Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11

Бәрекелді!

30 май 2022, Понедельник
121
0
Осы күні кейбіреулерден, "иман кетіп бара жатыр. Баяғыдай емес адамдардың бір-біріне деген мейірімі азайып бара жатыр" деген сөзді естіп қалып жатымыз. Бәлкім ол әңгімелердің де жаны бар шығар. Бірақ біздің Бостандық ауылында елдің бірлігі күшті. Соның арқасында соңғы жылдары тұрмысы төмен отбасыларына асарлатып үй салу дәстүрі қайта жаңғырды. Демеушілік жасайтындардың қатары көбейіп келеді. Бір сөзбен айтқанда ақсақалдарымыз болып, жастарымыз болып жесірімізді, жетімімізді жылатпасақ дейміз. Адамшылықтың ең үлкен қасиеті де сол емес пе? 
2021 жылдың ақпан айында жолдасы қайтыс болғаннан кейін 5 баласымен жағдайы төмендеген Үкібаева Қапизаның отбасы Тараз қаласынан өзінің туып-өскен ауылына көшіп келді. Адам отырмағаннан кейін бұрынғы тұрған үйі аңғал-саңғал, жылу жүйесі жоқ, газ кірмеген, әбден тозығы жеткен еді. 
Ауылға көшіп келген жағдайы төмен отбасыға Бостандық ауылдық  ардагерлер кеңесінің    төрағасы Нұрғазы Шәріпбаев,  билер кеңесінің төрағасы Жаңабай Есімов, белсенді ардагерлер Бодаубек Айтбеков, Серік Керімбеков, Рәт Айғараев, Қалдарбек Төребеков, Әділхан Тойшыманов және «Төртбай ата» мешітінің имамы Зулфуһар Түзелбаев бас болып бастама көтерді. Газ кіргізу жұмысына кірістік, оған атсалысқан демеушілер Дәулет Айтбаев, Кенжебек Омарқұлов, Амангелді Адамбек, Мейрамбек Адамбек, Қалан Әмірбеков және «Бостандық – Игілік» қоры.
Жылу жүйесін жүргізуге – ауыл ағайындары Төлеген, Саят Әбдіровтар, Жаңабай Есімов, Қалдарбек Төребеков, Асан Мырзағалиев, Мұрат Сембеков, Нұрлан Болмашов, Қалыбек Өтепбергенов,  Марат Әбуов, Мұрат Айғараев, т.б. көмекке келді.
Есік-терезесі жаңаланды. Сыртқы есігі орнатылды. Бұл жұмыстарға көмектескен Саят Әбдіров және өзінің ағайындары Өтепбергеновтер отбасы.
«Төртбай ата» мешітінің имамы Зулфуһар Түзелбаев, ауыл әкімі Мұратхан Рысдәулетов құрылысшыларды ұйым-дастырып үйдің іші-сыртын сылап, әктетіп бергізді. Сөйтіп, ел болып үлкен сауапты іс жасадық.
Ауылдық билер кеңесінің төрағасы Жаңабай Есімов иманды жұмысқа атсалысқан жұмысшыларға, демеу-шілерге алғыс айтып, Құдайы тамақ таратты.
Ауыл жұртшылығы бұл игілікті іске ризашылықтарын білдірді. «Ағайын бір өлі, бір тіріде» деген осы ғой. Бостандық ауылының халқы алдағы уақытта да иманды істерді жалғастыра берері хақ.  
Серік КЕРІМБЕКОВ, 
Бостандық ауылдық
билер кеңесінің мүшесі.
Талас ауданы.

Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

Асарлатқан ауылдар
29 июль 2020, Среда
Асарлатқан ауылдар
Қазақ бол!
19 март 2020, Четверг
Қазақ бол!
Ашық әңгіме
29 июль 2020, Среда
Ашық әңгіме
Бейбітшілік пен келісім
20 март 2020, Пятница
Бейбітшілік пен келісім
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры