Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » САРЫСУДА КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР БАР АРДАҚТЫ

САРЫСУДА КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР БАР АРДАҚТЫ

13 октябрь 2022, Четверг
128
0



Жері шалғай, ауа райы қолайсыз болғанмен де, Сарысу халқының жүрегі жомарт, пейілі дархан. Соған қарай берекесі кетпеген өлке. 
Бүгінде бәрін есеп-қисапқа сыйдырып жіберетін заман ғой. Сол "көреген" статистикалық мәліметтеріне сүйенетін болсақ, Сарысуда соңғы жылдары дүниеге келген сәбилердің саны күрт өсіп жатыр екен. Соған сәйкес көпбалалы аналардың қатары да көбеюде. Өкіметіміз ұшпаққа ұшырып жібермесе де, көп балалы аналарға назар аударып қоятыны бар. Биылғы жылдың 20 маусымында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен көпбалалы аналар "Алтын алқа", "Күміс алқа" ілмелері марапатталған болатын. Осылардың қатарында құрсағынан алтындай-алтындай ұл-қыздар дүниеге келген тоғыз сарысулық ана жоғары мәртебеге ие болды. 
Жақында жас болса да, талай игілікті бастамаға бас болып жүрген Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев алтын құрсақты аналарды арнайы қабылдап, айрықша құрмет көрсетті. Тәрбиелі ұл-қыздар өсіріп отырған ардақты аналарға мемлекеттік наградаларын салтанатты жағдайда табыс етті. 
Айта кету керек, Сарысу ауданында бұған дейін "Алтын алқалы" – 655, "Күміс алқалы" – 898, 134 "Батыр ана" есепте тұрса, бұған ендігі жерде 9 көп балалы ананың есімі тіркелді. 
"Көбейсек – көгереміз" деп қазағымыз бекер айтпаған ғой. Мықты мемлекет болу үшін де қазағымыздың қатары көбейе бергені жөн. Алтын құрсақты аналарымыз аман болсын!
"ҒҰМЫР-ДАРИЯ"  – АҚПАРАТ.
Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

Анаға тағзым
26 октябрь 2021, Вторник
Анаға тағзым
Үлгілі ауыл жобасы
29 июль 2020, Среда
Үлгілі ауыл жобасы
Сексенге келсе де сергек
01 июль 2022, Пятница
Сексенге келсе де сергек
Билік және бастауыш ұйым
29 апрель 2022, Пятница
Билік және бастауыш ұйым
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры