Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Қаратаудың қызғалдақтары

Қаратаудың қызғалдақтары

12 май 2026, Вторник
3
0
Облысымызда екінші мәрте ұйымдастырылған «Қызғалдақ мұра» халықаралық фестивалі жоғары деңгейде өтті.
Фестиваль аясында тау бөктерінде тігілген киіз үйлер мен алтыбақандар ұлттық нақышты айшықтап, қолөнершілер көрмесі шараның көркін аша түсті.
Талас ауданының Есейхан ауылында өткен ауқымды шараға 6 мыңға жуық адам жиналды. Олардың қатарында облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев, Парламент Мәжілісінің депутаттары, сондай-ақ шетелдік туристер, халықаралық сарапшылар, биологтар мен табиғат жанашырлары болды. Халықаралық «Қызғалдақ мұра» фестиваліне облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев бастаған бір топ аймақ ақсақалдарының да қатысқанын атап айтуға тиістіміз. Сондай-ақ, көршілес жатқан Сарысу ауданының әкімі Сәкен Мамытов өзімен бірге осынау айтулы шараға ауданның бір топ қадірменді қарияларын  ала келіпті.  
Халықаралық «Қызғалдақ мұра» фестивалін салтанатты жағдайда ашқан облыс әкімі Ербол Қарашөкеев өз сөзінде бұл бастаманың табиғатқа жанашырлықты, ұлттық құндылықтарға деген құрметті және халықаралық ынтымақтастықты айқын көрсеткенін атап өтті.
(Жалғасы 8-бетте)
Обсудить
Блок в статье:
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры