Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » ЖҮРГІЗУШІ АДАМ ТАҒДЫРЫНА ЖАУАП БЕРЕДІ

ЖҮРГІЗУШІ АДАМ ТАҒДЫРЫНА ЖАУАП БЕРЕДІ

29 апрель 2024, Понедельник
77
0
Әркімнің бала кезден алдына қойған мақсат - арманы болады ғой. Неге екенін қайдам, менің арманым - көлік жүргізу болды. Бүгінгідей ол кезде қаптаған неше түрлі көлік жоқ, ары кетсе жүк көлігін жүргізесің, әйтпесе трактор, комбайн айдайсың. Ол кезде орыстар, немістер көп, шыны керек қазақтар техника жағына бара бермейді.
Мен өзімді қайраумен болдым: «Қазақтар да көліктің құлағында ойнауға тиісті. Не тракторшы, әйтпесе шофер боламын»
Бұл ойым әскерден келгеннен кейін іске асты. Меркілегі алты айлық шоферлар курсын «Өте жақсы» деген бағамен бітірдім. Содан 1973 жылдың мамырынан 2015 жылдың мамырына дейін, зейнет демалысына шықанша көлік жүргіздім. Меркі асыл тұқымды мал кеңшарында шофер болдым. Бір ГАЗ - 53 автокөлігін 31 жыл үздіксіз жүргізген екенімін. Әуелі құдай, одан кейін кәсіпке адалдығым болар, осы жылдар ішінде бір де бір рет апатты жағдай болмапты, көлігімнің тоқтап тұрған кезі болған жоқ. Бір көлікпен 31 жыл тоқтаусыз жүру деген, бұл сирек кездесетін жағдай.
Бұның бәрін не үшін айтып отырмын. Мақтану үшін емес. Қазіргі көліктің рөлінде отырғандары көріп, қарным ашады. Біріншіден, көлік жүргізуге берілетін куәлікті олар сатып алады. Жолда жүру ережесін білмейді, бәлкім білгісі де келмейді. Соның салдарынан жолға шықсаң да, көшеде жүрсең де көлігімен апатқа ұшырап жатқан жас жігіттерді көресің. Астарында жүйткіген шетелдің көліктері. Олар көлікті де, өздерін де, басқаларды да аямайды. Өздерімен кетсе мақұл ғой. Талай адамның тағдырына балта шабады. Бұндай жағдайлар туралы күнделікті газеттерден оқимыз, телеарналардан көреміз. Статистика сұмдық. Темір тұлпарлар адамдардың өмірін жалмап жатыр. Бұған кінәлі кім? Әрине өзіміз, рөлде отырған бозөкпе жастар.
Көзімді ашқалы көлік жүргізіп келе жатқан азамат ретінде айтарым, рөлге отырдың екен, ең алдымен өз өміріңді, одан кейін айналаңлағы адамдарың өмірін ойла. Көлік жүргізу - үлкен жауапкершілікті талап етеді. Ал жол ережелерін жатқа білмей көлікке отыру дегеніңіз, меніңше қылмыс.
Қазір елдің бәрінде бірдей жұмыс жоқ. Ауыр жұмысқа барғысы келмейді. Ең оңайы - астындағы әкесінің алып берген көлігімен жолаушылар тасымалдау. Олар өздерінің біліксіздігіне қарамай Алматы - Тараз бағытында жолаушылар тасымалдайды. Жылдамдықтарын сағатына 160 километрден түсірмейді, сабаздарың. Міне содан барып жол көлік оқиғалары бізде азаймай келеді.
Мен көлікпен жолда көп жүрдім, көп нәрсені көрдім. Осы жағдайларды содан кейін айтып отырмын. Қолыма қалам алып, жастар білсе екен деп жазып отырмын. Көлікте жүріп жасаған кішкентай жолсыздықтың, тәртіпсіздіктің аяғы үлкен қайғыға соқтырарын естен шығармаған жон. Оың үстіне көліктің әрбір ақауына өте сақ болу керек. Тез арада ақауды жөнге келтірмесе ол апатқа әкеп соғары сөзіз. Мұны да ескеру керек.
Жоғарыда да айттым, жүргізушілер даярлауыды бір жүйеге келтімесе болмайды. 18-ге толған  жігітке тиісті мөлшерде ақысы төленсе куәлік беріледі. Бұл - дұрыс емес. Ең болмағанда көлік жүргізу үшін кемінде 3 - 6 ай оқулары керек. Оның ішінде қала ішінде тәжірибелік мақсатта көлік жүргізуді меңгергендері дұрыс. Қасында оқытушы - нұсқаушы отыруы керек.
Жазып отырғаным көптен ойда жүрген мәселе еді. Оқырмандамен ойымды бөлісейін дедім. Есті азаматтар ескере жүрер. Әйтеуір апаттан аман болайық. Әрқашан жолымыз болсын.

Әділхан АМАНЖОЛОВ,
еңбек ардагері.
Меркі ауданы.
Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ 28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ 20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ 18 ноябрь 2024, Понедельник

Похожие материалы:

ТАҒЫ ДА «ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ» ЖАЙЛЫ
30 январь 2024, Вторник
ТАҒЫ ДА «ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ» ЖАЙЛЫ
ЖОЛ ҚАТЕЛІКТІ КЕШІРМЕЙДІ
27 сентябрь 2023, Среда
ЖОЛ ҚАТЕЛІКТІ КЕШІРМЕЙДІ
ҚАРАҚҰЙРЫҚТЫҢ КИЕСІ
27 октябрь 2022, Четверг
ҚАРАҚҰЙРЫҚТЫҢ КИЕСІ
ТАҒЫЛЫМ
01 февраль 2022, Вторник
ТАҒЫЛЫМ
ӨЗІМІЗДІҢ ҚАЙРАҚБАЙ ҒОЙ!...
11 октябрь 2023, Среда
ӨЗІМІЗДІҢ ҚАЙРАҚБАЙ ҒОЙ!...
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры