ЖЕРЛЕСТЕРІ ЖЕҢІСТІ ҰМЫТПАЙДЫ
Жеңіс Шыныбеков – талантты жазушы, қаламы қарымды журналист ретінде оқырмандарынан өз бағасын алған жан. Ол туған жерінде Сарысу аудандық «Октябрь таңы» (қазіргі «Сарысу») газетінде табан аудармай ондаған жыл жұмыс істеп жүріп-ақ, өзінің шығармаларымен бүкіл елге танылды. Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында оның «Жалын» журналында жарияланған «Кербала» повесті қазақ прозасындағы құбылыс ретінде бағаланды.
Талантты жазушы, көпқырлы журналист Жеңіс Шыныбеков егер арамызда жүргенде бүгінде 80 жасқа толады екен. Өмірінің соңғы жылдарын Алматы қаласында өткізіп, өндіре шығармашылықпен айналысқан Жеңісті жерлестері ұмыта қоймапты. Өткен аптаның бай бейсенбісінде Жаңатас қаласындағы аудандық мәдениет үйінде жазушы-журналистің 80 жылдығына арналып оның «Ажалсыз аждаha» кітабының салтанатты тұсау кесері болып өтті.
Тағылымы мол болған бұл шараны аудан әкімінің орынбасары Жұмат Сақыпбеков кіріспе сөз сөйлеп ашты. Жұмат Жұмабекұлы жазушының өлмес мұраларын жинақтап, кітап құрастырған асыл жары Майраға, ұлы Сәрсенғалиға өз ризашылығын білдірді.
Әсем әнмен көмкерілген және тағылымы мол естеліктерге мол болған рухани кездесуде Жеңіс Шыныбековтың «Аждаһаның ажалы» кітабының тұсауы кесілді. Жаңа кітаптың жолын аудан әкімінің орынбасары Жұмат Сақыпбеков, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Бергентай Нұрмаханұлы, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Диханбай Ақділдә ашып, оқырмандарға сыйға ұсынды.
Кездесу барысында Жеңістің жары, ардақты ана Майра, ардагер журналистер Бергентай Нұрмаханұлы және Диханбай Ақділдә жинал-ғандар алдында есте қалған есті естеліктермен бөлісті.
«ҒҰМЫР-ДАРИЯ» АҚПАРАТ

Обсудить
Блок в статье:
Жасампаздық жаршылары
01 июль 2026, Среда
СЕЙТҚАЗЫ ҚАЖЫ – ЖЕҢІМПА3!
30 июнь 2026, Вторник
Тәрбие жұмысына бәріміз жауаптымыз
30 июнь 2026, Вторник
Похожие материалы:
Комментарии (0)