Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Ауқаттылық ақсақалдардың абыройы асып тұр

Ауқаттылық ақсақалдардың абыройы асып тұр

30 июнь 2025, Понедельник
7
0
Қазақта "Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен" деген аталы сөз бар. Тағылымды тұжырым. Өзгеге үлгі боларлық тап-тұйнақтай шаруаны неге дәріптемеске?! Біз Қордай ауданының Ауқатты ауылында болғанымызда ел ақсақалдарының ұйымшылдығына, белсенділігіне, ауыл тұрғындарының береке-бірлігіне тұтқа болып отырған парасат-пайымына тәнті болдық. "Батаменен ел көгерер" облыстық байқауына қатысушы қалалық, аудандық ардагерлер кеңестері мен жекелегеен бастауыш ардагерлер ұйымдарының төрағалары, билер, аналар, әкелер кеңестерінің жетекшілері Ауқатты ауылына келіп, "Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық" дегендей осындағы ардагерлер ұйымының атқарып жатқан ауқымды істеріне куә болды. Ауылдық округ ардагерлер кеңесіне мәдениет үйінен төрт бөлме жабдықтарымен бөлініпті. Ауылдық округ ардагерлер кеңесі мен билер, аналар, әкелер кеңестеріне әрқайсысына бір-бір бөлмеден жабдықтарымен ұсынылған. Қонақтар ауылдық округ ардагерлер кеңесінің атқарып жатқан белсенді қоғамдық қызметінен бөлмелерді аралай жүріп көз жеткізді. 
Жақсыны көрмекке келген белсенділер алдында сөз сөйлеген облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев: 
– Өткенде біз жұмыс сапарымен осы ауданда болғанымызда Ауқатты ауылдық округ ардагерлер кеңесінің төрағасы Әділбай Ақынтайұлы Семжановтың аузынан ардагерлер ұйымында жүргізіліп жатқан игілікті істер туралы естіп білгенбіз. Ақылдаса келе Ауқатты ауылдық ардагерлер ұйымының жұмысын баршаға үлгі етіп,  тәжірибесін облыс көлемінде таратуды мақсат еткен болатынбыз.  Бүгінгі басқосуымыздың негізгі мақсаты осы, –  деп атап көрсетті. 
Келесі кезекте облыс ардагерлер қозғалысының белсенділері алдында ауыл қарияларының жетекшісі Әділбай Семжанов сөз сөйледі. 
– Біздің ауылымызға облысымыздың түкпір-түпірінен қадірменді қариялар жиналып, бастауыш ұйымымыздың жұмысымен танысқалы келіп отыр екен. Қош келдіңіздер, демекпін. Ауылдық округтің  құрамында Ауқатты, Қызылсай, Бәйтерек ауылдары бар. Ауылдарда тоғыз мыңнан аса халық тұрады. 16 этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. 
Осыдан біраз жыл бұрын ауыл ардагерлері маған үлкен сенім артып, ауылдық округ ардагерлер кеңесінің төрағасы  қызметіне сайлады. Сол сенімнің үдесінен шығу үшін аянып жатқан жоқпын.  Соңғы екі жыл қатарынан ардагерлер ұйымдары арасынан аудан бойынша  бірінші орында келеміз. Аудандық  ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбет және Ауқатты ауылдық округ әкімі Алмас Иенберген мырзалар үнемі қолдау білдіріп, көмектесіп тұрады. Жұмыс жалғыз менікі емес. Ауылдық билер, әкелер, аналар кеңестері бірлесіп, жұмысымызды жаңаша ұйымдастырудамыз. Осы ауыл тұрғындарымен, жастарымен бірлесіп «Тәртіпті өзіңнен баста», «Ана – отбасының ұйытқысы», «Қызға қырық үйден тыйым», «Қыздың жолы жіңішке» деген тақырыптарда тәрбиелік мәні зор жиындар өткіздік.  Ондағы мақсатымыз –  жастарға бой жетіп келе жатқан қыздарымызға тағылымды тәрбие беру. Ауылда 16 этнос өкілдері бар екенін айттым. Олармен де тату- тәтті тұрып жатырмыз. Олар да біздің бастамамызды қолдап, осы ауылдың бірлігін ойлайды. Ауылдың белсенді қариялары Әли Әбдірәсілов, Бақытбек Молжанов, Сабыркүл Біләлова, Аягөз Байбүгінова, Анар Имашева, өзге этнос өкілдері Григорий Маматченко, Исха Харби қоғамдық істерге белсенді араласады. Мен Алматыда жоғары білім алып, осы кеңшарда  9 жыл бас мал дәрігері болдым. 