АДАМДАР НИЕТІ МЕН ӘРЕКЕТІН ТҮЗЕСЕ ДЕЙМІН...
Мен Жуалы ауданында туып-өстім. Туған жерімнің тау-тасы, сай-саласы бәрі мен үшін қымбат.Біз бала кезімізде сайда асыр салып ойнайтынбыз. Сайдың суы тап-таза болушы еді. Ойнап жүріп, бас киімімізбен су алып іше беретінбіз. Бір мен емес, барлық бала солай жасайтын. Бірақ, біреуміз де одан ауырған емеспіз. Ал, қазір ше? Қазір су лас. Себебі, адамдар суға үйінен шыққан қоқыстарды ойланбай тастай салады.
Бала кезімізде үй-үйде құрт жайылып тұратын. Әр үйде сүт-айран, қолдың қаймағы, сары май болатын. Біз сол табиғи өнімдерді жеп-ішіп өстік. Ал, қазір ше? Табиғи өнімді табу қиын. Сиыры болса да, ешкім құрт-май жасамайды. Балалар дүкендерден сатып алады. Олардың сапасы сын көтермейді. Ішінде денсаулыққа зиян небір заттар қосылған. Бала кезімізде жеген дәмді құрттарды қазір таппаймыз.
Бұрын базарға барсақ, қауын-қарбыз сататын жерден оны алмай өту мүмкін емес еді. Себебі, иісі аңқып, сілекейің шұбыратын. Ал, қазір тәтті қауын-қарбызды кездестіре алмаймыз. Барлығы дәріленген. Ет те, басқа да, жалпы барлық азық-түлік таза емес.
Ата-бабамыз "Байлығымды алсаң да, пейілімді алма" деген. Қазір адамдардың пейілі, ниеті бұзылған. Ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін бәрін білеміз, бірақ дұрысын істемейміз. Обал, сауапты елемейміз.
Бала кеземізде үйімізге қарлығаш ұя салатын. Қарлығаш ұя салған үйге бақыт, ырыс-береке келеді, деп қуанушы едік. Ал, қазір адамдар үйін тұмшалап жауып тастаған. Қарлығаш екеш қарлығаш адамдарға жоламай кетті. Тіпті қарлығаш, бозторғайды көрмейтін де болдық.
Табиғат пен адам – егіз. Олардың бірінсіз бірінің күні жоқ. Сондықтан біздің ата-анамыз бізді табиғатты аялауға үйретті. Яғни, көктемде бұлақтардың көзін ашып, тал-дарақ егіп, құстарға ұя салып, айналамызды таза ұстауға тәрбиеледі. Қазір бұлай жасайтын кім бар?..
Менің жасым 83-те. Ауданның тыныс-тіршілігі менің көз алдымда. Соңғы төрт жылда күнде үш шақырым жаяу жүруді әдетке айналдырдым. Сонда көшелерді аралап жүріп, айналадағы жағымсыз көріністерге қарным ашады. Өз үйінің айналасын, сай-саласын қоқыс алаңына айналдырған адамдарға өкпем қара қазандай.
Жер бетінде болып жатқан өзгерістердің барлығы, түрлі аурулардың көбеюі айналып келгенде адамдардың іс-әрекетінен, ниеті мен пиғылынан. Соны түсініп, қатемізді түзеуіміз керек. Қазіргі жағдайымыз байқасаңыздар, мәз емес. Егер дәл осылай жалғаса берсе, ұрпағымыз бұдан да қиын қауіп-қатерге толы уақытта өмір сүруі мүмкін. Сондықтан қымбатты жерлестер, табиғатты аялайық, туған жеріміздің гүлденуіне атсалысайық. Ол үшін әр отбасы өзінің ауласын гүлдендіріп, көшесін, ауылын таза ұстауға ниетті болса болғаны...
Қайрат САРЫБАЕВ,
еңбек ардагері.
Бауыржан Момышұлы
ауылының тұрғыны
Жуалы ауданы

Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ
28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (15)