Тәрбие жұмысына бәріміз жауаптымыз
Аудандық билер кеңесінің белсенді мүшелері өздерінің сөздерінде кейбір қариялардың өзінің жасына сай емес әрекеттер жасайтынына қынжылыс білдірді. Бұл жолғы жиында Пана Рахманбердіұлы Ойық ауылындағы ақсақалдардың іс-тәжірибесін ортаға салды. Әр қарияның өнегелі, өрелі болуы өздеріне байланысты екендігін баса айтты.
Оның бұл пікірімен Шәкіров ауылдық билер кеңесінің төрағасы Әбілсейіт Бейсенұлы келісіп, ауыл қарияларының салауатты өмір салтын қалыптастырудағы атқаруға тиісті жұмыстарына тоқталды.
– Әрбір ақсақал,– деді Қараой ауылдық билер кеңесінің төрағасы Қуатбек Жолмахамбетұлы, – қазақтың салт-дәстүрін жете білуі керек. Адал, әділ шешім қабыл-дауы тиіс. Қариялардың жиын-тойларда, отырыстарда өрлі-өнегелі сөздер айтуына мән беру керектігін ескертті. Әр қария өз сөзін сараптап сөйлегенде ойларын шашыратпай, қысқа-нұсқа сөйлегендері жөн. Жастардың алдында өздерін әдепті, тәрбиелі ұстаулары керек, – деп сөзін түйіндеді.
Аудандық билер кеңесінің мүшесі Медет Құдайбергенұлы:
– Мен жастардың әдепсіз қылықтарын көрсем беттеріне айтуды жөн көремін. Жасыратыны жоқ, қазір жастарымыз қалай болса солай жауапсыз сөйлейтін болып барады, әсіресе қыз балалар әдепсіздікке көбірек бой алдыруда. Содан кейін ер адамдар мектептерге, жиналыстарға сирек барады. Бұл мүлдем дұрыс емес. Мектеп пен ата-ананың байланысы мығым болған жағдайда ғана тәрбие жұмысы оң нәтижесін береді. "Ауруын жасырғанды өлім әшкере етеді",– дейді халқымыз. Сонымен айтпағымыз, сорақы қылықтарды көзіміз көріп тұрып оларға тосқауыл қоя алмасақ онда тәрбиесіз ұлттың күйін кешеміз, – деді.
Осындай ойды билер кеңесінің мүшесі Қонақбай Қалжанов та айтты:
– Ер балаларды отансүйгіштікке, қыз балаларды ізгілікке тәрбиелеу әрбір ата-ананың басты парызы болуы тиіс,– деді ол.
Ақсақалдар ауыл әкімдерімен, мектеп басшыларымен , құқық қорғау органдарының өкілдерімен бірлесе жұмыс істеп, тәрбие жұмысын бір сәт естен шығармаса ғана ұлтымыз саналы ұрпақ тәрбиелей алады.
Сәулембай Әбсадықұлы,
Талас аудандық билер кеңесінің төрағасы

Обсудить
Блок в статье:
Жасампаздық жаршылары
01 июль 2026, Среда
СЕЙТҚАЗЫ ҚАЖЫ – ЖЕҢІМПА3!
30 июнь 2026, Вторник
Тәрбие жұмысына бәріміз жауаптымыз
30 июнь 2026, Вторник
Похожие материалы:
Комментарии (0)