Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » ЕЛУ ЖЫЛ ЕЛ АҒАСЫ

ЕЛУ ЖЫЛ ЕЛ АҒАСЫ

30 январь 2024, Вторник
74
0
Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында қазақ елінің біртуар азаматы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру, кемеңгер тұлғаның қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегін насихаттау мақсатында ардагерлер мен жастардың қатысуымен «Елу жыл ел ағасы» атты «дөңгелек үстел» отырысы ұйымдастырылды.
Алғашқы сөзді бастаған Жамбыл облысының Құрметті азаматы, Қонаев атындағы Халықаралық қоғамдық қоры Жамбыл облыстық бөлімшесін 6 жыл басқарған ел ағасы Амангелді Кәрентаев:
– Халқымыздың біртуар азаматы Дінмұхамед Қонаевтың саяси қызметіндегі жетістіктері мен өмірдегі өте адалдығы, қарапайымдылығы, сонымен қатар аса білікті де білімді кәсіби маман болғандығы, жылдар өтсе де әр қазақтың жүрегінде мәңгі сақталады. Қазақстанның әр қаласында Д.Қонаевтың атымен аталатын көшелер, мектептер, жоғары оқу орындары бар. Қапшағай қаласы Д.Қонаев атымен аталып, Алматы облысының орталығына айналды. Кемеңгер тұлғаға ұқсасын деген ниетпен жаңа туған сәбилердің де есімін қойып жатырмыз. Дінмұхаммед есімімен көптеген балаларымыз өсіп келеді. Мұның өзі Қонаевтың өз заманының дара тұлғасы болғандығын айқындайды, – деген пікірімен бөлісті.
Келесі кезекте осы басқосуға қатысып отырған Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы Сауранбек Жамалбеков, қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Малтабар Жаманбаев, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Алдаберді Мақашев Дінмұхамед Қонаевпен туралы естеліктер айтты.
Еліміздің бірқатар ақын - жазушылары Қонаев туралы көптеген шығармалар мен өлеңдер жазған. Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінің білімгерлері сол өлеңдерден үзінділер оқыды. 
Жиынды айтыскер ақын, К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әншісі Дидар Басықараев өзінің Дінмұхамед Қонаевқа арнаған жыр жолдарын домбыраның сүйемелдеуімен нәшіне келтіре орындап беріп, көпшіліктің құрметіне бөленді. 
Ардақтылар қалар мәңгі Ел есінде,
Ғасырлар мұхитының белесінде.
Мәңгілік Димекең де бізбен бірге,
Мәңгілік «Қазақстан» кемесінде
– дей келе, айтыскер ақын, ұлы тұлғаға деген ел сүйіспеншілігін жыр жолдарымен түйіндеді.

Алдаберді МЕҢЛІБАЙҰЛЫ,
Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі.
Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры