Қаратаудың қызғалдақтары
Облысымызда екінші мәрте ұйымдастырылған «Қызғалдақ мұра» халықаралық фестивалі жоғары деңгейде өтті.
Фестиваль аясында тау бөктерінде тігілген киіз үйлер мен алтыбақандар ұлттық нақышты айшықтап, қолөнершілер көрмесі шараның көркін аша түсті.
Талас ауданының Есейхан ауылында өткен ауқымды шараға 6 мыңға жуық адам жиналды. Олардың қатарында облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев, Парламент Мәжілісінің депутаттары, сондай-ақ шетелдік туристер, халықаралық сарапшылар, биологтар мен табиғат жанашырлары болды. Халықаралық «Қызғалдақ мұра» фестиваліне облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев бастаған бір топ аймақ ақсақалдарының да қатысқанын атап айтуға тиістіміз. Сондай-ақ, көршілес жатқан Сарысу ауданының әкімі Сәкен Мамытов өзімен бірге осынау айтулы шараға ауданның бір топ қадірменді қарияларын ала келіпті.
Халықаралық «Қызғалдақ мұра» фестивалін салтанатты жағдайда ашқан облыс әкімі Ербол Қарашөкеев өз сөзінде бұл бастаманың табиғатқа жанашырлықты, ұлттық құндылықтарға деген құрметті және халықаралық ынтымақтастықты айқын көрсеткенін атап өтті.
– Күн шуағына бөленген қызғалдақ алқабы – тек табиғаттың көркі ғана емес, ол – дала өркениетінің үнсіз шежіресі, ұлттық рухтың тірі айғағы. Осындай игі істер арқылы біз табиғат пен дәстүрді ұштастырып, келер ұрпаққа аманат болар құндылықтарды дәріптеп келеміз. Бұл фестиваль Жамбыл өңірінің туристік әлеуетін әлемге танытуға зор мүмкіндік береді, – деді Ербол Қарашөкеев.
Жамбыл өңірі қызғалдақ түрлерінің сан алуандығы бойынша республикада көш бастап тұр. Мұнда қызғалдақтың 18 түрі өседі, оның 10-ы Қазақстанның Қызыл кітабына енген.
Биылғы фестивальдің басты жаңалығы – Нидерланд Корольдігі тарапынан Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ тұқымын тарту етуі болды. Құнды сыйлықты Holland Bulb Market компаниясының менеджері, Нидерланд елінің өкілі Марсели Пьехна облыс әкімі Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеевке салтанатты түрде табыстады.
Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев табиғи әрі тарихи мұраны сақтау – ұрпақ алдындағы маңызды міндет екенін жеткізді.
Фестиваль аясында тау бөктерінде кілемдей құлпырған алқызыл қызғалдақ өскен алқапты қызықтаған қонақтар табиғаттың осыншама сұлулығына таңданыстарын жасыра алмады. Ұлттық спорттың сегіз түрінен өткен жарыстар көрермендерге ерекше әсер сыйлап, жеңімпаздарға қаржылай сертификаттар табысталды.
"Қымызмұрындық" дәстүрі де жаңғыртылып, мерекенің мазмұнын байыта түсті. Ұлтымыздың бірегей құндылығы – «Қымызмұрындық» мерекесін облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев ашып, жиналғандарға ақ батасын берді.
Белгілі әншілер Серік Ибрагимов, Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиева, сондай-ақ өңір өнерпаздары әсем әндерін тарту етті.
«Қызғалдақ мұра» фестивалі «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясымен үндесе түсті. Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық Тараз университеті мен «Ауыл» партиясының 200-ден астам еріктісі фестиваль аумағын қоқыстан тазартты.
Жалпы осы жолы шараға қатысушылардың табиғат аясында құлпырып тұрған қызғалдақтарға жауапкершілікпен қарауы, қоқыс қалдырмай, жүрген жерлерінде тазалық сақтауы сүйсінтті. Жалпы халықаралық фестивальдің мақсаты да осы болатын.
"Ғұмыр-Дария" – Ақпарат

Обсудить
Блок в статье:
Жасампаздық жаршылары
01 июль 2026, Среда
СЕЙТҚАЗЫ ҚАЖЫ – ЖЕҢІМПА3!
30 июнь 2026, Вторник
Тәрбие жұмысына бәріміз жауаптымыз
30 июнь 2026, Вторник
Похожие материалы:
Комментарии (0)