Ұлт кемеңгеріне құрмет кемімейді

10 тамыз – ұлы ойшыл, кемеңгер ақын, философ Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай Тараз қаласындағы Абай даңғылы бойындағы хәкімнің еңселі ескеркішіне әулиеаталық әлеумет үлкен құрметпен, зор сүйіспеншілікпен гүл шоқтарын қойды.
Облыс әкімі Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев, облыстық ардагерлер кеңесі мен облыстық қоғамдық кеңестің төрағалары Еркінбек Солтыбаев, Дүйсенәлі Бықыбаев, Тараз қаласы әкімінің орынбасары Гүлдана Жауынбекова, Тараз қалалық мәслихатының төрағасы Кенжебек Олжабаев, Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Күләш Әбдікешова бастаған ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, жастар адамзаттың Абайы атанған ұлы адамның рухынаа тағзым жасады.
Ұлы ақынның 180 жылдық мерейтойы облыс аумағында кеңінен аталып өтуде. Мәдениет ошақтарында, кітапханаларда жүздеген шаралар ұйымдастырылып, зиялы қауым өкілдері, жастар көшелерде, саябақтарда, аулаларда, көпшілік қауым жиналған жерлерде Абай өлеңдерін жатқа оқып, хәкім өлеңдерінің сөздеріне жазылған әндерді шырқады. Бұл күндері Жамбыл облысының бір топ ақын-жазушылары, зиялы қауым өкілдері Абай Құнанбайұлының туған топырағы – Семей қаласында және Жидебайдағы мемориалдық кешенде болып, ұлан-асыр тойдың ортасынан табылды.
Абайға, оның шығармашылық өлмес мұрасына деген құрмет бәсеңдемейді. Абайдың есімі мен шығармашылығы қазақпен бірге жасай береді.
Обсудить
Блок в статье:
Жасампаздық жаршылары
01 июль 2026, Среда
СЕЙТҚАЗЫ ҚАЖЫ – ЖЕҢІМПА3!
30 июнь 2026, Вторник
Тәрбие жұмысына бәріміз жауаптымыз
30 июнь 2026, Вторник
Похожие материалы:
Комментарии (0)








