Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Елі барда, ер есімі ұмытылмайды

Елі барда, ер есімі ұмытылмайды

08 апрель 2026, Среда
9
0
Жұлдызы биік Жуалыдан шыққан тұғыры биік тұлғалар аз болмаған. Солардың бірегейі – қоғам қайраткері, айтулы аудармашы, қарымды қаламгер, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Құрманбек Сағындықовтың туғанына 115 жыл болды.  Өзі өмір сүрген қоғамға, заманға қалтқысыз қызмет еткен Құрманбек Сағындықовты қазақ саяси журналитикасының атасы десек те болады. Ол кісінің жиырма жыл бойы "Қазақстан коммунисі"  журналының бас редакторы бола жүріп, сол қоғамның саяси-қоғамдық өмірін жан-жақты терең зерттеп жазғандығын бүгінде біреу білсе, біреу білмес.
Басқасын былай қойғанда Қ.Сағындықовтың  орыс жазушысы Александр Бектің даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы туралы жазған "Волоколамское шоссе" кітабын, Максим Горькийдің "Мать" романын қазақ оқырмандарының игілігіне айналдыруын үлкен шығармашылық жетістік деп білеміз. Ол кісінің Ұлы Отан соғысына қатысып, досы, жерлесі Бауыржан Момышұлымен Панфилов дивизиясында қатар қызмет атқаруының өзі және майдандық газетте редакторлық жасауы қаламгердің тұлғалық бейнесін аша түскендей. 
Қайраткер қаламгердің 115 жылдық айтулы мерекесін   жуалылық жерлестері өткен аптда кең көлемде атап өтті. Мерекелік шаралар Құрманбек Сағындықовтың кіндің қаны тамған Шақпақата ауылындағы орта мектептен бастау алды. Әрине, мектеп бүгінде Құрманбек Сағындықовтың есімімен аталады. 
Жерлестері мерекелік шара-лар барысында Құрманбек Сағындықовтың Бауыржан Момышұлымен балалық кезден басталған ұлы достығын бірнеше рет нақты мысалдармен атап өтті.  
Қаламгер қайраткерге арналған мерекелік шаралардың қорытынды кезеңі Б.Момышұлы ауылындағы аудандық мәдениет үйінде әдемі жалғасын тапты. Жиынға републикамыздың түкпір-түкпірінен есімі елге белгілі қонақтар және облыс орталығынан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев бастаған белсенді ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері қатысып, жуалылық жампоз жазушы, қаламгер, қайраткер туралы естеліктерімен бөлісті. 
Жиында осы мерейтойдың өтуіне бастамашы болып, тұлға туралы деректі фильм түсірген жазушы, журналист Доқтырхан Тұрлыбекке жерлестері ерекше құрмет көрсетіп, зерделі шапан жапты. 
Тағылымы мол болған мерекелік шараларда Жуалы ауданы әкімінің міндетін атқарушы Айдос Асабаев, жазушы-дратамург, халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты Елен Әлімжан облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Жаңабай Миллионов және басқалар сөйлеп, қайраткер қаламгердің шығармашылық жетістіктері мен қайраткерлік қырларына тоқталды. Жуалылық өнерпаздар өздерінің өнерімен мерейтойлық іс-шаралардың көрігін қыздырды. 

"ҒҰМЫР-ДАРИЯ" – Ақпарат  
Обсудить
Блок в статье:
Тектіліктің тамыры 09 апрель 2026, Четверг
Күн туды ескі жұртқа жаңаратын 09 апрель 2026, Четверг

Похожие материалы:

Батыр Бауыржан
06 май 2025, Вторник
Батыр Бауыржан
Ұлы даланың ұлылары
29 апрель 2020, Среда
Ұлы даланың ұлылары
Інжудің маржан сөздері-ай!
08 апрель 2026, Среда
Інжудің маржан сөздері-ай!
Шығармашылықпен өрілген өмір
30 сентябрь 2025, Вторник
Шығармашылықпен өрілген өмір
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры