Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » «АТАҢА НЕ ІСТЕСЕҢ ...»

«АТАҢА НЕ ІСТЕСЕҢ ...»

29 сентябрь 2024, Воскресенье
83
0
Əр адамның өз өмір жолы, өз тағдыры бар. Өмір өзен əрқалай ағады. Былайша, көпшілікке жұп жұмыр, шуақты көрінгенімен, менің өмір жолымның да ауыр кезеңдері болды. Оны біреу білсе, біреу білмес. Мен көбінесе нағашы жұртымда өстім. Нағашы жұртымның тəрбиесін алдым. Түрлі жағдайларға байланысты əкемнен ұзақ жылдар жырақта жүрдім. Бəлкім ол кісіге өкпелеген шығармын, бəлкім ол кісіні түсінбеген шығармын. Тіптен ол кісінің жүрегін жаралаған кездерім болған шығар. Тек өзімізде ғана сақталып келген сырларымның барлығын өзге адамдарға сабақ болсын деп жəне қай кезде де, қандай қиын жағдайда да əкесі мен анасын құрмет тұтсын деген ниетпен айтып отырмын. Мен өткен өмір жолдарымды есіме алғанда кеңшарға директор, ауылдық округ əкімі болған қызметтегі кездерімді емес, түрлі сынаққа толы сəттерімді көбірек ойлаймын. Əкем екеуміздің арамызда түрлі қайшылықты жағдайлар, тағдырдың қатал сынақтары орын алғандығын жоғарыда айттым. Соңғы сəттерде менің алдымда таңдау болды. Ол уақытта өз қолым өз аузыма жеткен. Əкемді қолыма алу немесе алмау, қарамай кету сияқты тарам-тарам ойлар мені қажытқаны да рас. Мен адамгершілік жолын таңдадым. Кейбір бауырларымның кері тартқанына қарамастан, əкемді қолыма алдым, сөйтіп əкеммен ұзақ жылдардан кейін қайта табыстым. Менің өмірге келуіме себепкер болған ең аяулы кісіні қартайған шағында болса да құрметтеп қалуыма сөйтіп мүмкіндік туды. Осы істерім үшін шүкір деймін. Қандай жағдай да да əке деген – біреу ғана. Ешкім əкені таңдап ала алмайды. Сондықтан, қабылдаған шешіміме өзім қуанамын. Əкеммен табысып, аз жылдар болса да қабағына қарадым. Құрметтедім. Қазір бір ауданға сыйлы қария болып отыруымның өзі, əлі күнге дейін еңбектен қол үзбей, өндірістік кооперативке басшылық жасап, игілікті іс атқаруым, бəлкім – сол əкемнің ризашылығы шығар деп ойлаймын. Ал, ардагерлерге арналған «Ғұмыр-Дария» газеті арқылы барша замандастарымды көзі тірі кезінде əке-шешеге құрмет етуге, бақилық болса рухын əспеттеуге шақырамын. Өмір əр адамға бір мəрте ғана беріледі екен. Өмірде əке – біреу, анаңыз – біреу. Сол кісілерді құрметтеу – парызың. Ата – ананы құрметтеудің өте жақсы екені шариғатта да айтылады. Сол ұлағатты ұстансақ, қандай жағдайда да ата- анамызды бағалай білсек ұтарымыз көп. Қазір өзім де ақсақал болдым. Ұл-қыздарым, немерелерім бар. Олар да мені сыйлап, құрметтейді. Қазақта «Атаңа не істесең, алдыңа сол келеді» дейді. Сондықтан, бұл өмірде əкең мен анаңа құрмет жасаудан артық құндылық жоқ. Қандай жағдайда да əке – əке, анаң –ана. Біздің жастарға берер үлгіміз, жас ұрпаққа айтар тəліміміз аз емес. Оның ең үлкені ата- анаға құрметтен басталғаны жөн. Жапарқұл ТƏЖИЕВ, еңбек ардагері Шу ауданы
Обсудить

Похожие материалы:

ҰСТАЗЫМ ҰЛЫҚ БӘРІНЕН
29 август 2024, Четверг
ҰСТАЗЫМ ҰЛЫҚ БӘРІНЕН
ЖҮРГІЗУШІ АДАМ ТАҒДЫРЫНА ЖАУАП БЕРЕДІ
29 апрель 2024, Понедельник
ЖҮРГІЗУШІ АДАМ ТАҒДЫРЫНА ЖАУАП БЕРЕДІ
Б Ә Й Т Е Р Е К
18 март 2024, Понедельник
Б Ә Й Т Е Р Е К
ОТБАСЫ БІРЛІГІ БӘРІНЕН ҚЫМБАТ
30 январь 2024, Вторник
ОТБАСЫ БІРЛІГІ БӘРІНЕН ҚЫМБАТ
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры