қауым бір кісідей ат салысты. Димекеңе деген халықтың ыстық ықыласын сезгендей болдық, бұл арада сен кімсің, деген жоқ, қазақтың бар баласы ұлы адамға еңселі ескерткіш тұрғызуға жұмылып кетті. Қазақ дейміз-ау, ескерткіш тұрғызуға басқа этнос өкілдерінің де атсалысқанын айтуға тиістіміз. 
Сонымен, "Көп түкірсе – көл" деген, қомақты қаражат жиналды, ескерткішті мүсіндеуге жарияланған конкурста жиырма үш өнер туындысынан жеңіп шыққан Алматылық жас мүсіншілер Дулат Үсенбаевтың, Қанат Бигулиевтың, Данияр Сарыбасовтың және Әлімжан Тоқбаевтың ұлы адамды сомдаған ұжымдық еңбегі бүгінде дайын. Ескерткіш тұғырға қонатын Д.Қонаев көшесі бойындағы сквер де қайта құрылымдалып жатыр. 
Бұдан біраз бұрын халықаралық Қонаев қоры Жамбыл облыстық бөлімшесіне арнайы ат басын бұрған облыс әкімі Нұржан Нұржігітов қор белсенділерімен кездесіп, олардың ұсыныс-тілектерін қабыл алған болатын. Ескерткіштің ашылу салтанатын жоғары деңгейде өткіуге қолдау болатынын айтқан. Бай дүйсенбіде облыс басшысынының тапсырмасымен Д.Қонаев қорына облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсінбаев қасына өзімен бірге облыс әкімдігі ішкі саясат және мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасаның басшылары Алмас Садубаевты, Ерлан Жүнісбайды, Тараз қаласы әкімінің міндетін атқарушы Қайрат Исмайлды, басқа да тиісті мамандарды ала келіп, Дінмұхамед Қонаевқа арналған ескерткіштің ашылу салтанатының болатын күнін белгілеп, салтанатты шараны өткізудің жай-жапсарын халықаралық қор облыстық бөлімшесінің басшылығымен пысықтады. 
Көптен бері көкейде жүрген үлкен шаруа бүгінде аяқталуға жақын. Димекеңнің еңселі ескерткішінің тұғырына қонатын күні де белгілі болды. Әзірге ескерткіштің ашылу салтанаты 12 тамыз, қасиетті жұма күні республикалық деңгейде ұйымдастырылатын болып келісілді. Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және Алматы, Түркістан облыстарынан, өзіміздің облыстың барлық аудандарынан  қонақтар шақырылады деп күтілуде.
Сол күні қонақтардың және Жамбыл облысы жұртшылығы өкілдерінің қатысуымен ескерткіштің ашылу салтанаты болып,  Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрында аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері Дінмұхамед Қонаветың туғанына 110 жыл толуына арналған салтанатты жиналыс өтеді, Димекең туралы түсірілген деректі бейне-фильмнің көрсетілімі және концерттік бағдарлама ұсынылады. Салтанатты шаралардан кейін Д.Қонаевтың әруағына арналып ас беріледі. 
Сәтін салса асыл азаматымыздың еңселі ескерткішінің тұғырына қонар күні алыс емес.

«ҒҰМЫР-ДАРИЯ» – ақпарат.

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры