Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » ЖАҚСЫ ТӘЖІРИБЕ – КӨПКЕ ҮЛГІ

ЖАҚСЫ ТӘЖІРИБЕ – КӨПКЕ ҮЛГІ

14 июль 2022, Четверг
138
0

Елді мекендердегі билер кеңес-терінің жұмыстары жылдан-жылға жан-данып келеді. Олар халық арасында бірлік пен ынтымақты нығайтуда, жастарға халықтық тәрбие беруде белсенділік көрсетуде. Ауыл ақсақалдары, билері сонымен бірге ауылдарды абаттандыруға, көріктендіруге мұрындық болып жүр. Және де ел арасындағы дау-дамайды сотқа жеткізбей шешуді де абыроймен атқарып келеді. Бостандық ауылындағы билер кеңесінің (төрағасы Жаңабай Есімов) жұмысы бүгіндері қалыптаса бастады. Ауыл әкімінің көмегімен ардагерлер және билер кеңестеріне арнайы бөлме беріліп, ол талапқа сай жабдықталды. Сонымен бірге ,ауылдағы мәдениет үйінде ардагерлерге арнайы бұрыш беріліп, олардың бір мезгіл спорттық ойындармен айналысуына мүмкіндік жасалынған. 
Жақында ауылдағы билер кеңесінің іс-тәжірибесін насихаттау мақсатында аумақтық жиын өткізілді. Оған Аққұм, Бостандық, Талапты және Тамды ауылдарының билері қатысты. Жиынға шақырылғандар ең алдымен ауылдағы билер кеңесінің кеңсесінде болып, олардың көрнекіліктерін көріп, ризашылықтарын білдірді. Содан кейін ауылдық билер кеңесінің төрағасы Ж.Есімов өздеріндегі атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталды. Соңғы бір жылдың ішінде ауылдағы ардагерлер ұйымының төрағасы Н.Шәріпбаев пен билер кеңесі бірлесіп ауылдың сан-салалы тіршілігіне белсене араласуда. Соның нәтижесінде биылғы жылы халықпен бірлесіп көшелерді, арықтарды тазалау жұмыстары жүргізілген. Өткен жылы ауылға Талас өзенінен су алу үшін 1.5 щақырымдық арық қазылып, оларға жолай тоспалар, реттегіштер қойылып, биылғы жылы 4 көшеге су берілді. Ақырында ауылдағы әрбір тұрғын есігінің алдындағы азын-аулақ жерлеріне егілген көпжылдық шөпті суарып, кейбіреулері қазірдің өзінде жоңышқасын екі мәрте орып алып отыр. Сенбіліктердің есебінен көшелердегі арықтар күл-қоқыстан арылып, біраз тұрғындар аулаларына жеміс-жидек көшеттерін отырғыза бастады. Ауыл ақсақалдары көшелерді асфальттау жұмысына қоғамдық бақылау ұйымдастырды. «Халық көзі-қырағы» демекші, бақылаудың арқасында Бостандық ауылындағы 3 және Талапты елді мекеніндегі 2 көшенің асфальтталуы сапалы атқарылыпты. Тағы бір үйренетін тәжірибе – ауылда «Игілік» қоғамдық қоры құрылған. Қорға қалталы кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының иелері және жастар қаржылай ақша құйып келеді. Жаңабек Есімов ендігі түскен қаржыға  Бостандық, Талапты ауылдарының ортасындағы жолдың бойына ағаштар егуді қолға алуды ұйғарып отырғандарын жеткізді. Төрағаның айтуына қарағанда халықтың бірлігінің арқасында ауылда қоғамдық тәртіп күшейтілген, ұрлық-қарлық жоқтың қасы. Ауыл ақсақалдары болып отбасының сақталуын назарларынан тыс қалдырмайды екен. 
Аққұм ауылдық билер кеңесінің төрағасы П.Бейсенұлы және Тамды ауылдық билер кеңесінің төрағасы Қ.Құралбаев өздеріндегі атқарылып жатқан жұмыстар жайында тәжірибелерімен бөлісті. П.Бейсенұлы ауыл әкіміне ризашылығын білдірді. Ақылдасып, келісіп атқарған істе береке болады. Бостандық, Аққұм, Шәкіров ауылдарындағы билер кеңестерінің төрағалары бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс жасауға бәтуаласты. Ондай жағдайда бүгіндері бас ауруына айнала бастаған жайылымдық, шабындық мәселелерін ушықтырмай шешуге болар еді. Ал, Қ.Құралбаев өз ауылында дау-дамайды сотқа жеткізбей шешудегі тәжірибесімен бөлісті. 
Бостандық ауылындағы билер кеңесінің мүшесі, Талас ауданының Құрметті азаматы Б.Айтбеков: 
– Аймақ қарттары ынтымақты болса, шешілмейтін мәселе жоқ, – деп қадап айтты,–жайылымдық  мәселесі бізде өткір күйде. Сондықтан бәріміз бірігіп жайылымдық мәселесін шешу үшін бұрынғы кездегі тәжірибені қайта қарастырғанымыз жөн болар еді. Қазір халықтың тұрмысы жақсарып келеді. Мал басы жылдан-жылға көбеюде. Мүмкіндік болса, жайылымдықты бірлесе пайдаланған жөн, малды ауылдың төңірегінде шиырлатып жая бермей, бос жатқан жайылымдықтарға апарып жаюды ұйымдастыру керек.  
Ардагерлер мен билер кеңестерінің жұмысы өте-мөте қажет екендігін бір ауыздан мақұлдады. Жиында облыстық ардагерлер кеңесінің жаңындағы билер кеңесінің төрағасы О.Қ.Есіркепов сөйлеп, мемлекеттің саясатын жүргізуде ел сыйлайтын ақсақалдардың, әділ билердің қызметі өте маңызды екендігін айта келіп, халықтың ынтымағын, әсіресе, ата-баба салт-дәстүрін жаңғыртуға ерекше мән беру керектігіне тоқталды. Ол үшін билер таза, кісілікті, парасатты бола білуі тиіс. Сонда ғана көпшіліктің сеніміне ие болады. 
Басқосуда Талас аудандық билер кеңесінің төрағасы С.Әбсадықұлы сөйлеп, билердің ауылдың қоғамдастықтағы рөліне тоқталды. Алыпқашпа әңгімелерден бойды аулақ салып, жастарды еңбекқорлыққа тәрбиелеудің маңыздылығына тоқталды. Дәл осы бағытта ауыл ардагерлерінің өздері бас болып, жастарды еңбекке, туған жерді сүюге, қайырымдылыққа тәрбиелеудегі өнегелері үйренуге тұрарлық екендігін атап көрсетті. Ақы сұрамай, елдің ауызбірлігі үшін еңбек етіп жүрген ардагерлерге ризашылығын білдірді. 
Алдағы уақытта да осындай алқалы жиындарды әр аумақта өткізу жағы келісілді. 

Айдана Бағалы.
Талас ауданы. 
Обсудить

Похожие материалы:

Бәрекелді!
30 май 2022, Понедельник
Бәрекелді!
Облыс ардагерлер ұйымдарында
29 апрель 2022, Пятница
Облыс ардагерлер ұйымдарында
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры