Сарыжайлауда сары қымыз сапырған...
Қазақтың ежелден айрықша атап өтетін мерекелерінің бірі - қымызмұрындық. Бұл халқымыздың жаз жайлауға шыққанда бие байлап, алғаш қымыздан дәм татуға арналған дәстүрлі мейрамы. Бұл — бірлікті, молшылықты және табиғатқа деген құрметті паш ететін, ауыл адамдарының басын қосатын үлкен қуаныш.
Осынау ата-бабалар салтын жас ұрпаққа жеткізу мақсатында Балуан Шолақ атындағы ауылда «Қымызмұрындық -2026» шарасы ұйымдастырылды. Аталған шараның басы-қасында Төраға Ержан Өмірәлиев бастаған аудандық ардагерлер кеңесінің белсенді мүшелері жүрді. Игі бастамаға Шоқпар, Далақайнар, Балуан Шолақ ауылдарының әкімдері жанашырлық танытты және белсенді ардагерлерге қолдау көрсетті.
Ауыл шетіне тігілген ақшаңқан үйлер мен алтыбақан, бие бау мен ұлттық қолөнер бұйымдарының көрмесі өткен күндердің өрнегін көз алдымызға келтірді. Көнеден келе жатқан мерекеге қатысу үшін әр ауылдан ақ сақалды аталар мен ақ кимешек киген әжелер жиналды. Арнайы сахна құрылып, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары жиналғандарға өз өнерлерін паш етті.
Аталмыш шараның ашылу салтанатында Шу ауданының Құрметті азаматы Қазақбай Байжұманұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ержан Көрікбайұлы Өмірәлиев пен Балуан Шолақ ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағынтай Уәлиев сөз алып, ата дәстүрдің маңызына тоқталды.
– Бұл шараны дайындауға жастар да белсене қатысты. Өйткені бұл мейрамның мәнін жас буын жақсы біліп, әрі қарай сабақтастыру керек. Қымызмұрындық – бұрыннан келе жатқан дәстүріміз. Себебі халқымыздың барлық өмірі малмен байланысты. Бұрындары бие құлындаған соң сүтін сауып, ашытқан. Бірнеше күн жинап қарияларға, көршілерге қымыз ұсынған.
Бұл шара ауданымызда бұрын да болған. Біраз үзілістен кейін үш ауылдың бірігуімен қайта өткізіп отырмыз. Баршаңызға қош келдіңіздер дейміз, – деді Ержан Өмірәлиев.
Сонымен қатар аудан әкімінің орынбасары Н.Сұлтанбаев сөз алып, ізгі тілегін білдірді. Аудан басшысының ыстық сәлемі мен құттықтауын жеткізді. Ұйымдастырушыларға алғысын айтты.
Бұдан кейін күбіден алғашқы қымыз құйылып, тойға келген қауымға тарту етілді. Оны ауыл әжелері мен келіндері сән-салтанатпен ұсынды. Сондай-ақ дәстүрлі әнші Жалғас Нұрғожа Балуан Шолақтың «Ғалиясын» нақышына келтіріп орындап берді. Ардагерлер кеңесінің мүшесі Арғынбек Көшкінбеков «Атамекен» әнін шырқады. Сазды бағдарлама барысында әр ауылдан келген өнерпаздар қонақкәде жасады.
Сондай-ақ мәдениет қайраткері Базарбай Асқартегі мен ақсулық Бақытбек Жұмабеков айтысып, көпшілікті бір серпілтіп тастады.
Қымызмұрындықта 70 жылдық тарихы бар шиден өрілген сөреге құрт жайылғанына куә болдық. Ауылдың кейуанасы Тұрсынкүл Кеншимоваға тиесілі көне мұра тұтас ауылдың мақтанышына айналған десек артық емес. Әжейдің айтуынша, бұл сөрені келін боп түскенде енесі сыйға тартқан екен. Ал құрт жаюдың да өзіндік әдісі бар. Гүлмира Шынболатова сол сөреге жаңадан сығылған құртты жайып, жеңсік асты кептірудің өзіндік әдісін көрсетті.
Той болған соң білектілер бәсекесі тартысты өтті. Атап айтқанда арқан тартыс, қол күресі, ләңгі тебу сынды сайыстар мерекенің шырайын кіргізді. Топ жарған жігіттерге аудандық "Жастар ресурстық орталығы" тағайындаған бағалы сыйлықтар табысталды.
Қымызмұрындық думаны арнайы жайылған ақ дастарханмен түйінделіп, ақсақалдардың ақ баталарымен аяқталды.
Байжан Емберді,
журналист
Шу ауданы

Обсудить
Блок в статье:
Жасампаздық жаршылары
01 июль 2026, Среда
СЕЙТҚАЗЫ ҚАЖЫ – ЖЕҢІМПА3!
30 июнь 2026, Вторник
Тәрбие жұмысына бәріміз жауаптымыз
30 июнь 2026, Вторник
Похожие материалы:
Комментарии (0)