7 жыл ауылдық кеңес төрағасы қызметін атқардым. Адамдармен жұмыста тәжірибем бар. Ауылдық округ әкімі Алмас Иенберген де – аудандық әкімдік құрылымдарында  түрлі ұйымдастыру жұмыстарына сыннан өткен тәжірибелі мемлекеттік қызметкер. Бірлесіп, түсінісіп жұмыс істеудеміз, – деп жиналғандар алдында ағынан жарылды. 
Қордай аудандық ардагерлер кеңесі төрағасы Біржан Әлімбет қысқаша ойын айтты.
Ауқаттылық  ақсақалдардың тағы-лымды істеріне қонақтардың баршасы ризашылық білдіріп жатты. Дүнген Ихия Харбидың сөйлеген сөзі көкпшілік көкейінен дөп шықты. 
– Қадірлі көпшілік. Осы ауылда 16 этнос өкілдері тұратынын естідіңіздер. Оның ішінде дүнгендер мен қазақтардың саны басым. Ынтымақ-бірлікте тұрып жұмыс істеп жатырмыз. Ауылдық округ әкіміне, ардагерлер кеңесінің төрағасына дән ризамыз, – деді ол.
Жиынды облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев қорытындылап: 
– Әр ауданнан келген  белсенді ардагерлер, Ауқатты ауылдық округі ардагерлер кеңесінің ісін облыс  аумағына үлгі етуге тиіспіз. Әр ауданда осындай базалық бастауыш ардагерлер ұйымдары болуы керек . Ол іс қазір  қалыптасып келе жатыр. Талас ауданында Ойық ауылдық округін, Жамбыл ауданында Өрнек ауылдық округін үлгі ретінде айтуға болады. Облыстағы белсенді бастауыш ардагерлер ұйымдарының қатарына Ауқатты ауылдық округі де қосылып отыр. Міне көзбен көрдіңіздер. Осындай озық тәжірибені өздеріңізде қолданыңыздар, – деді . 
 Ауқатты ауылының еңбек ардагері Рахымжан Сапақов 85 жаста. Өмірінің 45 жылын мал дәрігерлік қызметке арнаған.
– Жасым 85-те. Осы кеңшарда 15 жыл бас мал дәрігері болдым. Қазір де ауылдың қоғамдық істеріне белсене араласып жүремін. Ауылдың бірлігіне қуанамын, – дейді ол. 
Біз Ауқаттыға аттың басын бұрған қонақтарды да сөзге тарттық .
– Біз осы ауылға арнайы жақсы істі көру үшін келдік. Көңіліміз толды. Біздің ауданда да игі істер көптеп атқарылып жатыр. Дегенмен, Ауқатты ауылдық округінің өнегелі жұмысы көңілімізден шықты, – дейді  Меркі ауданы ,Тәтті ауылынан келген Белгібай Айнақұлов . 
– Біз Шу ауданынан келіп тұрмыз. Ауқаттыдағы жиын тәжірибе алмасуға оң әсерін тигізді. Шу аудандық  билер кеңесінің төрағасы Жұмаділда  Бәйтерековтың бастамасымен талай істер жүзеге асып жатыр. Дегенмен, Ауқатты ауылдық округінен үйренеріміз көп, – деді Шу қалалық билер кеңесінің төрағасы Темірқұл Садырқұлов .
 Біз де Ауқатты ауылдық округінен көп игі істерді байқадық. Қариялары белсенді, аналары ұлағатты бұл ауылдық округте жастар мен жасөспірімдер тәрбиесі оң жолға қойылған. Жастарды отаншылдыққа тәрбиелеуде де  озық істері бар. Ауқатты ауыл округі ардагерлер кеңесінің жұмысы – шынымен облысқа үлгі. Жақсының жақсылығын айтқан қандай жақсы. Біз Ауқаттының озық істерін көзімізбен көріп, көп жайды көңілге түйіп қайттық. 

Обсудить
Блок в статье:
Құланнан ұшқан қыран 30 июнь 2025, Понедельник
сын қайда, шын қайда? 30 июнь 2025, Понедельник

Похожие материалы:

«Мектепке жол»
29 август 2024, Четверг
«Мектепке жол»
ЖҮРГЕН ЖОЛДАРЫ ӨНЕГЕ
14 август 2024, Среда
ЖҮРГЕН ЖОЛДАРЫ ӨНЕГЕ
Жаңа төраға сайланды
28 май 2025, Среда
Жаңа төраға сайланды
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры