Шығармашылықпен өрілген өмір

Елен Әлімжан 1945 жылдың 18 маусымында Талас ауданындағы Көмекші ауылында (кейін Аққұмға қосылған) дүниеге келген. Жазушы-драматург, облыс журналистикасының көрнекті ұйымдастырушысы, публицист.
«Аққұм» жеті жылдық, Бостандық ауылындағы «Алғабас» орта мектебін бітірген, (1961ж.), Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті филология факультетін бітірген. Қазақ телестудиясының коментаторы (1968-1970ж), Жамбыл облыстық «Еңбек туы» газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі (1970-1976, 1999-2004 ж.ж), бас редакторының орынбасары (2004-2008 ж.ж), Қазақстан Компартиясы Жамбыл облыстық комитетінің нұсқаушысы (1976-1980ж.ж.), «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі (1980-1991ж.), облыстық телерадио компаниясының төрағасы (1991-1996ж.), «Түркістан» газетінде бөлім меңгерушісі, «Қазақ энциклопедиясы» баспасында жетекші маман (1997-1998ж.), «Алтын шырақ» журналының жауапты шығарушысы (2006-2008 ж.), облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы ақпараттық талдау орталығының бөлім меңгерушісі (2008-2015ж.) қызметтерін 2004-2008 жылдары «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығында қосымша қызмет атқарды.
Елен Әлімжан облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып келеді. Ақын-жыршылар одағы облыстық бөлімшесінің жетекшісі ретінде 1980-1990 жылдары облыста көптеген жас айтыс ақындарының қаулап өсіп шығуына қамқорлық жасады.
«Жамбыл-Тараз» телеарнасы арқылы екі жыл бойы (2013-2015ж.) қазақ халқының тарихын әңгімелеп берді.
Тұңғыш «Ән сыры» атты әңгімесі 1964 жылы Қазақстан жас жазушыларының «Таңғы шық» атты жинағында жарық көрген. 1978 жылы «Оралу», 2000 жылы «Көріпкел», 2016 жылы «Ақ періште – арманым», әңгімелер мен хикаяттар, 2006 жылы «Тақталас», 2005 жылы «Толық адам туралы», 2010 жылы «Бауыржанның пырағы», 2013 жылы «Адамгершіліктің ақ жолы» 2023 жылы «Абайтаудың аржағы мен бержағы», атты пьесалар мен публицистикалар жинағы, 2019 жылы «Анажар», 2022 жылы «Алтын жүлге жыры» романдары оқырмандар қолына тиді. Елен Әлімжанның пьессалары М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында және бірсыпыра облыстық театрларда, халық театрларында қойылып келеді. «Тақталас», «Бір қазаққа бір қатын?!...» комедиялары орыс тіліне аударылып, Жамбыл облыстық орыс драма театрында, «Жанұран» комедиясы қырғыз тіліне аударылып, Қырғыз телерадиокорпорациясының «Учур» театрында қойылды. «Айт күні» атты әңгімесі Анкарада жарық көрген түрік халықтары әдебиеті антологиясының қазақ әдебиеті томына енген. Жазушының «Бауыржан Момышұлы» атты драмасы батырдың 100 жылдығына арналған республикалық драмалық шығармалар конкурсында бірінші орын алса, «Әйелдер бір істі бастады...» атты комедиясы Мәдениет министрлігі жариялаған «Тәуелсіздік толғауы» конкурсының комедия номинациясы бойынша екінші жүлдегері болып танылды. «Ақ періште- арманым!» атты драмасы Мәдениет министрлігінің грантына ие болған.
Кеңес Одағының үш медалімен және Мәдениет министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен марапатталған. «Құрмет» орденінің иегері, Жамбыл облысының Құрметті азаматы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.
Бүгін жазушы-драматург, көсемсөзші, облыстық ардагерлер кеңесінің төралқа мүшесі Елен Әлімжанның 80 жылдық мерейтойын облыс жұртшылығы кеңінен атап өтуде. Айтулы азамат өміріндегі мерейтойлық күнге орай, облыстық «Ғұмыр-Дария» газетіне қазақтың қабырғалы қаламгері, әдебиеттанушы ғалымы, Мемлекеттік сыйлықтың иегі Мекемтас Мырзахметұлының кезінде Елен Әлімжан туралы тебірене жазған пікірін беруді жөн көрдік. Ұлы ойшыл, кемеңгер ғалым бұл шағын жазбасында Елен Әлімжанның шығармашылық зор әлеуетін толық ашқан екен.
Мерей жас құтты болсын, Ел-аға! Жасай беріңіз!
«Ғұмыр-Дария»
Обсудить
Блок в статье:
Қарттарымыз құрметтен кенде болмайды
14 октябрь 2025, Вторник
Есепте есе жібермеген
14 октябрь 2025, Вторник
"Таза Қазақстан" акциясына ардагерлер де атсалысты
14 октябрь 2025, Вторник
Похожие материалы:
Комментарии (0)







