Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Інжудің маржан сөздері-ай!

Інжудің маржан сөздері-ай!

08 апрель 2026, Среда
533
2
Облыс  әкімі Ербол Шырықпайұлы Қарашөкеев Тараз қаласындағы №3 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы, жас айтыскер ақын Інжу Жаңабаймен кездесті.
Басқосуға өнерлі өреннің «Жасанды интеллект дәуіріндегі жасампаз жастар» атты оқушылар арасындағы республикалық айтыста бас жүлде – «Қола домбыраны» иеленуі, сондай-ақ «Ақберен» шығармашылық байқауында жеңімпаз атануы арқау болды. Негізінде Інжу Жаңабайдың айтыс өнеріндегі бұл алғашқы жеңісі емес. Бұған дейін де ол талай байрақты бәсекелерде өнердің биік тұғырынан көрініп, әлденеше рет елге жүлделермен оралып жүрген болатын. 

– Бұл жетістік – сіздің табиғи талантыңыздың, қажырлы еңбегіңіздің, жан-жақты ізденісіңіздің және өнерге деген сүйіспеншілігіңіздің айқын көрінісі. Қазақтың киелі айтыс өнерін жаңғыртып, ұлт руханиятының дамуына өз үніңізді қосып келе жатқаныңыз – ел мерейін асырар зор мақтаныш. Өнер мен білімді қатар ұштастырып, сөз өнерінің биік талаптарын меңгеріп келе жатқаныңыз – алдағы үлкен белестердің бастауы деп сенемін, – деді өңір басшысы.
Ербол Қарашөкеев Інжу-дің бойындағы дарынды танып, оны шыңдауға бағыт бағдар берген ата-анасы мен ұстаздарына шынайы ризашылығын жеткізді. Сонымен бірге жас түлекке шығармашылық шабыт, биік белестер мен жаңа жеңістер тіледі.
Өз кезегінде Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Інжудің әкесі әрі ұстазы Есет Досалы көрсетілген қолдау мен құрмет үшін облыс әкіміне алғысын білдірді.
Айта кетейік, Есет Досалы қаламы қарымды журналистігімен қатар, айтыс өнерінің бел ортасында жүрген талантты ақын. Өзінің қызы Інжуді бала жасынан қолынан жетектеп жүріп, айтыс өнеріне бағбандай баулыған үлкен жүректі шығармашыл тұлға. Оның талай айтулы бәсекелерде олжа салып жүрген шәкірттері аз емес. Бүгінгі таңда соның біреуі және бірегейі – Інжу Жаңабай десек, қателесе қоймаспыз. 
Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, облыстық айтыскер ақын, жыршы-термешілер орталығының директоры Ахметжан Өзбеков қатысты.

"Ғұмыр-дария" – ақпарат
Обсудить
Блок в статье:
Тектіліктің тамыры 09 апрель 2026, Четверг
Күн туды ескі жұртқа жаңаратын 09 апрель 2026, Четверг

Похожие материалы:

Ұлт кемеңгеріне құрмет кемімейді
11 август 2025, Понедельник
Ұлт кемеңгеріне құрмет кемімейді
ЕЛУ ЖЫЛ ЕЛ АҒАСЫ
30 январь 2024, Вторник
ЕЛУ ЖЫЛ ЕЛ АҒАСЫ
Анаға тағзым
26 октябрь 2021, Вторник
Анаға тағзым
Айтыстағы мақамы бөлек Айдаров
30 сентябрь 2025, Вторник
Айтыстағы мақамы бөлек Айдаров
Добавить комментарий
Комментарии (2)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Scarlett
Scarlett Гости 8 апреля 2026 18:52
Wow, quel site incroyable Betify Casino ! Merci ! avis Betify Casino
Mora
Mora Гости 8 апреля 2026 19:59
J’aime le site — intuitif et avec beaucoup de contenu intéressant. https://manulan.ru/bitrix/redirect.php?goto=https://mudmaster.ru/bitrix/redirec
t.php?goto=https://u.to/FltgIg
Сотрудники
Партнеры