Шетелдік сарапшылар қызғалдақты Жамбыл облысының бренді деп атады: өңірде ғылыми конференция өтті

Кассель университетінің (Германия) профессоры Эрих Хельмут Фрайтаг конференцияның нәтижелі халықаралық диалог пен озық тәжірибе алмасу алаңына айналғанын атап өтті.
В.Н. Каразин атындағы Харьков мемлекеттік университеті (Украина) ботаникалық бақ директорының орынбасары Александр Алехин оқу ордасының базасында Жамбыл облысының қызғалдақтарын зерттеу нәтижелерімен бөлісті.
Ж. Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі, география ғылымдарының кандидаты Алмагүл Кендірбаева жабайы қызғалдақтарды қорғау бойынша тәжірибелік ұсыныстарын ортаға салды. Ол табиғи популяциялардың осалдығына және оларды қорғауға халықаралық көзқарастың қажеттілігіне назар аударды.
– Жамбыл облысын қызғалдақтардың отаны деуге толық негіз бар. Сарапшылар мен табиғат жанашырлары үшін 21 ғасырда Жамбыл облысында қызғалдақ гүлін тамашалау сирек кездесетін және құнды мүмкіндік. Қызғалдақ гүлін қорғаудағы бастамаларыңызға сәттілік тілеймін! – деді ол.
Сондай-ақ ЮНЕСКО-ның жаһандық геопарк жөніндегі Қазақстан ұлттық комитетінің төрағасы Саида Нығматова, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты Татьяна Пирогова, «Жабағылы-Манас» Тау клубы ҚБ төрағасы Елена Ефимова, «Жабағылы-Манас» Тау клубы ҚБ жобаларының үйлестірушісі Рауф Сәбитов сөз сөйледі.
Конференция қорытындысы бойынша қарар қабылданды.
Жамбыл облысының әкімдігі
Обсудить
Блок в статье:
Талас даласындағы табиғат пен мәдениеттің тоғысы
04 май 2025, Воскресенье
Қызғалдақ мұра: Жамбыл облысы Талас ауданында геопарк пайда болады
04 май 2025, Воскресенье
Похожие материалы:
Комментарии (4)