Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » ӨЗІМІЗДІҢ ҚАЙРАҚБАЙ ҒОЙ!...

ӨЗІМІЗДІҢ ҚАЙРАҚБАЙ ҒОЙ!...

11 октябрь 2023, Среда
68
0
Қайрақбай қарап жүрмейді. Қабақтай кәлласына неше түрлі идеялар келіп тұратынына кейде өзі қайран қалады. Ондайда «Осы менің басым – істейтін бас» деп мәз болады. Кәлласына келген жақсы идеясымен ол машина жөндеу шеберханасын ашты. Ойбай, құрысын! Бастың істегені де кейде адамға сор екен да! Сор болатынын білсе, аша ма?
Ашуын ашты ғой! Жеріне бір жүгіріп, құжатына бір жүгіріп жүріп. Жалғыз өзі ақ тер, көк тер болды. «Қайрақбай қайда жүр?» деп қолын созып көмектескен, мұны іздеген жан адам болған жоқ. Бәріне өзі салпақтады. Мұндайда туыс, жекжат, бауыр, нағашы, жиен, бөле бәрі де төбесін көрсетпей, қараңғыдағы көлеңкедей таптыртпай ке-теді екен. «Өзім де бәлемін!» дегендей, «СТО- сын» ашып алған Қайрекеңнің көңілі бір жайланып сала берді - ау, әйтеуір!
Бір ай жұмысы жақсы жүрді. Обалы не керек! Келушілерде есеп болмады. Шытырлаған көк қағаздар Қайрақбайдың қалтасына түскен сайын көзі күлімдеп сала беретін. Тіпті, ол оңашада домалақ қарнын сыйпап отырып: «Баяғылы бері осылай істемей, қанша жыл сандалып жүргенмін. Әй, ақымақ басым!»- деп өзіне өзі таңданатынды шығарды. Сөйтіп, «Бүгін 10 мың, он күнде 100 мың теңге. Миллион, жүз миллион теңге. Шетелге отбасыммен қыдырсам, шіркін! Америка, Түркия, Дубай, Германия! Мұхиттағы әсем аралдар көз алдында көлбеңдейді. «Қайреке, Қайреке», «Кімсің, Қайрақбай боламын» деген тәтті қиял бесігінде тербелетін. Кәдімгідей көңілі өсіп, қиялына қанат бітетін. Өзімен өзі қалғанда: «Сен Қайрақбай емес, енді Қайрекесің» деп кердеңдей басатын әдет тапты. Ал, той туралы ойлағанда көңілін қуаныштың нұры шарпып өтті. «Енді мені тойына шақыратындар көбейеді. Менсіз той өтпейтін шығар. Таныстар ештеңесінен қалдырмайтын болады. Себебі, ақшасы бар адаммын. Қып –қызыл кәсіпкер емеспін бе? Көлік жөндеу шеберханамның жұмысы жүріп берсе, дүкен ашып қойсам. Ол да қосымша табыс көзі. Мыс - мыс ақша», - деп ойлағанда Қайрақбайдың көз алды тұманданып сала берді. 
Сөйтіп, жүргенде не болды дейсіз ғой! Бәсе, не болды? 
Бәле, бір айдан соң басталды. Мұның «СТО» ашқаны туралы жаңалық ағайын, нағашы, жиен, бөле, туыс, жекжаттарына тегіс жетіпті. Әуелі жылмыңдап бөлесі жетті. Жүзіктің көзінен өтеді. «Үйдегі нағашы әпкеңіз сәлем айтып жатыр. Қайрақбайға жететінің жоқ. Сендер ондай бола алмайсыңдар» дейді, мұның ана жағынан бір шықты, мына жағынан бір шықты. Қысқасы, көлігін көк тиын бермей, жөндетіп қайтты. Артынша нағашысы жетті алқынып, ескі «Аудиінің» дауысы ауыр науқастай ыңыранып шығады. Келе сала: «Әй, жарайсың! Осы сенің етіңнің тірі екенін баяғыда білгем. Жездеме тартқансың ғой, жездеме» деп желпіндіріп, «Аудиін» тегін жөндетіп алып, ол да кетті. Содан соң жаман «Жигулиін» жеті адамға итертіп, жиені жеткен. Естен танып келген ескі «Жигулиге» Қайрақбай «жан бітіріп» жіберді. Алдыңғылардан естіп алған ба, жиені де құрғақ рахметпен шектелді. Содан келе берді ғой, келе берді... Бауыры, досы, қайын жұрты, сыныптасы, «служагы», құдасы, құдашасы, баяғы әріптесі, балдызы. Құдай - ау, білмей жүр екен! Қайрақбай - да дос та, жекжат та, бауыр да, қайын да өте көп екен ғой. Қалай байқамай келген. Тіпті, таусылатын емес. Бәрінің тілі майда. Жылы - жылы сөйлеп, діңкесін құртады. Бұл көне қоймаса: «Ойбу, сөйтіп шығады екенсің. Өткенде жиеніңдікін көк тиынсыз жөндеп беріпсің. Жиенің құрлы қадірім жоқ па?Бір жөндеп берсең, бірдеңең кете ме?» деп нағашы өкпелейді. «Осы жерде сен бар деп келіп тұрмын. Ақша төлесем, басқа орыстың да «СТО - сына» бара салмаймын ба?» деп өткізіп қойғаны бардай бұлқан - талқан болатын жекжаттары жетерлік. Ойпырмай, мұның бала- шағасы жоқ па, мынау ашылған «СТО - ның» шығыны жоқ па? Оны төлеу жағы қалай болар екен? Онымен бас қатырған бір жақыны мен жанашыры табылсайшы!
Қысқасы, жекжат –жұрат, туыстар келе берді, Қайрақбайдың жұмысы «өле» берді. Банкрот болды. Бір күні шеберханасының сыртына «Бұл «СТО» жұмыс істемейді» деп жазды да, ішіне кіріп, «тарс» бүркеніп жатып алды. «Бастың бүйтіп істегені құрысын» деп, жазықсыз кәлласын кінәлап, «Америка, Түркия, Дубай қайда, мен қайда? К...ме қарамайды екенмін ғой» деп күбірлейді. Шетелі құрысын! «СТО - сы» құрысын! Жабамын. Ауылға барып мал бағамын. Бұлар мені сол кезде тауып көрсін» деп ойланып жатыр. 
Кім біледі, «Семіз қой берші» деп, еріккен жекжат - жұрат ауылға да барып жүрмесе. Әй, олардан бәрі шығады!!!

Есет ДОСАЛЫ,
Тараз қаласы.
Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

Қисық айна
06 апрель 2022, Среда
Қисық айна
Қазақы қалып
29 апрель 2022, Пятница
Қазақы қалып
ЖАСТАРҒА ТӘРБИЕ БЕРУ ПАРЫЗЫМЫЗ
28 сентябрь 2023, Четверг
ЖАСТАРҒА ТӘРБИЕ БЕРУ ПАРЫЗЫМЫЗ
Тарих толқынында
19 март 2021, Пятница
Тарих толқынында
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры